Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
I CHRONICLES
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 11
I Ch Kaz 11:1  Содан Исраилдің бүкіл халқының өкілдері кейінірек Хеброндағы Дәуіттің қасына жиналып келіп, оған былай деді:— Сөзімізге құлақ сала көріңіз: сіздің ет жақын туыстарыңызбыз.
I Ch Kaz 11:2  Біраз уақыт бұрын, Саул әлі де патшалық құрған кезде, бүкіл Исраилді жорықтарға бастап жүрген өзіңіз болатынсыз! Сіздің Құдайыңыз Жаратқан Ие де сізге: «Менің халқым Исраилді бағатын әрі Исраил еліне басшылық ететін сен боласың», — деп айтқан еді.
I Ch Kaz 11:3  Осылай Исраилдің күллі рубасылары Дәуіт патшаға келіп, ол солармен Хебронда Жаратқан Иенің алдында келісім жасады. Бір кезде Жаратқан Ие Самуил пайғамбар арқылы алдын ала айтқандай, олар енді Дәуітке май жағу рәсімін орындап, оны Исраилдің патшасы етіп бекітті.
I Ch Kaz 11:4  Бірде Дәуіт және Исраилдің бүкіл жасағы Ебус деп те аталған Иерусалимге аттанды. Сол қалада тұрған ебустіктер
I Ch Kaz 11:5  Дәуітті мазақтап: «Мұнда ешқашан кірмейсің!» — деді. Алайда Дәуіт Сион төбесіндегі қорғанды басып алып үлгерді; ол қазір «Дәуіттің шаһары» деп аталады.
I Ch Kaz 11:6  Дәуіт былай деп сөз берген болатын: «Ебустіктерге бірінші болып шабуыл жасап, оларды жеңіп шыққан адамды қолбасшы әрі әмірші етіп тағайындаймын!» — Сонда Сарұяның ұлы Жоғаб Ебуске бірінші болып көтеріліп, жеңіп шықты. Сондықтан ол қолбасшы болды.
I Ch Kaz 11:7  Дәуіт осы қорғанда орналасып, соны мекендеді. Сол себепті ол «Дәуіттің шаһары» деп те аталып келеді.
I Ch Kaz 11:8  Кейін Дәуіт қаланы оның саты тәрізді беткейінен бастап қорғанды айналдыра қоршаған қамал қабырғасына дейін бекітіп салғызды. Жоғаб болса қаланың қалған бөліктерін қайтадан тұрғызды.
I Ch Kaz 11:9  Әлемнің Иесі оған жар болғандықтан, Дәуіт барған сайын күшейе түсті.
I Ch Kaz 11:10  Дәуіттің батырларының басшылары төменде аталғандар болды. Олар бүкіл Исраилмен бірге Оның патшалық құруына күшті қолдау беріп, соның арқасында Дәуіттің билігі бүкіл елге жүрді. Бұл Жаратқан Иенің берген уәдесіне сәйкес еді.
I Ch Kaz 11:11  Сонымен Дәуіттің батырларының тізімі мынау:Ахамани ұлы Яшобам, ол Үш батырдың басшысы болды. Бір шайқаста ол үш жүз жау сарбазын сүңгісімен түйреп өлтірген еді.
I Ch Kaz 11:12  Үш батырдың екіншісі Ахоахтың ұрпағы Додай ұлы Елазар болатын.
I Ch Kaz 11:13  Філістірлер Пас-Даммим деген жерде шайқасқа жиналып тұрғанда Елазар Дәуіттің қасында жүрді. Шайқас арпа өсіп тұрған егістікте басталып, исраилдік сарбаздар філістірлерден қаша жөнелді.
I Ch Kaz 11:14  Бірақ Елазар мен Дәуіт егіс даласының ортасында берік тұрып алып, оны қорғап, філістірлерді оңды-солды қыра берді. Осылайша Жаратқан Ие оларға үлкен жеңіс сыйлап, халықты жаудан құтқарды.
I Ch Kaz 11:15  Бірде філістірлердің жасағы Рефаим аңғарында қостарын тіккен соң, Отыз басты жауынгердің үшеуі Адуллам үңгірінің маңайындағы жартасты паналап тұрған Дәуітке келді.
I Ch Kaz 11:16  (Оның туып-өскен) Бетлехем қаласында да філістір қарауылдары орналасқан болатын. Ал Дәуіт жасырынып, бекінуге ыңғайлы таулы жерде жүрді.
I Ch Kaz 11:17  Дәуіт адамдарына: «Шіркін, маған біреу Бетлехемдегі қала қақпасының жанындағы құдықтан су әкеліп берсе ғой!» — деген аңсауын білдірді.
