EXODUS
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
Chapter 2
| Exod | Kaz | 2:2 | Сол әйел жүкті болып, ұл туады. Сәбидің ерекше әдемі екенін көрген шешесі оны үш ай бойы жасырып бағады. | |
| Exod | Kaz | 2:3 | Алайда бұдан әрі жасыра алмайтындықтан, әйел қамыстан себет тоқып, оны қара шайырмен бітеп, нәрестені ішіне жатқызады. Сонан соң себетті Ніл өзенінің жағасында өсіп тұрған құрақтың арасына апарып, суға қоя береді. | |
| Exod | Kaz | 2:5 | Сол мезгілде перғауынның қызы шомылу үшін өзенге келеді. Күтуші қыздары су жағасында әрі-бері жүрумен болады. Қамыс арасынан себетті байқап қалған ханша бір күтуші қызын жұмсап, оны алдыртады. | |
| Exod | Kaz | 2:6 | Ханша себетті ашып, ішінде жатқан нәрестені көреді. Сол ұл бала жылап жатыр екен. Ханша оны аяп кетіп:— Бұл — исраилдік нәресте ғой, — дейді. | |
| Exod | Kaz | 2:7 | Сонда сәбидің әпкесі тығылып отырған жерінен шығып:— Мен барып, бөбекті емізу үшін сізге бір исраилдік әйелді шақырып алып келейін бе? — деп сұрайды. | |
| Exod | Kaz | 2:9 | Ханша оған:— Мына нәрестені ал, оны менің орныма емізетін боласың. Сол үшін ақыңды төлеймін, — деп бұйырады. Әйел бөбекті емізіп асырау үшін үйіне алып кетеді. | |
| Exod | Kaz | 2:10 | Сәби біраз өскеннен кейін шешесі оны перғауынның қызына апарып береді. Ханша баланы бауырына басып, «Оны судан шығарып алдым ғой», — деп, оған Мұса («Шығарып алған») деген ат қояды. | |
| Exod | Kaz | 2:11 | Арада бірнеше жыл өтіп, Мұса ержеткенде бір күні өз халқының арасына барып, олардың қандай ауыр жұмыс істеп жүргендерін көрді. Сол кезде ол исраилдік ұлттастарының біреуін бір мысырлықтың ұрып-соғып жатқанын байқап қалды. | |
| Exod | Kaz | 2:12 | Мұса жан-жағына қарап, ешкімнің жоқ екеніне көзі жеткен соң, мысырлықты ұрып өлтіріп, құмға көміп тастады. | |
| Exod | Kaz | 2:13 | Келесі күні де Мұса далаға шыққанда, бір-бірімен төбелесіп жатқан екі исраилдікті көрді. Жәбір көрсеткенге ол:— Сен неге бауырласыңды ұрасың? — деді. | |
| Exod | Kaz | 2:14 | Сол адам:— Кім сені бізге басшы әрі төреші етіп тағайындады? Сен немене, мысырлықты өлтіргендей мені де өлтірмексің бе? — деп жауап қайтарды. Мұса: «Менің істегенім туралы жұрт біліп қойған екен ғой», — деп ойлап, үрейі ұшты. | |
| Exod | Kaz | 2:15 | Болған жайды перғауын да естіп, Мұсаны өлтіртпек болды. Бірақ ол перғауыннан қашып кетіп, Мадиян еліне барып, тоқтады.Бірде Мұса құдық түбінде отырған еді. | |
| Exod | Kaz | 2:16 | Мадияндық діни қызметкердің жеті қызы бар болатын. Олар әкелерінің қой-ешкілерін суару үшін сол құдықтан су тартып, науаларды толтыратын. | |
| Exod | Kaz | 2:17 | Алайда басқа қойшылар да келіп, бұларды қуып жіберіп, (алдымен өз малдарын суарып алатын). Бірақ бұл жолы Мұса орнынан ұшып тұрып, қыздарды қорғап, малдарын суарып берді. | |
| Exod | Kaz | 2:18 | Қыздар үйлеріне қайтқанда әкелері Рәгуел:— Қалайша бүгін ерте келіп қалдыңдар? — деп сұрады. | |
| Exod | Kaz | 2:19 | Олар:— Бір мысырлық жігіт бізді қойшылардан қорғап, тіпті су тартып, малымызды суарып берді, — деп жауап қатты. | |
| Exod | Kaz | 2:20 | Сонда әкелері:— Сол жігіт қайда? Оны неге далада қалдырып кеттіңдер? Тамақ ішсін, шақырып келіңдер, — деп тапсырды. | |
| Exod | Kaz | 2:21 | Оның қонақжайлылығына риза болған Мұса үйінде тұрып қалуға келісті. Уақыт өте, діни қызметкер Мұсаға қызы Сипораны әйелдікке берді. | |
| Exod | Kaz | 2:22 | Кейін әйелі ұл туып, Мұса оған Гершом (яғни «Сол жерге кірме») деген ат қойды. Себебі ол: «Мен бөтен жердегі жат жұрттық кірме болдым», — деді. | |
| Exod | Kaz | 2:23 | Ұзақ уақыттан кейін Мысырдың патшасы дүниеден қайтты. Ал исраилдіктер әлі де құлдықтан бейнет шегіп, күңірене күрсініп зарлап жатты. Олардың көмек сұрап жалбарынуы Құдайдың құлағына жетті. | |
| Exod | Kaz | 2:24 | Зарлаған дауыстарын естігенде Құдай Өзінің Ыбырайым, Ысқақ, Жақыппен жасаған Келісімін рақыммен есіне алды. | |