I CHRONICLES
Chapter 9
I Ch | Kaz | 9:1 | Бүкіл Исраил халқы осылай шежірелерінде тіркелді. Сол шежірелері «Исраил патшаларының кітабында» жазылды. Ал кейін Яһуда патшалығының халқы Жаратқан Иеге опасыздық жасағандарының кесірінен Бабыл еліне жер аударылды. | |
I Ch | Kaz | 9:2 | Бабылдан қайтып келгеннен кейін алғашқы болып өз қалаларында қайта қоныстанып, мұралық жерлерін иемденгендер кейбір исраилдіктер, діни қызметкерлер, леуіліктер және ғибадатхана жұмыстарын атқарушы қызметшілер болды. | |
I Ch | Kaz | 9:4 | Утай Амихудтың ұлы, Амридің немересі, Имридің шөбересі, Банидың шөпшегі болатын. Олар Яһуда ұлы Парестің ұрпақтары. | |
I Ch | Kaz | 9:6 | Яһуданың немересі Зарахтың ұрпақтарынан: Еуел және оның бауырлары. Яһуда руының Бабылдан қайтып келгендерінің саны — алты жүз тоқсан. | |
I Ch | Kaz | 9:7 | Бунямин руынан: Саллу Мешуламның ұлы, Ходауияхтың немересі, Сенуаның шөбересі еді. Саллудан басқа: | |
I Ch | Kaz | 9:8 | Ерохамның ұлы Ибнеях; Ұззидің ұлы, Михридің немересі; Ела, Шафатияхтың ұлы, Рәгуелдің немересі, Ибнияхтың шөбересі Мешулам. | |
I Ch | Kaz | 9:9 | Шежірелерінде жазылғандай, Бабылдан оралған буняминдіктердің саны: тоғыз жүз елу алты. Осы адамдардың барлығы өз әулеттерінің басшылары болды. | |
I Ch | Kaz | 9:11 | Азариях. Азариях Хелкияның ұлы, Мешуламның немересі, Садықтың шөбересі, Мерайоттың шөпшегі, Ахитұбтың неменесі еді. Ахитұб Құдайдың ғибадатханасының басқарушысы болған. | |
I Ch | Kaz | 9:12 | Адаях Ерохамның ұлы, Пашхурдың немересі, Малқияхтың шөбересі, ал Мағасай Адиелдің ұлы, Яхзераның немересі, Мешуламның шөбересі, Мешілемиттің шөпшегі, Имердің неменесі еді. | |
I Ch | Kaz | 9:13 | Әулет басшысы болған діни қызметкерлердің саны: мың жеті жүз алпыс болды. Олардың барлығы қолдарынан іс келетін, Құдайдың ғибадатханасында жұмыс атқарған адамдар еді. | |
I Ch | Kaz | 9:14 | Леуіліктердің оралғандары: Шемаях Хашубтың ұлы, Азыриқамның немересі, Хашабияхтың шөбересі еді. Олар Мерари тармағына жататын. | |
I Ch | Kaz | 9:15 | Сондай-ақ, Бақбақар, Хереш, Ғалал, Маттаниях. Маттаниях Миханың ұлы, Зіхридің немересі, Асафтың шөбересі еді. | |
I Ch | Kaz | 9:16 | Абадиях Шемаяхтың ұлы, Ғалалдың немересі, Едутунның шөбересі еді. Барақиях нетопаттықтардың елді мекендерінде тұрған Елқанахтың немересі, Асаның ұлы еді. | |
I Ch | Kaz | 9:17 | Қақпа күзетшілерінен Бабылдан қайта оралғандары: Шаллум, Ақуб, Талмон, Ахиман және олардың ағайындары. Қақпа күзетшілерінің басшысы Шаллум болатын. | |
I Ch | Kaz | 9:18 | Бұлар ғибадатхананың шығыс жағындағы Патша қақпасында осы күнге дейін қызмет атқарып келеді. Олар, сондай-ақ, леуіліктердің мекендерінің де қақпа күзетшілері. | |
I Ch | Kaz | 9:19 | Шаллум Қоренің ұлы, Әбиясафтың немересі, Қорахтың шөбересі еді. Шаллум мен оның әулетіне жататын қақпа күзетшілері қайта тұрғызылған киелі үйдің кіреберістерін қарауылдауға міндетті болды. Ежелде олардың ата-бабалары да Жаратқан Иенің (жер бетіндегі) тұрағының кіреберістерін күзеткен болатын. | |
