JEREMIAH
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
Chapter 42
Jere | Kaz | 42:1 | Содан Қареях ұлы Жоханан, Хошаях ұлы Езаниях және басқа жасақ басшыларының бәрі үлкенді-кішілі бүкіл халықпен бірге | |
Jere | Kaz | 42:2 | Еремия пайғамбардың алдына келіп, былай деді:— Біздің өтінішімізді тыңдап, елде қалған бәріміз үшін Құдайыңыз Жаратқан Иеге сиынып арашалық дұға ете көріңіз! Бұрын біз көп едік, енді өзіңіз көріп отырғаныңыздай азғантай ғана қалдық. | |
Jere | Kaz | 42:3 | Қай жолмен жүруіміз керек, не істеуіміз керек, соны бізге Құдайыңыз Жаратқан Ие көрсете көрсін. — | |
Jere | Kaz | 42:4 | Еремия пайғамбар оларға былай деді:— Айтқандарыңды естідім. Әрине, мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иеге сиынып өздерің үшін арашалық дұға ете беремін. Жаратқан Ие маған қандай жауап берсе де, оны сендерге ештеңесін бүкпей жеткіземін! — | |
Jere | Kaz | 42:5 | Олар Еремияға:— Егер Құдайыңыз Жаратқан Иенің бізге сіз арқылы жіберген бүкіл бұйрығы бойынша істемесек, онда Жаратқан Ие бізге қарсы сенімді де шыншыл куә болсын! | |
Jere | Kaz | 42:6 | Біз сізді жіберіп отырған Құдай Иеміздің тапсырғаны бізге ұнаса да, ұнамаса да, өзімізге игі болуы үшін Құдайымыз Жаратқан Иенің айтқандарына құлақ асатын боламыз! — деп уәде берді. | |
Jere | Kaz | 42:8 | Сонда Еремия Қареях ұлы Жохананды, оның қасындағы басқа жасақ басшыларының бәрін және үлкенді-кішілі бүкіл халықты шақырып алып, | |
Jere | Kaz | 42:9 | оларға былай деді:— Мені Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге өз өтініштеріңді айтып жіберген едіңдер. Ол мынаны айтады: | |
Jere | Kaz | 42:10 | Егер осы елде қалатын болсаңдар, Мен сендерді құртпаймын, керісінше, тұрғызып өркендетемін, жұлып тастамаймын, керісінше, қайтадан егіп отырғызамын. Өйткені Мен сендерге жіберген зор апат жайлы райымнан қайтамын. | |
Jere | Kaz | 42:11 | Бабыл патшасынан қатты қорқасыңдар, ал Жаратқан Ие өздеріңе мынаны айтады: Одан қорықпаңдар! Мен сендермен бірге жүріп жар боламын! Сендерді оның қолынан құтқарып, аман алып қаламын! | |
Jere | Kaz | 42:12 | Мен сендерге рақымды болғандықтан ол да өздеріңе рақым көрсетіп, жерлеріңе қайтуларыңа рұқсат береді. | |
Jere | Kaz | 42:13 | Сендер «Біз осы елде қалмаймыз!» деп, Құдайларың Жаратқан Иеге мойынсұнудан бас тартпаңдар! | |
Jere | Kaz | 42:14 | «Керісінше, Мысырға барып, сонда қоныстанамыз. Сол жерде соғысты көрмейміз, шайқасқа шақырған керней үнін естімейміз, аштықтан да өлмейміз!» деп тұрып алмаңдар! | |
Jere | Kaz | 42:15 | Ал егер бәрібір осылай істесеңдер, онда сол туралы Жаратқан Иенің не айтқанын тыңдаңдар, уа, Яһуданың елде қалған жұрты! Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Егер Мысырға барып, сонда қоныстанатын болсаңдар, | |
Jere | Kaz | 42:16 | онда өздерің қорқатын семсер сендерді сол жақта да тауып алады және өздерің қорқатын ашаршылық та сендердің соңдарыңнан Мысырға жетіп, сол жақта аштан қырыласыңдар. | |
Jere | Kaz | 42:17 | Мысырды мекен ету үшін бет алғандар ол жерде семсер, ашаршылық не індеттен құритын болады. Мен бастарына түсіретін пәледен олардың ешқайсысы аман да қалмайды, қашып құтыла да алмайды. | |
Jere | Kaz | 42:18 | Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, тағы мынаны айтады: Менің қаһарым Иерусалим тұрғындарына төгілгендей, Мысырға көшкен кездеріңде сендерге де төгіледі. Сендер қарғалып, қорқынышты көрініске айналып, масқара мен мазаққа ұшырайсыңдар. Ал осы жерді сендер енді қайтып көрмейтін боласыңдар. | |
Jere | Kaz | 42:19 | Уа, Яһуданың елде қалған адамдары! Жаратқан Ие сендерге мынаны айтқан еді: «Мысырға бармаңдар!» Мен бүгін өздеріңе жасаған осы ескертуді көңілдеріңе жақсылап тоқып алыңдар! | |
Jere | Kaz | 42:20 | Маған: «Құдайымыз Жаратқан Иеге біз үшін арашалық дұға етсеңізші! Оның бізге арнап айтқандарын толықтай жеткізіңіз, біз соны орындаймыз!» дегендеріңде де екіжүзділік жасап ғаламат қате жібердіңдер. | |
Jere | Kaz | 42:21 | Себебі не істеуге тиіс болғандарың туралы Құдайларың Жаратқан Иенің айтқандарын сендерге бүгін жеткіздім. Бірақ өткен кездерде істегендерің іспетті, Оның мен арқылы жіберген хабарына бәрібір мойынсұнған жоқсыңдар. | |