Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
I CHRONICLES
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 5
I Ch Kaz 5:1  Исраилдің тұңғыш ұлы Рубен болды. Алайда Рубен әкесінің кәнизагымен жақындасып, әке төсегін арамдағаны себепті оның тұңғыштық жолы Исраилдің басқа ұлы Жүсіптің екі ұлына берілді. Сондықтан да шежіре жазбаларында Рубен тұңғыш ұл ретінде тіркелмеген.
I Ch Kaz 5:2  Исраилдің он екі ұлының ішіндегі ең күштісі Яһуда болды, әрі сол рудан халықтың көсемі Дәуіт шықты. Бірақ тұңғыштық жол Жүсіптікі.
I Ch Kaz 5:3  Исраилдің ең үлкен ұлы Рубеннің ұлдары: Ханох, Паллу, Хесрон, Қарми.
I Ch Kaz 5:4  Жоелден өрбіген ұрпақтар: Жоелден Шемаях, одан Гог, одан Шимей,
I Ch Kaz 5:5  одан Миха, одан Реях, одан Бағал,
I Ch Kaz 5:6  одан Бегерах. Ассур патшасы Тығылат-Пеләсер рубендіктерді жер аударып алып кеткен кезде Бегерах Рубеннің басшысы болатын.
I Ch Kaz 5:7  Бегерахтың рулас ағайындары әулеттеріне сай шежіре жазбаларында төмендегідей болып тіркелген: рубасы Еиел, содан кейін Зәкәрия
I Ch Kaz 5:8  әрі Бела. Бела Азаздың ұлы, Шеманың немересі, Жоелдің шөбересі болатын.Осы рубендіктер Арогерден бастап Небо тауы мен Бағал-Меонға дейінгі аралықты мекендеді.
I Ch Kaz 5:9  Сол Ғилақад аймағында малдары көбейіп, олар шығысқа, Евфрат өзеніне қарай созылып жатқан шөл даланың бергі шетіне дейін қоныстанды.
I Ch Kaz 5:10  Саулдың патшалық құрып тұрған кезінде рубендіктер ажарлықтарға қарсы соғысып, оларды жеңіп, Ғилақад аймағынан шығыста жатқан олардың мекендерін иемденіп алды.
I Ch Kaz 5:11  Ғад руы Рубен руына көршілес Башан аймағында Салхаға дейін тұрып жатты.
I Ch Kaz 5:12  Башан аймағындағы рубасы Жоел, екіншісі Шафам, содан кейін Жанай мен Шафат болды.
I Ch Kaz 5:13  Олардың туысқандары әулеттері бойынша мыналар: Михайл, Мешулам, Шеба, Жорай, Яқан, Зия, Ебер — барлығы жетеу.
I Ch Kaz 5:14  Бұлар — Әбихаилдің ұлдары. Әбихаилдің жеті атасы: Хури, Жароақ, Ғилақад, Михайл, Ешишай, Яхдо, Буз.
I Ch Kaz 5:15  Гунидің немересі, Әбдиелдің ұлы Ахи осы әулеттің басы болды.
I Ch Kaz 5:16  Ғадтықтар Ғилақад пен Башанда және ондағы елді мекендерде әрі Шаронның барлық жайылым жерлерінде солардың шекараларына дейін қоныстанды.
I Ch Kaz 5:17  Осы есімдердің барлығы Яһуданың патшасы Жотам мен Солтүстік Исраилдің патшасы Еробоғамның кезінде шежіре жазбаларына енгізілген.
I Ch Kaz 5:18  Рубен мен Ғад руларында және Манасаның жарты руында шайқасқа жарамды ер адамдардың жалпы саны қырық төрт мың жеті жүз алпыс болды. Олардың барлығы мықты, қалқан мен семсер ұстап, садақ ата алатын, соғысқа жаттыққан адамдар болатын.
I Ch Kaz 5:19  Осы сарбаздар ажарлықтарға, Етур, Нафиш және Нодап тайпаларына қарсы соғысты.
I Ch Kaz 5:20  Олар шайқас кезінде Құдайға дауыстап сиынғандықтан Ол соларға жар болып ажарлықтарды жақтастарымен қоса бұлардың қолдарына тапсырды. Сарбаздар Құдайға сенгендіктен, Ол мінажаттарына құлақ асты.
I Ch Kaz 5:21  Олар жаудың малдарын: елу мың түйе, екі жүз елу мың қой-ешкі және екі мың есек айғырын олжалап, жүз мың адамды да қолға түсіріп тұтқындады.
I Ch Kaz 5:22  Жаудың көптеген басқа адамдары қырылды, себебі оларға қарсы шайқасқан Құдайдың Өзі болатын.Содан әлгі үш ру сол жаулардың жерін иемденіп алды. Өздері Ассур патшалығына айдалып кеткен кезге дейін олар осы жақта тұра берді.
I Ch Kaz 5:23  Манасаның (Иорданның жағында қоныс тепкен) жарты руының халқы көп болатын, олар Башаннан Бағал-Хермон мен Сенірге дейінгі аймақта қоныстанды. Сенір — Хермон тауының басқа аты.
I Ch Kaz 5:24  Олардың әулет басшыларының аттары: Ефер, Иши, Елиел, Азриил, Еремия, Ходауиях, Яхдиел. Бұлардың барлығы мықты жауынгерлер, атақты ерлер, өз әулеттерінің басшылары болатын.
I Ch Kaz 5:25  Бірақ осы рулар өздерінің ата-бабалары сиынған Құдайға опасыздық жасады. Олар Құдай баяғыда құртып жіберген сол елдің халықтарының жалған тәңірлеріне құлшылық етті.
I Ch Kaz 5:26  Сол себепті Исраилдің Құдайы Ассурдың Пул деп те аталған Тығылат-Пеләсер патшасына ықпал жасап, патша Рубен мен Ғад руларын және Манаса руының жартысын жер аударып әкетті. Оларды (Солтүстік Месопотамиядағы) Халах, Хабор, Араға және Ғозан маңындағы Евфрат өзеніне апарып, осы күнге дейін олар сонда тұрып келеді.