Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
EXODUS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 13
Exod Kaz 13:1  Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға мынаны бұйырды:
Exod Kaz 13:2  — Исраил үрім-бұтағының тұңғыш туғандарының бәрін: адам баласынан бастап малдың төліне дейін Маған бағыштаңдар! Олар Менікі.
Exod Kaz 13:3  Мұса халыққа былай деді:— Құлдықтың құрсауы — Мысырдан құтылған осы күнді еске алып отырыңдар. Өйткені Жаратқан Ие сендерді Өзінің құдіретті қолымен сол жерден бастап алып шықты. Осы күні ашытқымен дайындалған тамақ жемеңдер!
Exod Kaz 13:4  Бүгін, абиб айында, Мысырдан шығып бара жатырсыңдар.
Exod Kaz 13:5  Жаратқан Ие сендерді ата-бабаларыңа уәде еткен елге: қанахандықтар, хеттіктер, аморлықтар, хевтіктер және ебустіктер тұрып жатқан, ағы мен балы ағыл-тегіл жерге бастап алып барады. Сонда осы рәсімді былай ұстануларың керек:
Exod Kaz 13:6  жеті күн бойы ашытқысыз пісірілген нан жеңдер, әрі жетінші күні Жаратқан Иеге арнап мейрам өткізіңдер.
Exod Kaz 13:7  Осы жеті күн бойы ашымаған нан жеулерің қажет. Не өздеріңнен, не тұрып жатқан маңайларыңнан сол күндері ашыған нан мен басқа да ашытқымен дайындалған тағам атаулы табылмауға тиіс.
Exod Kaz 13:8  Сол күні балаларыңа былай деп түсіндіріңдер: «Мысырдан көшіп шыққан кезімізде Жаратқан Иенің бізге көрсеткен игілігі үшін осылай істейміз».
Exod Kaz 13:9  Бұл әдет қолдарыңа салынған белгіге, көз алдарыңдағы ескертпе жазбаға ұқсайтын болсын. Содан ол Жаратқан Иенің ережелерінің әрқашан аузыңда болуға тиіс екенін естеріңе түсірмек. Себебі Жаратқан Ие сендерді Өзінің құдіретті қолымен Мысырдан бастап алып шықты.
Exod Kaz 13:10  Осы ережені жыл сайын белгіленген уақытта орындайтын болыңдар!
Exod Kaz 13:11  Жаратқан Ие өздеріңе және ата-бабаларыңа антпен уәде еткендей сендерді Қанахан жеріне алып барып, оны өздеріңе табыстап бергеннен кейін,
Exod Kaz 13:12  сендер құрсақтан шыққан тұңғыштарды Жаратқан Иеге бағыштаңдар! Қолдағы бар малдың тұңғыш туған еркек төлдерін Жаратқан Иеге арнап құрбандыққа шалыңдар.
Exod Kaz 13:13  Есектің тұңғыш төлінің орнына бір тоқтыны бағыштаңдар. Егер олай етпесеңдер, есектің мойнын үзіңдер. Ал әрбір тұңғыш ұлдарыңның төлемі ретінде арнайы құрбандық шалыңдар.
Exod Kaz 13:14  Болашақта балаларың сендерден: «Бұның мағынасы қандай?» деп сұраса, оларға мынаны айтыңдар: «Жаратқан Ие бізді құлдықтың құрсауы — Мысырдан Өзінің құдіретті қолымен азат етіп алды.
Exod Kaz 13:15  Перғауын қырсығып бізді жіберуден бас тартқанда, Жаратқан Ие Мысырдағы тұңғыш атаулыны — адамдардың тұңғыш ұлдарынан бастап малдардың тұңғыш еркек төлдеріне дейін өлтірді. Сол себепті біз малдардың тұңғыш еркек төлдерінің бәрін Жаратқан Иеге арнап құрбандыққа шаламыз. Ал тұңғыш ұлдарымыздың төлемі ретінде арнайы құрбандық ұсынамыз».
Exod Kaz 13:16  Осылайша бұл әдет қолдарыңа салынған белгі, көз алдарыңдағы ескертпе жазба іспетті болсын. Содан ол Жаратқан Иенің бізді Өзінің құдіретті қолымен Мысырдан алып шыққанын естеріңе түсірмек.
Exod Kaz 13:17  Перғауын халықты жібергеннен кейін, філістірлердің елі арқылы жол қысқарақ болса да, Құдай оларды сол жолмен бастап алып жүрмеді. Себебі Құдай былай деді: «Халық соғысқа душар болып қалса, олар алған беттерінен бас тартып, Мысырға қайта оралып жүрер».
Exod Kaz 13:18  Сондықтан Құдай халықты Қамысты теңізге қарай айдаладағы жолмен айналдырып алып жүрді. Исраилдіктер Мысырдан қару-жарақтанып көшіп шыққан болатын.
Exod Kaz 13:19  Ал Мұса пайғамбар Жүсіптің сүйегін де бірге ала шықты. Жүсіп өлер алдында Исраилдің ұрпақтарынан ант алып: «Құдай рақымын түсіріп, сендерді осы жерден алып шығатын болады. Сол кезде менің сүйегімді де өздеріңмен бірге ала кетіңдер!» — деп өсиеттеген болатын.
Exod Kaz 13:20  Сонымен халық Соқоттан шығып, айдаланың шет жағындағы Етамға барып, қоныстанды.
Exod Kaz 13:21  Жаратқан Ие исраилдіктерге жол көрсетіп, күндіз бағана тәрізді бұлт ішінде, ал түнде жолдарына жарық түсіріп, жалындаған от бағанасының ішінде алдарында жүріп отырды. Осылайша олар күні-түні жол жүре алды.
Exod Kaz 13:22  Жаратқан Ие не күндіз бағана тәрізді бұлтты, не түнде жалындаған от бағанасын халықтың көз алдынан ажыратпай, әрдайым бірге жүргізді.