I CHRONICLES
Chapter 3
I Ch | Kaz | 3:1 | Дәуіттің Хебронда дүниеге келген ұлдары: тұңғышы — Амнон, оның шешесі ізрелдік Ахиноғам еді. Екінші ұлы Даниял кәрмелдік Әбигелден туды. | |
I Ch | Kaz | 3:2 | Үшіншісі — Абессалом, оның шешесі Гешур патшасы Талмайдың қызы Маха болатын. Төртінші ұлы — Адонияхтың шешесі Аггит, | |
I Ch | Kaz | 3:3 | бесіншісі — Шафатияхтың шешесі Абитал, ал алтыншысы — Ітерамның шешесі Дәуіттің өзге әйелі Әгла болды. | |
I Ch | Kaz | 3:4 | Осы алты ұлы Дәуіттің Хебронда жеті жыл алты ай патшалық құрған кезінде туды.Бұдан кейін Дәуіт Иерусалимде отыз үш жыл патшалық құрды. | |
I Ch | Kaz | 3:5 | Сонда дүниеге келген ұлдарының есімдері мыналар: Шаммуа, Шобаб, Натан, Сүлеймен. Бұл төртеуін Елиям қызы Барсабия туды. | |
I Ch | Kaz | 3:9 | Дәуіттің ұлдары осылар, ал соларға қоса оның кәнизактарынан туған ұлдары да болды. Тамар Дәуіттің ұлдарына әпке-қарындас болатын. | |
I Ch | Kaz | 3:10 | Дәуіт ұлы Сүлейменнен өрбіген ұрпақтар: Сүлейменнен Рохабоғам, одан Абиях, одан Аса, одан Жосапат, | |
I Ch | Kaz | 3:15 | Жосияның ұлдары: тұңғышы Жоханан, екіншісі Жохақым, үшіншісі Седекиях, төртіншісі Шаллум. | |
I Ch | Kaz | 3:19 | Педаяхтың ұлдары: Зоробабел, Шимей. Зоробабелдің ұлдары: Мешулам, Хананиях, олардың әпке-қарындасы: Шеломит. | |
I Ch | Kaz | 3:20 | Зоробабелдің бұлардан басқа тағы бес ұлы: Хашуба, Оһел, Барақиях, Хасадиях, Жушап-Хесед болды. | |
I Ch | Kaz | 3:21 | Хананияхтан өрбіген ұрпақтар: Пелатиях пен Ишая әрі Рефаяхтың, Арнанның, Абадияхтың және Шеханияхтың ұлдары. | |
I Ch | Kaz | 3:22 | Шеханияхтың ұрпақтары: Шемаях және оның ұлдары Хатуш, Иғал, Бариях, Неариях, Шапат, барлығы алтау. | |