Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
I CHRONICLES
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 4
I Ch Kaz 4:1  Яһуданың ұрпақтарына Парес, Хесрон, Қарми, Һұр және Шобал жатады.
I Ch Kaz 4:2  Шобал ұлы Реях Яхаттың әкесі болатын. Яхаттың ұлдары: Ахум, Лахад. Олардан тараған әулеттер Сораның тұрғындары болатын.
I Ch Kaz 4:3  Етамның ұлдары мыналар: Ізрел, Ишма, Идбаш. Олардың әпке-қарындастарының есімі — Хаселелпони.
I Ch Kaz 4:4  Пенуел Гедордың әкесі, ал Езер Хушаның әкесі болатын. Ефратаның тұңғышы әрі Бетлехемнің басқарушысы Һұрдың ұрпақтары осылар болатын.
I Ch Kaz 4:5  Текояның басқарушысы Ашхұрдың Хела мен Нағарат деген екі әйелі бар еді.
I Ch Kaz 4:6  Нағарат Ашхұрға Ахузам, Хефер, Темни, Ахаштариды туды. Олар Нағараттың ұрпақтары болып саналатын.
I Ch Kaz 4:7  Хеладан туған ұлдар: Серет, Сохар, Әтнан,
I Ch Kaz 4:8  Қос. Қостан Ануб пен Собеб және Ахархел ұлы Харумның әулеттері тарады.
I Ch Kaz 4:9  (Яһуда руында) Ябес есімді адам болды. Ол өз ағайындары арасында көбірек құрметтелетін. Ал анасы: «Мен оны азаппен қиналып босандым», — деп, оның атын Ябес деп қойған еді.
I Ch Kaz 4:10  Ябес Исраил сиынған Құдайға былай деп мінажат етті: «Мені жарылқап, тиесілі жерімнің көлемін кеңейтсең екен! Құдіретті қолыңмен маған жар бола гөр. Азапқа ұшырататын жамандықтан аулақ сақтай гөр!» Сонда Құдай Ябеске сұрағанын берді.
I Ch Kaz 4:11  Шухахтың бауыры Хелуб Махырдың әкесі және Ештонның атасы болатын.
I Ch Kaz 4:12  Ештон Бет-Рафа мен Пасеахтың басқарушысы, ал Техинах Нахаш қаласының басқарушысы болды. Бұлар бұрын Рехада тұрған адамдар еді.
I Ch Kaz 4:13  Кеназдың ұлдары: Отниел мен Сераях. Отниелдің ұлдары: Хатат пен Меонотай.
I Ch Kaz 4:14  Меонотай Офраның әкесі, Сераях Жоғабтың әкесі ал Жоғаб қолөнершілер аңғарының басқарушысы болатын. Сол жер ондағы халық қолөнермен айналысатындықтан солай аталып кетті.
I Ch Kaz 4:15  Ефунне ұлы Халептің ұлдары: Иру, Ила, Нағам. Иланың ұлы: Кеназ.
I Ch Kaz 4:16  Ехәлелелдің ұлдары: Зиф, Зифах, Тириях, Асарел.
I Ch Kaz 4:17  Езраның ұлдары: Етер, Меред, Ефер, Жалон. (Етердің) бір әйелі Мәриям, Шаммай, Ишбах есімді балаларды туды; Ишбах Ештемоғаның басқарушысы болды.
I Ch Kaz 4:18  (Етердің) яһуди әйелі Гедордың басқарушысы Ередті, Сохоның басқарушысы Хеберді және Заноахтың басқарушысы Екутиелді туды. Меред перғауынның қызы Битияға үйленіп, одан бірнеше бала сүйді.
I Ch Kaz 4:19  Ходия Нахамның қарындасына үйленді. Олардың ұлдары: Кеилдің әкесі Ғарми және махалық Ештемоға.
I Ch Kaz 4:20  Шимонның ұлдары: Амнон, Ринна, Бенханан, Тилон. Ишидің ұрпақтары: Зохет, Бензохет.
