I CHRONICLES
Chapter 25
I Ch | Kaz | 25:1 | Дәуіт пен оның қолбасшылары Асафтың, Хеманның және Едутуннің кейбір ұлдарын ерекше көңіл күйіне еніп жетіген, шертер, сылдырмақтың сүйемелдеуімен мадақтау жырларын айту қызметіне айрықша тағайындады. Осы қызметті атқарған адамдардың тізімі мынау: | |
I Ch | Kaz | 25:2 | Асафтың ұлдарынан: Зақур, Жүсіп, Нетаниях, Ашарелах. Асаф өз ұлдарына жетекшілік етті. Асафтың өзі Дәуіт патшаның басқаруымен ерекше көңіл күйіне еніп мадақтау жырларын айтатын. | |
I Ch | Kaz | 25:3 | Едутуннің ұлдарынан: Ғодалиях, Сери, Ишая, Шимей, Хашабиях, Мататиях; барлығы — алтау. Оларға әкесі Едутун жетекшілік етті. Оның өзі жетігенде ойнағанда ерекше көңіл күйіне еніп Жаратқан Иені мадақтап, Оған шүкірлік білдіретін. | |
I Ch | Kaz | 25:4 | Хеманның ұлдарынан: Буқиях, Маттаниях, Ұзиел, Шебуил, Еримот, сондай-ақ Хананиях, Ханани, Әлиата, Ғидалти, Ромамти-Езер, әрі Жошбеқашах, Малоти, Хотир, Махазиот. | |
I Ch | Kaz | 25:5 | Осылардың бәрі де патшаның пайғамбары Хеманның ұлдары болатын. Себебі Құдай Өзінің Хеманның абыройын көтеремін деп берген уәдесін жүзеге асырып, оған он төрт ұл мен үш қыз сыйлаған еді. | |
I Ch | Kaz | 25:6 | Осы аталғандардың барлығы да Құдай Иенің киелі үйінде сылдырмақ, домбыра, жетігенде ойнап, ән-жыр айтатын. Олар сол қызметті өздерінің әкелерінің жетекшілігімен атқаратын. Асаф, Хеман, Едутун патшаның қарамағында болды. | |
I Ch | Kaz | 25:7 | Олардың өздері де, ағайындары да Жаратқан Иені ән-күймен мадақтау үшін арнайы дайындықтан өткен нағыз шеберлер болатын. Олардың жалпы саны екі жүз сексен сегіз еді. | |
I Ch | Kaz | 25:8 | Олар не жас, не кәрі болсын, не тәлімгер, не шәкірт болсын, қызмет ететін кезектеріне жеребе арқылы тағайындалған еді. | |
I Ch | Kaz | 25:9 | Асафқа тиісті бірінші жеребе Жүсіпке және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Екінші жеребе Ғодалияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. | |