I CHRONICLES
Chapter 16
I Ch | Kaz | 16:1 | Осылай леуіліктер Құдайдың сандығы Иерусалимге әкелініп, Дәуіт сол үшін тігіп қойған шатырдың ішіне орналастырылды. Содан соң олар шалынып, түгелдей өртелетін және ризашылық құрбандықтарын шалып ұсынды. | |
I Ch | Kaz | 16:3 | Патша жиналған Исраил халқының әрбір әйеліне де, еркегіне де бір-бір қалаш наннан, бір кесек қақталған еттен және бір қадақ мейізден үлестіріп берді. | |
I Ch | Kaz | 16:4 | Патша леуіліктердің кейбіреулерін Жаратқан Иенің Келісім сандығының алдында қызмет етуге тағайындады. Олар Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге сиынып мінажат етуге және шүкірлік пен мақтау айтуға міндетті еді. | |
I Ch | Kaz | 16:5 | Бұлардың басшысы — Асаф, екіншісі — Зәкәрия, солардың қасында Еиел, Шемирамот, Ехиел, Мататия, Елияп, Бенаях, Ғабит-Едом, Еиел де болды. Олар шертер мен жетігенде, ал Асаф сылдырмақта ойнауға тағайындалды. | |
I Ch | Kaz | 16:6 | Бенаях пен Яхазиел есімді діни қызметкерлер белгіленген уақыттарда Құдайдың Келісім сандығының алдында керней тартуға тиісті еді. | |
I Ch | Kaz | 16:7 | Сол күні Дәуіт алғаш рет Асаф пен оның қызметтестеріне Жаратқан Иеге мына мадақтау жырын айтуды тапсырды: | |
I Ch | Kaz | 16:8 | Жаратқан Иеге мақтау айтыңдар,Оның есімін атап сиыныңдар,Ұлы істерін халықтарға хабарлаңдар! | |
I Ch | Kaz | 16:29 | Жаратқанның есімін даңқтап қадірлеңдер,Оның алдына сый-тарту алып келіңдер,Қасиетті салтанатына бөленіңдер,Жаратқан Иеге бағынып бас иіңдер! | |
I Ch | Kaz | 16:31 | Заңғар көк шаттансын, жер де қатты қуансын,Бөтен ұлттарға мынаны жарияласын:«Жаратқан Ие құрады патшалығын!» | |
I Ch | Kaz | 16:33 | Орман ағаштары қуана ән салады,Келе жатқан Иенің алдынан шығады,Себебі Ол келіп, жерге сот құрады. | |
I Ch | Kaz | 16:35 | Оған былай деп мінажат етіңдер:«Құтқарушымыз Құдай, аман сақтай гөр,Басқа ұлттардан бізді босатып жинай гөр!Сонда дәріптейміз киелі атыңдыҚуана мақтан тұтамыз ұлы даңқыңды». | |
I Ch | Kaz | 16:36 | Исраилдің Құдай Иесі мадақталсын,Мәңгіліктен мәңгілікке Ол даңқталсын!Жиналып тұрған барша халық: «Аумин! Жаратқан Ие мадақталсын!» — деп жауап берді. | |
I Ch | Kaz | 16:37 | Дәуіт патша Асафты және оның ағайындарын Жаратқан Иенің Келісім сандығының алдында әр күннің қажетіне қарай ұдайы қызмет етуге бекітті. | |
I Ch | Kaz | 16:38 | Патша, сондай-ақ, Ғабит-Едом мен оның алпыс сегіз ағайынын да қызмет көрсетуге тағайындады. Едутун ұлы Ғабит-Едом және Хоса қақпа күзетшілері болатын. | |
I Ch | Kaz | 16:39 | Дәуіт діни қызметкер Садықты және оның қызметтес ағайындарын Жаратқан Иенің Гибеон қаласының биіктеу жерінде орнатылған киелі шатырындағы міндеттеріне бекітіп, сонда қалдырып кетті. | |
I Ch | Kaz | 16:40 | Бұлар Жаратқан Иенің Исраил халқына тапсырған Таурат заңында жазылған барлық ережелеріне сәйкес, әрдайым таңертең және кешке Жаратқан Иеге бағыштап шалынып, өртелетін құрбандықтарды арнайы құрбандық үстелінде ұсынуға тиісті болды. | |
I Ch | Kaz | 16:41 | Патша аттары аталып таңдалған Хеман, Едутун және басқалардың барлығын да солармен бірге болып, Жаратқан Иеге «Оның рақымы мәңгілік» деп мадақтау ән-жырларын айтуға тағайындады. | |
I Ch | Kaz | 16:42 | Хеман мен Едутун керней тартып, сылдырмақ соғып, тағы басқа аспаптарда ойнап Құдайға арналған ән-жырларды сүйемелдеуге бекітілді. Едутунның ұлдары қақпаның жанына күзетке қойылды. | |