EXODUS
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
Chapter 24
Exod | Kaz | 24:1 | Кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп те бұйырды: «Һаронды, (оның ұлдары) Надаб пен Әбиһуді және Исраилдің жетпіс рубасын ертіп тауға көтеріліп, Маған алысырақтан бас ұра тағзым етіңдер. | |
Exod | Kaz | 24:2 | Тек сен ғана қасыма жақында, ал басқалар таяп келмесін! Халық саған еріп жоғары көтеріліп жүрмесін!» | |
Exod | Kaz | 24:3 | Мұса қайтып келіп, халыққа Жаратқан Иенің күллі сөздері мен заңдарын жеткізгенде, бүкіл халық бірауыздан: «Жаратқан Иенің айтқандарының бәрін орындаймыз!» — деп жауап берді. | |
Exod | Kaz | 24:4 | Сонда Мұса Жаратқан Иенің барлық сөздерін жазып қойды.Ертеңгісін ол ерте тұрып, таудың етегінде құрбандық орнын тұрғызып, Исраилдің он екі руының белгісі ретінде он екі тас бағананы орнатты. | |
Exod | Kaz | 24:5 | Исраилдіктердің арасынан жас жігіттерді жіберіп, олар Жаратқан Иеге арнап бірнеше малдарды шалып, түгелдей өртеп ұсынды. Олар тағы бірсыпыра жас бұқаларды ризашылық құрбандығына шалды. | |
Exod | Kaz | 24:6 | Мұса солардың қанының жартысын тостағандарға құйып, жартысын құрбандық орнының үстіне бүркіп шашты. | |
Exod | Kaz | 24:7 | Содан кейін ол Келісім кітабын алып, халыққа дауыстап оқып берді. Олар:— Жаратқан Иенің айтқандарының бәрін орындап, мойынсұнатын боламыз, — деп жауап қайырды. | |
Exod | Kaz | 24:8 | Содан Мұса қанды алып, оны халыққа бүркіп тұрып:— Бұл — Жаратқан Иенің осы айтылған сөздердің бәрі бойынша өздеріңмен жасаған Келісімін бекітетін қан, — деді. | |
Exod | Kaz | 24:10 | Исраилдің сиынатын Құдайының аянын көрді. Оның табанының асты аспандай мөлдір, жарқылдаған саф көк асыл тас төселген алаңға ұқсады. | |
Exod | Kaz | 24:11 | Құдай Исраилдің үрім-бұтағынан таңдаған басшыларына қарсы қол көтерген жоқ. Олар Құдайдың аянын көріп, Оның алдында тамақ ішті. | |
Exod | Kaz | 24:12 | Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды: «Таудың басына көтеріліп, осы жерде бол. Мен саған халыққа үйрету үшін Өзім ережелерім мен өсиеттерімді жазған тас тақташаларды беремін». | |
Exod | Kaz | 24:13 | Сонда Мұса көмекшісі Ешуамен бірге тауға көтерілді. Ал Мұсаның өзі ғана Құдай тауының басына шықты. | |
Exod | Kaz | 24:14 | Ол рубасыларға: «Біз қайтып келгенше осы жерде қалыңдар. Һарон мен Һұр сендермен бірге болады. Мәселелері барлар соларға жүгінсін», — деген болатын. | |
Exod | Kaz | 24:16 | Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты Синай тауына орнады. Бұлт тауды алты күн бойы жауып тұрды. Жетінші күні Жаратқан Ие бұлттың ортасынан Мұсаға тіл қатты. | |
Exod | Kaz | 24:17 | Исраилдің үрім-бұтағының көздеріне Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты таудың басында бәрін жалмап қоятын от іспетті көрінді. | |