JEREMIAH
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
Chapter 43
Jere | Kaz | 43:1 | Еремия бүкіл халыққа олардың Құдайы Жаратқан Иенің айтқан осы сөздерді түгелдей жеткізді. Себебі Жаратқан Ие оған бұл хабардың бәрін соларға жариялауды тапсырған еді. | |
Jere | Kaz | 43:2 | Сонда Хошаях ұлы Азариях, Қареях ұлы Жоханан және барлық басқа өркөкірек адамдар Еремияға қарсы шығып былай деді:— Жоқ, өтірік айтып тұрсыз! Құдайымыз Жаратқан Ие сізге: «Мысырға бармаңдар, сол жақта келімсек болып тұрмаңдар!» дегенді бізге арнап айтқызған жоқ! | |
Jere | Kaz | 43:3 | Расында Нириях ұлы Барух сізді бізге қарсы арандатып отыр. Ол бізді өлтірту үшін немесе Бабылға айдап әкеттіру үшін халдейлердің қолына тапсырмақшы. | |
Jere | Kaz | 43:4 | Осылайша Қареях ұлы Жоханан, барлық басқа жасақ басшылары және бүкіл халық Жаратқан Иенің Яһуда елінде қалыңдар деген сөзіне мойынсұнған жоқ. | |
Jere | Kaz | 43:5 | Керісінше, өлімнен аман қалып, қашып кеткен басқа халықтардың арасынан Яһуда еліне тұруға қайтып келген яһудилердің барлығын Қареях ұлы Жоханан және басқа жасақ басшылары ертіп алып кетті. | |
Jere | Kaz | 43:6 | Олар, сондай-ақ, бабылдық әмірші Набузар-Адан Ахиқам ұлы Ғодалияхтың қасына қалдырған халықты: барлық ер адамдар мен әйелдерді, балалар мен патшаның қыздарын және Еремия пайғамбар мен Нириях ұлы Барухты да өздеріне ілестіріп әкетті. | |
Jere | Kaz | 43:9 | «Бірнеше үлкен тас алып кел де, оларды жиналып тұрған яһудалық елдестеріңнің көз алдында перғауын түсетін сарайдың алдындағы кіреберісінің жанындағы кірпішпен бекітілген сатылы беткейдің астына көміп таста! | |
Jere | Kaz | 43:10 | Жиналғандарға былай де: Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Мен Өзіме қызмет етуші Бабыл патшасы Набуходоносорды осында алдыртып, оның патшалық тағын осы жерде көмулі жатқан тастардың үстіне орнатамын. Бабыл патшасы солардың үстіне өзінің шатырын тігетін болады. | |
Jere | Kaz | 43:11 | Ол аттанып келгенде Мысырға шабуыл жасайды. Сонда індеттен өлуге бұйырылғандар індетке, жер аударылуға бұйырылғандар жер аударылуға, семсерге бұйырылғандар семсерге тапсырылатын болады. | |
Jere | Kaz | 43:12 | Мен сол Бабыл патшасы арқылы Мысырдың тәңірсымақтарының ғибадатханаларына от қоямын. Патша солардың мүсіндерін не өртеп жібереді, не тұтқындап әкетеді. Қойшының шапанын жамылып алатынындай, ол Мысыр елін қыспаққа алады. Ақырында сол жақтан аман-есен шығады. | |