Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
I CHRONICLES
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 25
I Ch Kaz 25:1  Дәуіт пен оның қолбасшылары Асафтың, Хеманның және Едутуннің кейбір ұлдарын ерекше көңіл күйіне еніп жетіген, шертер, сылдырмақтың сүйемелдеуімен мадақтау жырларын айту қызметіне айрықша тағайындады. Осы қызметті атқарған адамдардың тізімі мынау:
I Ch Kaz 25:2  Асафтың ұлдарынан: Зақур, Жүсіп, Нетаниях, Ашарелах. Асаф өз ұлдарына жетекшілік етті. Асафтың өзі Дәуіт патшаның басқаруымен ерекше көңіл күйіне еніп мадақтау жырларын айтатын.
I Ch Kaz 25:3  Едутуннің ұлдарынан: Ғодалиях, Сери, Ишая, Шимей, Хашабиях, Мататиях; барлығы — алтау. Оларға әкесі Едутун жетекшілік етті. Оның өзі жетігенде ойнағанда ерекше көңіл күйіне еніп Жаратқан Иені мадақтап, Оған шүкірлік білдіретін.
I Ch Kaz 25:4  Хеманның ұлдарынан: Буқиях, Маттаниях, Ұзиел, Шебуил, Еримот, сондай-ақ Хананиях, Ханани, Әлиата, Ғидалти, Ромамти-Езер, әрі Жошбеқашах, Малоти, Хотир, Махазиот.
I Ch Kaz 25:5  Осылардың бәрі де патшаның пайғамбары Хеманның ұлдары болатын. Себебі Құдай Өзінің Хеманның абыройын көтеремін деп берген уәдесін жүзеге асырып, оған он төрт ұл мен үш қыз сыйлаған еді.
I Ch Kaz 25:6  Осы аталғандардың барлығы да Құдай Иенің киелі үйінде сылдырмақ, домбыра, жетігенде ойнап, ән-жыр айтатын. Олар сол қызметті өздерінің әкелерінің жетекшілігімен атқаратын. Асаф, Хеман, Едутун патшаның қарамағында болды.
I Ch Kaz 25:7  Олардың өздері де, ағайындары да Жаратқан Иені ән-күймен мадақтау үшін арнайы дайындықтан өткен нағыз шеберлер болатын. Олардың жалпы саны екі жүз сексен сегіз еді.
I Ch Kaz 25:8  Олар не жас, не кәрі болсын, не тәлімгер, не шәкірт болсын, қызмет ететін кезектеріне жеребе арқылы тағайындалған еді.
I Ch Kaz 25:9  Асафқа тиісті бірінші жеребе Жүсіпке және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Екінші жеребе Ғодалияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
I Ch Kaz 25:10  Үшінші жеребе Зақурға және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
I Ch Kaz 25:11  Төртінші жеребе Сериге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
I Ch Kaz 25:12  Бесінші жеребе Нетанияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
I Ch Kaz 25:13  Алтыншы жеребе Буқияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
I Ch Kaz 25:14  Жетінші жеребе Ашарелахқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
I Ch Kaz 25:15  Сегізінші жеребе Ишаяға және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
I Ch Kaz 25:16  Тоғызыншы жеребе Маттанияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
I Ch Kaz 25:17  Оныншы жеребе Шимейге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
I Ch Kaz 25:18  Он бірінші жеребе Ұзиелге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
I Ch Kaz 25:19  Он екінші жеребе Хашабияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
I Ch Kaz 25:20  Он үшінші жеребе Шубаилға және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
I Ch Kaz 25:21  Он төртінші жеребе Мататияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
I Ch Kaz 25:22  Он бесінші жеребе Еримотқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
I Ch Kaz 25:23  Он алтыншы жеребе Хананияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
I Ch Kaz 25:24  Он жетінші жеребе Жошбеқашахқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
I Ch Kaz 25:25  Он сегізінші жеребе Хананиге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
I Ch Kaz 25:26  Он тоғызыншы жеребе Малотиге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
I Ch Kaz 25:27  Жиырмасыншы жеребе Әлитаға және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
I Ch Kaz 25:28  Жиырма бірінші жеребе Хотирге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
I Ch Kaz 25:29  Жиырма екінші жеребе Ғидалтиге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
I Ch Kaz 25:30  Жиырма үшінші жеребе Махазиотқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
I Ch Kaz 25:31  Жиырма төртінші жеребе Ромамти-Езерге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.