I CHRONICLES
Chapter 29
I Ch | Kaz | 29:1 | Содан соң Дәуіт патша бүкіл жиналып тұрған қауымға былай деді: «Құдайдың бірден-бір таңдаулысы — (ізімді басатын) ұлым Сүлеймен әлі де бұғанасы қатпаған жас. Ал жасалатын іс орасан зор. Себебі осы ғимарат адамға емес, Құдай Иеге арналып салынбақ! | |
I Ch | Kaz | 29:2 | Қолымдағы барыммен өзімнің сиынатын Құдайымның киелі үйіне қажет заттарды дайындап қойдым. Түрлі бұйымдар үшін алтын, күміс, қола, темір, ағаш дайын. Сонымен қатар көмкерілген әшекейлерге арнап оникс және басқа да әдемі, түрлі түсті тастарды, асыл тастардың алуан түрлерін және көп мөлшерде мәрмәр тасын жинап қойдым. | |
I Ch | Kaz | 29:3 | Бұрын бағыштағаныма қоса, Құдайымның киелі үйін қатты сүйетіндігімнен өзімнің жеке қазынамдағы алтын-күмісті де Құдайымның осы киелі ғибадатханасына бағыштаймын. | |
I Ch | Kaz | 29:4 | Олар — үш мың ат басындай опырлық алтын мен жеті мың ат басындай саф күміс. Осы алтын-күмісті ғимараттардың қабырғаларын қаптау үшін, | |
I Ch | Kaz | 29:5 | қажетті алтын-күміс бұйымдарды жасап шығару үшін және қолөнершілер істейтін барлық басқа жұмыстарға арнаймын. Ал енді, өз еркімен Жаратқан Иеге сый-тарту жасағылары келетін тағы кімдер бар?» | |
I Ch | Kaz | 29:6 | Сонда әулет басшылары, Исраилдің рубасылары, мыңбасылары, жүзбасылары және патшаның жұмыстарын басқарушылары ерікті тартуларын ұсынды. | |
I Ch | Kaz | 29:7 | Олар Құдайдың киелі үйінің құрылысына арнап бес мың ат басындай алтын мен он мың алтын теңге, он мың ат басындай күміс, он сегіз мың ат басындай қола және жүз мың ат басындай темір бағыштады. | |
I Ch | Kaz | 29:8 | Асыл тастары барлар соларын да Жаратқан Иенің киелі үйіне арналған қазына қоймасына, оның меңгерушісі Ехиелге әкеліп тапсырды. Ехиел Леуі руының Гершон әулетіне жататын. | |
I Ch | Kaz | 29:9 | Халық өз басшыларының жомарттықпен сый-тартуларын бергендеріне қуанды. Олар бұларын ерікті түрде шын жүректен Жаратқан Иеге ұсынған болатын. Дәуіт патша да зор шаттыққа бөленді. | |
I Ch | Kaz | 29:10 | Содан Дәуіт Жаратқан Иені бүкіл жамағаттың алдында мадақтап былай деді:«Уа, Жаратқан Ие, арғы атамызИсраил сиынған Құдайымыз,Мәңгі Саған арналсын мақтауымыз! | |
I Ch | Kaz | 29:11 | Уа, Жаратқан Ие, Саған тән — ұлылық,Құдірет, салтанат, жеңіс пен нұрлылық!Меншігің — көк пен жердегілер барлық!Һәм Сенікі, уа, Иеміз, патшалықӘрі баршаға деген басшылық! | |
I Ch | Kaz | 29:12 | Дәулет пен құрметтің көзі Сенсің,Бүкіл әлемге билік жүргізушісің!Бәрін жоғарылатып, күшейтетінҚұдірет пен билік қолыңда Сенің. | |
I Ch | Kaz | 29:14 | Ал енді, Саған осындай мол сый-тарту беретіндей біз кім едік сонша?! Әлемдегінің барлығы да Сенен келген. Өз қолыңның бізге сыйлағандарын ғана Өзіңе тарту етіп отырмыз. | |
I Ch | Kaz | 29:15 | Сенің алдыңда біз де күллі ата-бабаларымыз сияқты жат жұрттық, бөтен кірмелерміз. Бұ дүниелік ғұмырымыз көлеңке іспетті өткінші де үмітсіз. | |