I Ch Kaz 11:18  Сонда үш батыр філістір әскер қостарынан білдіртпей өтіп, Бетлехем қақпасының жанындағы құдықтан су тартып алып, оны Дәуітке әкелді. Бірақ Дәуіт суды ішкісі келмей, оны Жаратқан Иеге тарту ретінде ұсынып төгіп тастады да,
I Ch Kaz 11:19  былай деді: «Құдай мені мұны істеуден сақтай көрсін! Мен бұл суды қалай ішемін? Ол бастарын өлімге тігіп, оны алып келген мына адамдардың қаны іспетті ғой!» — Сондықтан Дәуіт суды ішпеді. Міне, сол үш батырдың ерлік істері осындай болды.
I Ch Kaz 11:20  Жоғабтың інісі Әбішай Отыз батырдың басшысы еді. Әбішай сүңгісімен үш жүз жауын түйреп өлтіріп, Үш батырдікіндей атақты иемденді.
I Ch Kaz 11:21  Басқа Отыз батырдан да даңқты болып, оларға басшылық еткенмен, Әбішай Үш батырдың дәрежесіне жете алмады.
I Ch Kaz 11:22  Кәбіселдік Еходай ұлы Бенаях та ерлік істер жасаған мықты жауынгер болды. Арыстандай күшті екі моабтық жауынгердің көздерін жойған сол еді. Қар жауып тұрған бір күні Бенаях ұраға түсіп, оның ішіндегі арыстанды өлтірді.
I Ch Kaz 11:23  Бенаях бойы бес шынтақ бір алып мысырлықтың да көзін құртты. Сол мысырлықтың қолында бақандай жуан сүңгісі болды, бірақ Бенаях оған қарсы бір таяқпен ғана шығып, мысырлықтың қолынан сүңгісін тартып алып, оны сонысымен түйреп өлтірді.
I Ch Kaz 11:24  Еходай ұлы Бенаяхтың ерлік істері осындай еді.
I Ch Kaz 11:25  Отыз батырдың ішіндегі ең даңқтысы сол еді, алайда ол Үш батырдың дәрежесіне жете алмады. Дәуіт Бенаяхты өзінің ұлан бөлімдерінің басшысы етіп қойды.
I Ch Kaz 11:26  Мықты батырлар мыналар болатын:Жоғабтың туған інісі Асахил, бетлехемдік Додо ұлы Елханан,
I Ch Kaz 11:27  хародтық Шаммах, пәлеттік Хелес,
I Ch Kaz 11:28  текоялық Икеш ұлы Ирақ, анатоттық Әбиезер,
I Ch Kaz 11:29  хушалық Сипхай, ахоахтық Илай,
I Ch Kaz 11:30  нетопаттық Маһарай, нетопаттық Бағанах ұлы Хелед,
I Ch Kaz 11:31  Буняминдегі гибеялық Рибай ұлы Іттай, пиратондық Бенаях,
I Ch Kaz 11:32  нахале-ғағаштық Хурай, арбаттық Әбиел,
I Ch Kaz 11:33  бахуримдік Азмаует, шағалбондық Әлиахпа,
I Ch Kaz 11:34  ғизондық Яшеннің ұлдары, харарлық Шаммах ұлы Жонатан,
I Ch Kaz 11:35  харарлық Шарар ұлы Ахиям, Урдың ұлы Елифал,
I Ch Kaz 11:36  махералық Хефер, пәлеттік Ахиях,
I Ch Kaz 11:37  кәрмелдік Хесрай, Езбай ұлы Нағарай,
I Ch Kaz 11:38  Натанның інісі Жоел, Хагри ұлы Мипхар,
I Ch Kaz 11:39  аммондық Селек, Сарұяның ұлы Жоғабтың қару-жарағын тасушы бероттық Нахарай,
I Ch Kaz 11:40  итірлік Ирақ, итірлік Гәреб,
I Ch Kaz 11:41  хеттік Ұрия, Ахлай ұлы Зауад,
I Ch Kaz 11:42  рубендік Шиза ұлы Адина; рубендіктердің рубасы болған оның қасында отыз сарбазы еріп жүретін;
I Ch Kaz 11:43  сондай-ақ, Маха ұлы Ханан, митналық Жосапат,
I Ch Kaz 11:44  аштароттық Ұзиях, арогерлік Хотамның ұлдары Шама мен Еиел,
I Ch Kaz 11:45  Шимри ұлы Едияил, оның інісі тистік Жоха,
I Ch Kaz 11:46  махавалық Елиел, Елнағамның ұлдары Ерибай мен Жошауиях, моабтық Ітма,
I Ch Kaz 11:47  Елиел, Ғабит, месобалық Ясиел.