I Ch Kaz 4:21  Яһуданың бір ұлы Шелах еді. Шелахтан өрбіген ұрпақтар: Леханың басқарушысы Ер, Марешаның басқарушысы Ладах, Бет-Ашбеядағы бәтес тоқушылардың әулеттері,
I Ch Kaz 4:22  сондай-ақ, Жоқим, Хозебаның адамдары және Моаб пен Жашуби-Лехемді басқарған Жоғас пен Сарап. Осы шежіре жазбалар ежелден қалған.
I Ch Kaz 4:23  Соңғы аталған адамдар Нетаим мен Гедерахты мекендеп, құмыра жасауды кәсіп қылып жүрді. Олар сонда тұрып, патшаға жұмыс істеді.
I Ch Kaz 4:24  Шимонның ұрпақтары: Емуел, Ямин, Яхин, Сохар, Саул.
I Ch Kaz 4:25  Саулдан өрбіген ұрпақтар: ұлы Шаллум, одан Мипсам, одан Мишма.
I Ch Kaz 4:26  Мишмадан өрбіген ұрпақтары: ұлы Хаммуил, одан Зақур, одан Шимей.
I Ch Kaz 4:27  Шимейден он алты ұл, алты қыз туды. Бірақ оның ағайындарында баланың саны аз еді. Сол себепті Шимон руы Яһуда руындай үлкен болмады.
I Ch Kaz 4:28  Шимейдің ұрпақтары Бер-Шеба, Молада, Хасар-Шуал,
I Ch Kaz 4:29  Балах, Әсем, Толад атты мекендерге қоныстанды.
I Ch Kaz 4:30  Олар Бетуел, Хорма, Сикеләг,
I Ch Kaz 4:31  Бет-Марқабот, Хасар-Сусим, Бет-Біреи, Шағараим деген жерлерде де тұратын. Дәуіт патшалық құрғанға дейін осы қалалар олардың қарамағында болды.
I Ch Kaz 4:32  Шимейдің ұрпақтары тағы Етам, Аин, Риммон, Токен, Ашан атты бес қалада да тұратын.
I Ch Kaz 4:33  Сол қалаларға қарасты, Бағалатқа дейін орналасқан барлық елді мекендер де олардың қоныстары болды. Шимейдің ұрпақтары ата-тектерінің шежірелерін жазып алып отырды.
I Ch Kaz 4:34  Шимонның тағы мына ұрпақтары да болды: Мешобаб, Ямлех, Амасиях ұлы Жосах,
I Ch Kaz 4:35  Жоел: Асиилдің шөбересі, Сераяхтың немересі, Жошибияхтың ұлы Еху;
I Ch Kaz 4:36  сондай-ақ, Елиохенай, Жақобах, Ешохаях, Асаях, Адиел, Ешимиел, Бенаях;
I Ch Kaz 4:37  Шемаяхтың неменесі, Шимридің шөпшегі, Едаяхтың шөбересі, Аллонның немересі, Шифидің ұлы Зизах.
I Ch Kaz 4:38  Осы аттары аталған адамдар әулеттердің басшылары еді. Үрім-бұтақтары кеңінен өсіп көбейгендіктен,
I Ch Kaz 4:39  олар малдарына жайылым жер іздеп, Герардың маңына, ондағы аңғардың шығысына қарай көшіп барды.
I Ch Kaz 4:40  Сол жақта олар оты мол, мал өрісіне жақсы бір жайылым тауып алды. Ол шалқыған кең, тыныш та алаңсыз жатқан жер екен. Оны Хамның кейбір ұрпақтары мекендеп келген еді.
I Ch Kaz 4:41  Жоғарыда есімдері аталған Шимон руының басшылары Яһуда елінің патшасы Езекияның билік құрып тұрған кезінде аттанып, хамдықтардың шатырларын және сол жерде тұрып жатқан меунилерді мүлдем жойды. Бүгінде олардың ізі де жоқ. Шимондықтар солардың жеріне қоныстанып алды, себебі онда малдарына жайылым болатын.
I Ch Kaz 4:42  Бірде Шимон руының бес жүз адамы Ишидің ұлдары — Пелатиях, Неариях, Рефаях, Ұзиелдің басшылығымен таулы Сейір аймағына аттанды.
I Ch Kaz 4:43  Олар амалектіктердің бұрын қашып кетіп, тірі қалғандарының көздерін құртты. Содан бері олар сол жерде осы күнге дейін тұрып келе жатыр.