I Ch | Kaz | 9:20 | Баяғы заманда (діни қызметкер) Елазар ұлы Пінехес қақпа күзетшілерін басқарып, Жаратқан Ие онымен бірге болып жар болған еді. | |
I Ch | Kaz | 9:22 | Жалпы, қақпа күзетшілерінің саны — екі жүз он екі. Олар өздерінің елді мекендерінде шыққан ата-тектері бойынша тіркелді. Дәуіт және Самуил пайғамбар осы қақпа күзету қызметін атқаруға (олардың ата-бабаларын) сенімділіктеріне бола таңдап алған болатын. | |
I Ch | Kaz | 9:23 | Содан олардың өздері де, кейінгі ұрпақтары да Жаратқан Иенің киелі үйіндегі қақпаларды күзетіп жүрді. Осы киелі үй бұрынғы киелі шатырдың орнын басқан еді. | |
I Ch | Kaz | 9:24 | Қақпа күзетшілері ғибадатхананың төрт жағында: шығыс, батыс, солтүстік, оңтүстікте тұратын. | |
I Ch | Kaz | 9:25 | Олардың елді мекендерінде тұратын руластары кезекпен келіп, жеті күндік қызмет ету мерзімдерін атқарып кетуге тиіс болды. | |
I Ch | Kaz | 9:26 | Сол басты төрт қақпаның леуілік күзетшілеріне зор аманат тапсырылды. Олар Құдайдың киелі үйіндегі бөлмелер мен қазыналардың үстінен қарайтын. | |
I Ch | Kaz | 9:27 | Бұларға Құдайдың киелі үйін күзету жүктелгендіктен, олар оның айналасында түнеп шығып, күн сайын таңертең оның қақпаларын ашуға міндетті болды. | |
I Ch | Kaz | 9:28 | Леуіліктердің кейбіреулері ғибадатханадағы қызметтерде қолданылатын ыдыстар мен құрал-жабдықтар үшін жауапты болды. Сол қызметшілер ыдыстар мен құрал-жабдықтарды әкелініп, әкетілген кездерінде түгендеп санайтын. | |
I Ch | Kaz | 9:29 | Басқаларына киелі үйдегі жиһаздар мен барлық басқа аспаптарға әрі таңдаулы ұн, шарап, зәйтүн майы, түтетілетін хош иісті заттарға және дәмдеуіштерге күтім жасау жүктелді. | |
I Ch | Kaz | 9:30 | Ал хош иісті заттар мен иісмайды араластырып дайындаумен діни қызметкерлердің кейбіреулері ғана айналысты. | |
I Ch | Kaz | 9:31 | Қорахтың ұрпағы Шаллумның тұңғышы Мататиях есімді леуілік табада пісіріліп, тарту ретінде ұсынылатын нанды дайындауды басқарды. | |
I Ch | Kaz | 9:32 | Қахаттық тармаққа жататын олардың ағайындарының кейбіреулеріне әр демалыс күні ерекше нанды пісіріп, арнайы үстелге ұсынып қою міндеті жүктелді. | |
I Ch | Kaz | 9:33 | Әнші-күйшілер және леуілік әулет басшылары ғибадатхананың жанындағы бөлмелерде тұратын. Олар қызметтерін кезекпен күні-түні атқаратындықтан, қызметтің басқа түрлерінен босатылды. | |
I Ch | Kaz | 9:34 | Осылардың барлығы шежірелерінде жазылғандай, леуілік әулеттердің басшылары болды. Бұл жетекшілер Иерусалимде тұратын. | |
I Ch | Kaz | 9:36 | тұңғыш ұлының аты Абыдон болатын. Еиелдің одан кейінгі ұлдары: Сур, Қиш, Бағал, Нер, Надаб, | |
I Ch | Kaz | 9:38 | Миқлот. Миқлот Шимеяхтың әкесі болды. Бұлар да ағайындарының қасында Иерусалимде тұрды. | |
I Ch | Kaz | 9:39 | Нердің ұлы Қиш, Қиштың ұлы Саул (патша) еді. Саулдың ұлдары: Жонатан, Мәлхисуа, Әминадап, Әшбағал. | |
I Ch | Kaz | 9:42 | Ахаздың ұлы: Жоғадах, Жоғадахтың балалары: Алемет, Азмаует, Зімри, ал Зімридің ұлы Моса еді. | |