I CHRONICLES
Chapter 2
I Ch | Kaz | 2:1 | (Алғашқыда Жақып деп аталған) Исраилдің ұлдары: Рубен, Шимон, Леуі, Яһуда, Исашар, Забулон, | |
I Ch | Kaz | 2:3 | Яһуданың ұлдары: Ер, Онан, Шелах. Осы үш ұлы Шуа есімді қанахандық адамның қызынан туған. Яһуданың тұңғыш ұлы Ердің мінез-құлқы Жаратқан Иеге жек көрінішті болғандықтан, Жаратқан Ие оның өмірін қысқа қылды. | |
I Ch | Kaz | 2:4 | Кейін Яһуданың келіні Тамар оған Парес пен Зарахты туды. Яһуданың барлығы бес ұлы болды. | |
I Ch | Kaz | 2:7 | (Зарахтың шөбересі) Қарми ұлы Ахан Жаратқан Иеге бағышталған, жойылуға тиісті заттан алып, Исраилдің басына пәле келтірді. | |
I Ch | Kaz | 2:18 | Хесрон ұлы Халеп әйелі Азубадан мына ұлдарын сүйді: Ешер, Шобаб және Ардон. Халеп Ериоттан да бала сүйген. | |
I Ch | Kaz | 2:21 | Кейінірек Хесрон жасы алпысқа толғанда, Ғилақадтың әкесі Махырдың қызына үйленіп, одан Сегуб есімді ұлын сүйді. | |
I Ch | Kaz | 2:23 | Ал кейін Гешур мен Арама патшалықтары Жайырдың қоныстарын және Кенат қаласын айналасындағы елді мекендерімен бірге жаулап алды. Сол елді мекендердің жалпы саны алпыс болған. Бұларда қоныстанғандардың барлығы Ғилақадтың әкесі Махырдан тарады. | |
I Ch | Kaz | 2:24 | Хесрон Халеп-Ефратада қайтыс болғаннан азғана уақыт өткенде, әйелі Абия оның ұлы Ашхұрды туды. Ашхұр Текояның әкесі болды. | |
I Ch | Kaz | 2:25 | Хесронның тұңғыш ұлы Ерахмелдің ұлдары: тұңғышы Рам, ал кейінгілері Буна, Орен, Осем, Ахиях еді. | |
I Ch | Kaz | 2:32 | Шаммайдың інісі Ядақтың ұлдары: Етер, Жонатан. Етер соңынан бала қалдырмай қайтыс болды. | |
I Ch | Kaz | 2:42 | Ерахмелдің інісі Халептің ұлдары: тұңғышы Меса, соның ұлы Зиф, ал екінші ұлы Мареша еді, ол Хебронның әкесі болды. | |
I Ch | Kaz | 2:46 | Халептің Ефа есімді кәнизагы Харан, Моса, Ғазезді туды. Харанның ұлының есімі де Ғазез еді. | |
I Ch | Kaz | 2:49 | Мадманахтың әкесі Шағафты және Махбенах пен Гибеяның әкелері Шеуаны туған да сол Маха болатын. Халептің бір қызының есімі Ахса еді. | |
I Ch | Kaz | 2:50 | Осылардың барлығы Халептің үрім-бұтағы.Ефратаның тұңғышы Һұрдың ұлдары: Кирият-Иғарымның басқарушысы Шобал, | |
I Ch | Kaz | 2:52 | Кирият-Иғарымның басқарушысы Шобалдың ұрпақтары: Хароге, Манахат тұрғындарының жартысы | |
I Ch | Kaz | 2:53 | әрі Кирият-Иғарымды мекендеген Итір, Пұт, Шумат, Мишра атты әулеттер. Бұлардан Сора мен Ештағолдың тұрғындары тарады. | |
I Ch | Kaz | 2:54 | Салмонның ұрпақтары: Бетлехем, Нетопат және Атырот-Бет-Жоғабтың тұрғындары, Манахат тұрғындарының қалған жартысы және Сораның тұрғындары. | |