Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
I CHRONICLES
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 24
I Ch Kaz 24:1  Һароннан тараған діни қызметкерлер арнайы топтарға бөлініп міндеттерін атқаратын. Һаронның ұлдары: Надаб, Әбиһу, Елазар және Ітамар.
I Ch Kaz 24:2  Надаб пен Әбиһу арттарында ұл қалдырмай әкелерінің көзі тірісінде бұ дүниеден өтті. Сол себептен Елазар мен Ітамар діни қызметті атқаратын болды.
I Ch Kaz 24:3  Дәуіт патша Елазардың ұрпағы Садықтың және Ітамардың ұрпағы Ахимәліктің көмегімен діни қызметкерлерді міндеттерін атқаратын кезектері бойынша топтарға бөлді.
I Ch Kaz 24:4  Ітамардың ұрпақтарына қарағанда Елазардың ұрпақтарында әулет басшылары көбірек болды. Сондықтан Елазардың ұрпақтары он алты топқа, ал Ітамардың ұрпақтары сегіз топқа бөлінді.
I Ch Kaz 24:5  Елазардың да, Ітамардың да ұрпақтарының ішінде киелі үйде Құдайға қызмет етуге лайықты басшылар бар болғандықтан, олар атқаратын міндеттеріне жеребе тастау арқылы тағайындалды.
I Ch Kaz 24:6  Леуілік хатшы Нетанел ұлы Шемаях жеребенің кімге түскенін патшаның, діни қызметкер Садықтың, Абиятар ұлы Ахимәліктің және діни қызметкерлер мен леуіліктердің әулет басшыларының көздерінше ресми тізімге жазып алып отырды. Жеребе бір болып түссе Елазардың, екі болып түссе Ітамардың әулеті алынып отырды.
I Ch Kaz 24:7  Жеребелер мына ретпен түсті: біріншісі Ехоярипке, екіншісі Едаяхқа,
I Ch Kaz 24:8  үшіншісі Харымға, төртіншісі Сеоримге,
I Ch Kaz 24:9  бесіншісі Малқияхқа, алтыншысы Мияминге,
I Ch Kaz 24:10  жетіншісі Хақосқа, сегізіншісі Абияхқа,
I Ch Kaz 24:11  тоғызыншысы Ешуаға, оныншысы Шеханияхқа,
I Ch Kaz 24:12  он біріншісі Елияшипке, он екіншісі Жәкімге,
I Ch Kaz 24:13  он үшіншісі Хупаға, он төртіншісі Ешебапқа,
I Ch Kaz 24:14  он бесіншісі Билғаға, он алтыншысы Имерге,
I Ch Kaz 24:15  он жетіншісі Хезирге, он сегізіншісі Гаписеске,
I Ch Kaz 24:16  он тоғызыншысы Петахияхқа, жиырмасыншысы Ехезкелге,
I Ch Kaz 24:17  жиырма біріншісі Яхинге, жиырма екіншісі Ғамулға,
I Ch Kaz 24:18  жиырма үшіншісі Делаяхқа, ал жиырма төртіншісі Мағазияхқа түсті.
I Ch Kaz 24:19  Исраилдің Құдай Иесі ежелде олардың түп аталары Һаронға Жаратқан Иенің киелі үйінде қызмет ету тәртібін бұйырған болатын. Енді діни қызметкерлер сол тәртіп бойынша кезекпен киелі үйге кіріп, міндеттерін атқаратын болды.
I Ch Kaz 24:20  Леуіліктердің өзге әулет басшылары мыналар болды:Ымрамның ұрпақтарынан Шебуил, ал оның ұлдарынан Едиях шыққан еді.
I Ch Kaz 24:21  Рехабияхтың ұлдарының тұңғышы Ишиях болды.
I Ch Kaz 24:22  Ысқардың ұрпақтарынан Шеломит, ал Шеломиттің ұрпақтарынан Яхат шықты.
I Ch Kaz 24:23  Хебронның ұрпақтарынан тұңғышы Ерия, екіншісі Амариях, үшіншісі Яхазиел, төртіншісі Екамам әулет басшылары болды.
I Ch Kaz 24:24  Ұзиелдің ұрпақтарынан Миха, ал Миханың ұрпақтарынан Шамир есімді әулет басшылары болды.
I Ch Kaz 24:25  Миханың інісі Ишиях, ал Ишияхтың ұрпақтарынан Зәкәрия әулет басшысы еді.
I Ch Kaz 24:26  Мераридің ұрпақтарынан Мәхли мен Мұши, әрі Язияхтың ұрпақтарынан Бено әулет басшылары болды.
I Ch Kaz 24:27  Мерариден Язиях арқылы тараған ұрпақтарынан Бено, Шоһам, Зақур, Ибри әулет басшылары болатын.
I Ch Kaz 24:28  Мәхлиден Елазар тарады, ал оның ұлдары болмады.
I Ch Kaz 24:29  (Мәхли ұлы) Қиштан өз ұлдары арқылы Ерахмел тарады.
I Ch Kaz 24:30  Мұшидың ұлдары: Мәхли, Едер, Еремот.Есімдері әулеттеріне сәйкес келтірілген леуіліктер осылар.
I Ch Kaz 24:31  Өздерімен рулас діни қызметкерлер сияқты, олар да жеребе тастап, қызметтеріне тағайындалып отырды. Сонда осы әулеттердің шыққан түп аталарының жасы үлкен-кішілігіне көңіл бөлінген жоқ. Жеребе Дәуіт патшаның, Садық пен Ахимәліктің және діни қызметкерлер мен леуіліктердің әулет басшыларының алдында тасталды.