I CHRONICLES
Chapter 23
I Ch | Kaz | 23:1 | Дәуіт жасы ұлғайған шағында өзінің ұлы Сүлейменді Исраилдің үстінен патша болуға тағайындаған еді. | |
I Ch | Kaz | 23:2 | Сол кезде ол Исраилдің барлық басшыларын, діни қызметкерлері мен леуіліктерді жинап алды. | |
I Ch | Kaz | 23:3 | Жасы отыз және одан жоғары леуілік ер адамдардың санағы жүргізілді. Олардың жалпы саны отыз сегіз мың екен. | |
I Ch | Kaz | 23:4 | Дәуіт солардың жиырма төрт мыңын Жаратқан Иенің киелі үйіндегі жұмыстарды атқаруға, алты мыңын басқарушы және төреші ретінде қызмет көрсетуге, | |
I Ch | Kaz | 23:5 | төрт мыңын қақпа күзетшісі, қалған төрт мыңын өзі дайындап берген күй аспаптарының сүйемелдеуімен Жаратқан Иені мадақтау қызметіне белгілеп қойды. | |
I Ch | Kaz | 23:6 | Дәуіт леуіліктерді Герсон, Қахат және Мераридің ұрпақтары бойынша топ-топқа бөліп те қойды. | |
I Ch | Kaz | 23:11 | Яхат солардың біріншісі, ал Зизах екіншісі болды. Егус пен Берияхтың ұлдары көп болмағандықтан, олардың ұрпақтары нақты бір міндет атқаратын бір-ақ әулет болып есептелді. | |
I Ch | Kaz | 23:13 | Ымрамның Һарон мен Мұса есімді ұлдары болды. Һарон және одан тарайтын ұрпақтардың барлығы мына міндеттерді атқаруға тағайындалған болатын: киелі орынның бұйымдарын Құдайдың қызметіне ерекше бағыштау, Жаратқан Иеге арнап құрбандықтар шалып, өртеп ұсыну, киелі үйдің өзге де қызметтерін жүргізу және Жаратқан Иенің атымен халыққа бата беру. | |
I Ch | Kaz | 23:14 | Құдайдың пайғамбары Мұсаның ұлдары мен олардан тараған ұрпақтар Леуі руымен бірге саналатын. | |
I Ch | Kaz | 23:17 | Елиезердің ұрпақтары: оның тұңғышы Рехабияхтан басқа ұлдары болмады. Ал Рехабияхтың өз ұрпақтары көп болды. | |
I Ch | Kaz | 23:19 | Хебронның ұлдары: тұңғышы Ерия, екіншісі Амариях, үшіншісі Яхазиел, төртіншісі Екамам болды. | |
I Ch | Kaz | 23:22 | Елазар ұлдары болмай, қайтыс болды, оның тек қыздары болды. Өз туыстары — Қиштың ұлдары соларға үйленді. | |
I Ch | Kaz | 23:24 | Осылар — Леуі руына жататын әулеттердің басшылары. Олар санақтан өткенде аты-жөндерімен тіркелді. Жасы жиырмаға жеткен немесе одан жоғары әрбір леуіліктің Жаратқан Иенің киелі үйінде қызмет етуіне болды. | |
I Ch | Kaz | 23:25 | Себебі Дәуіт былай деген болатын: «Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие Өзінің халқын тыныш та тұрақты орынға қоныстандырып, Өзі де әрдайым Иерусалимдегі тұрағын мекендейтін болды. | |
I Ch | Kaz | 23:26 | Сондықтан леуіліктерге Жаратқан Иенің кездесу шатырын және қызметте қолданылатын құралдар мен бұйымдарды енді қайтып тасып алып жүрудің қажеті болмайды». | |
I Ch | Kaz | 23:27 | Сонымен Дәуіттің қалдырған соңғы нұсқаулары бойынша, леуіліктер жасы жиырмаға жетісімен қызметке алынып, тіркеліп отырды. | |
I Ch | Kaz | 23:28 | Леуіліктер Һароннан тараған діни қызметкерлерге Жаратқан Иенің киелі үйіндегі қызметтерінде көмектесуге міндетті еді. Олар, сондай-ақ, киелі үйдің аулалары мен қосалқы бөлмелерін күзетіп, тазалау рәсімдерін орындау және Құдайдың киелі үйінде орындалуы керек басқа да жұмыстарды істеуге тиісті болатын. | |
I Ch | Kaz | 23:29 | Леуіліктер мына қызметтерді де атқаратын: арнайы үстелге қойылатын нан тартуларын, астық тартуларына арналған таңдаулы ұнды дайындау, май жағылған ашымаған құймақтарды құю, табада нан пісіру, ұнға май қосып араластыру, құрбандықтар мен сый-тартулардың өлшемдері мен сандарын анықтау. | |
I Ch | Kaz | 23:30 | Леуіліктер әр күн сайын таңертең және кеште киелі үйдің алдында тұрып, Жаратқан Иеге шүкірлік айтып, мадақтайтын ән-жыр айту қызметін де орындайтын. | |
I Ch | Kaz | 23:31 | Олар сенбі күндері, әр айдың алғашқы күні және белгіленген мейрам күндері де Жаратқан Иеге арнап шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтарды дайындап, ұсынуға көмектесетін. Алдын ала белгіленген ережеге сай леуіліктердің тиісті саны әрдайым Жаратқан Иенің алдында қызмет етуге міндетті болды. | |