I Ch | Kaz | 29:16 | Уа, Құдайымыз Жаратқан Ие! Біз Сенің киелі есіміңе арнап салмақшы болған ғибадатхананың құрылысы үшін осы ағыл-тегіл мол заттарды дайындап қойдық. Солардың барлығы да Сенің Өзіңнен келіп отыр, бәрі де Сенікі! | |
I Ch | Kaz | 29:17 | Сенің адам жүрегін тексеретініңді, ол адал болып шыққан кезде риза болатыныңды білемін, уа, Құдайым! Мен осы күллі заттарды Саған ерікті түрде шын жүректен бағыштадым. Өз халқыңның да Саған қуанышпен ерікті сый-тартулар жасағанын көріп отырмын. | |
I Ch | Kaz | 29:18 | Уа, Жаратқан Ие, түп аталарымыз Ыбырайым, Ысқақ, Жақыптың сиынған Құдайы! Халқыңның Өзіңе қызмет етуге деген осы құлшынысын сақтай гөр, әрдайым жүректерін Саған адал күйінде қалдыра гөр. | |
I Ch | Kaz | 29:19 | Ұлым Сүлейменге де Сенің өсиеттеріңді, ережелерің мен әмірлеріңді берік сақтайтын әрі орындайтын адал жүрек сыйлай гөр. Мен қажетті заттарын дайындап қойған мына ғимаратты тұрғызу үшін де оған адал ой-ниетті дарыта гөр». | |
I Ch | Kaz | 29:20 | Мұнан кейін Дәуіт бүкіл жамағатты: «Құдайларың Жаратқан Иені мадақтаңдар!» — деп шақырды. Сонда олардың барлығы ата-бабалары сиынған Құдай — Жаратқан Иені мадақтады. Олар Жаратқан Ие мен Оның тағайындаған патшасының алдында төмен иіліп, беттерін жерге тигізе тағзым етті. | |
I Ch | Kaz | 29:21 | Келесі күні жамағат Жаратқан Иеге арнап көптеген құрбандықтар шалып, солардың көбін түгелдей өртеп жіберді. Шалынған құрбандықтар: бір мың жас бұқа, бір мың қошқар, бір мың тоқты. Жамағат бүкіл Исраил халқы үшін сол құрбандықтарға қосылатын сұйық тартуларын да ұсынды, құрбандықтың басқа түрлерін де молынан әкеліп, шалды. | |
I Ch | Kaz | 29:22 | Олар сол күні Жаратқан Иенің алдында ішіп-жеп, зор қуанышқа бөленді.Содан соң жамағат Дәуіттің ұлы Сүлейменді патша деп екінші рет жариялады. Оны Жаратқан Иенің алдында басшы ретінде, ал Садықты діни қызметкер ретінде бекітіп, екеуіне де май жағу рәсімін жасады. | |
I Ch | Kaz | 29:23 | Осылайша Сүлеймен әкесі Дәуіттің орнына патша болып, Жаратқан Иенің халқының тағына отырды. Сүлеймен іс-әрекеттерінде табысты болып, бүкіл Исраил халқы оған мойынсұнды. | |
I Ch | Kaz | 29:24 | Барлық басшылар мен батырлар әрі Дәуіт патшаның басқа ұлдарының бәрі де Сүлейменге мойынсұнуға қол берісіп ант етті. | |
I Ch | Kaz | 29:25 | Жаратқан Ие бүкіл Исраилдің алдында оның дәрежесін аса жоғарылатты, әрі оған Исраилдегі ешбір патша көріп-білмеген патшалық салтанатты сыйлады. | |
I Ch | Kaz | 29:27 | Ол Исраилге барлығы қырық жыл: Хебронда жеті жыл және Иерусалимде отыз үш жыл бойы патшалық құрды. | |
I Ch | Kaz | 29:28 | Дәуіт көп жасап, өмір, байлық және құрмет-даңқтың қызығын көрген соң, дүние салды. Оның ұлы Сүлеймен орнын басып патша болды. | |
I Ch | Kaz | 29:29 | Дәуіт патшаның істері басынан аяғына дейін Самуил, Натан, Ғад есімді пайғамбарлардың жазып қалдырған кітаптарында баяндалған. | |