PSALMS
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
67
68
69
70
71
72
73
74
75
76
77
78
79
80
81
82
83
84
85
86
87
88
89
90
91
92
93
94
95
96
97
98
99
100
101
102
103
104
105
106
107
108
109
110
111
112
113
114
115
116
117
118
119
120
121
122
123
124
125
126
127
128
129
130
131
132
133
134
135
136
137
138
139
140
141
142
143
144
145
146
147
148
149
150
151
Chapter 30
Psal | Kaz | 30:2 | Өзіңді паналаймын, уа, Жаратқан,Ұятқа қалдырмашы мені ешқашан,Сен әділсің, мені алып қалшы аман. | |
Psal | Kaz | 30:7 | Жек көрем түк пайдасыз тәңірсымақтардыӘрі оларға табынған адамдарды,Ал Жаратқан Иеге нық сенемін, | |
Psal | Kaz | 30:8 | Қуанып, шаттанамын рақымыңа Сенің,Сен байқадың мүшкіл халімді менің,Жанымның азабына көңіліңді бөлдің. | |
Psal | Kaz | 30:10 | Рақым ете гөр, қиналып тұрмын,Уа, Ием, күйіктен солды жанарым,Зор қасіреттен әлсіреді жан-тәнім. | |
Psal | Kaz | 30:11 | Ғұмыр жасым қайғыдан қысқаруда,Күңіреніп өмірім таусылуда,Күнәма бола күш-қуатым қайтуда,Сүйектерімнің күші кетіп қуаруда. | |
Psal | Kaz | 30:12 | Көршілеріме жек көрініштімін,Таныстарыма да қорқыныштымын,Мені көре қалса қашады далада,Осындай болдым жауларыма бола. | |
Psal | Kaz | 30:14 | Көп естимін өзім жайлы өсек-аяң,Қауіп төніп тұр басыма жан-жақтан,Жауларым маған қарсы сөз байласуда,Жанымды алуға жоспар құруда. | |
Psal | Kaz | 30:18 | Мені ұятқа қалдырма, уа, Жаратқан,Себебі жалбарынып жүрмін Саған.Зымияндар масқараланатын болсын,Үндері өшіп, олар қабірге қойылсын, | |
Psal | Kaz | 30:20 | Уа, Ием, қандай мол Сенің ізгілігің:Өзіңді қастерлеп, паналайтындар үшінСоны сақтап, жұрт алдында сыйлайсың. | |
Psal | Kaz | 30:21 | Сен пана болып әділді қорғайсың,Өз саяңда аман-есен сақтайсыңАдамдардың астыртын әрекетіненӘрі ұрсып айыптайтын тілдерінен. | |
Psal | Kaz | 30:22 | Маған мейірімін көрсеткені үшін,Қоршалған қалада қорғағаны үшінЖаратқан Ие әрдайым мадақталсын! | |
Psal | Kaz | 30:23 | Қорқыныштан былай деп уайымдадым:«Сірә, Сенің назарыңнан тыс қалдым!»Бірақ Сен жалынған даусыма құлақ түрдің,Сиынған мінажатыма жауап бердің. | |
Psal | Kaz | 30:24 | Жаратқанды сүйіңдер, бар әділдері,Иеміз аман сақтайды адал пенделерді,Ал молынан жазалайды менмендерді. | |