JEREMIAH
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
Chapter 5
Jere | Kaz | 5:1 | — Иерусалимнің көшелерін олай да бұлай шарлап, жан-жаққа зер сала қарап, алаңдарынан да іздеңдер! Әділ іс істеп, шындықты ұстанушы бір адамды тапсаңдар, Мен бүкіл қаланы кешіремін. | |
Jere | Kaz | 5:3 | — Уа, Жаратқан Ие, Сен шыншылдықты талап етесің ғой! Сен оларға соққы берсең де, еш ауырсынбады, күйрете соққы берсең де, түзелуден бас тартты. Олар беттерін тастан бетер қатайтып қасарысып, күнәларына еш өкінбеді. | |
Jere | Kaz | 5:4 | Сонда мен: «Бұлар бар болғаны кедейлер ғана. Олар сауатсыз ғой, Жаратқан Иенің жолын, өздерінің Құдайының Таурат заңын білмейтін де шығар. | |
Jere | Kaz | 5:5 | Сондықтан мен атақтыларына барып, айтарымды соларға айтайын. Жаратқан Иенің жолы мен Құдайдың Таурат заңын бұлар сөзсіз біледі!» деп ойладым. Бірақ атақтылары да бәрі бірдей Жаратқан Иенің жүктеген міндеттерінен бас тартып, Оның қойған шектерін бұза берген. | |
Jere | Kaz | 5:6 | Енді орманнан шыға келген арыстан оларға бас салып, құла түзде жүрген қасқыр оларды жалмайды. Қалаларының маңында қабылан торуылдап, сыртқа шыққан кез келген адамды жарып тастауға дайын. Себебі олар әбден бас көтеріп, сансыз рет Жаратқан Иеге опасыздық жасап келеді. | |
Jere | Kaz | 5:7 | «Мен сендерді қалай кешіре аламын? Балаларың Менен бас тартып, ешқандай да құдай емес тәңірсымақтардың атымен ант ететін болды. Мен оларды асырап жүрсем де, олар азғындыққа салынып, жеңіл жүрісті әйелдердің үйлеріне топырлап барады. | |
Jere | Kaz | 5:9 | Оларды бұлары үшін жазаламай қоя берейін бе? — дейді Жаратқан Ие. — Егер мұндай халыққа лайықтысын қайтармасам, соным дұрыс болар ма еді?!» | |
Jere | Kaz | 5:10 | (Халық сапасыз жүзімдік іспетті азып барады.) Жүзімдіктің соқпақтарын аралап жүріп, бұталарын құртыңдар, дегенмен толығымен қырып-жоймаңдар! Бұталардың сабақтарын жұлып тастаңдар, өйткені бұл адамдар Жаратқан Иенікі емес! | |
Jere | Kaz | 5:11 | «Солтүстік Исраил халқы мен Яһуда халқы Маған зұлым опасыздық жасады, — дейді Жаратқан Ие. | |
Jere | Kaz | 5:12 | Олар Жаратқан Ие туралы өтірік айтып: «Ол жоқ, ештеңе істемейді! Басымызға пәле түспейді, не соғыс, не ашаршылықты ешқашан көрмейміз! | |
Jere | Kaz | 5:13 | Пайғамбарлардың сөздері ескен желдей бос, Құдайдың хабарлары оларда жоқ. (Олар қоқан-лоқы жасап) айтқандары өз бастарына түссін!» деді». | |
Jere | Kaz | 5:14 | Сондықтан Әлемнің Әміршісі Құдай Ие маған былай деді: «Мына халықтың осындай сөздерді айтқандары үшін Мен сенің аузыңдағы сөздерімді от, ал халықты отын қыламын. Олар бұл оттан тұтанып лапылдап жанатын болады!» | |
Jere | Kaz | 5:15 | «Уа, Исраилдің үрім-бұтағы, — дейді Жаратқан Ие, — Мен сендерге қарсы алыстан бір халықты аттандырып әкелемін. Ол ежелден келе жатқан қуатты халық. Оның тілін білмейсіңдер, айтып тұрғандарын түсінбейсіңдер. | |
Jere | Kaz | 5:17 | Сол жасақшылар өнімдеріңді жеп, азық-түліктеріңді тауысады, ұл-қыздарыңды да жалмап қояды. Олар сендердің табын-отарларыңды, жүзімдерің мен інжірлеріңді жалмап, сенім артып отырған бекіністі қалаларыңды жермен-жексен қылады. | |
Jere | Kaz | 5:18 | Бірақ тіпті сол кездері де Мен сендерді толығымен құртып жоқ қылмаймын», — деп уәде береді Жаратқан Ие. | |
Jere | Kaz | 5:19 | «Халқың: «Бұның бәрін Құдайымыз Жаратқан Ие бізге неге істеді екен?» деп сұрайтын болса, сен оларға: «Себебі сендер Одан бас тартып, осы елдеріңде бөтен тәңірлерге беріліп табынып кеткенсіңдер. Сол себепті енді өз елдерің емес жерде бөтен халықтың құлы боласыңдар!» деп жауап бересің». | |
Jere | Kaz | 5:21 | Тыңдаңдар мынаны, ақымақ та түйсіксіз халық: көздерің болса да көрмейсіңдер, құлақтарың болса да естімейсіңдер. | |
Jere | Kaz | 5:22 | Мені неге қастерлемейсіңдер? — дейді Жаратқан Ие. — Менің алдымда неге қорқып дірілдеп тұрмайсыңдар? Теңіздің шетін құм төбелермен шектеп көмкердім. Соларды теңіз ешқашан өте алмайтын шекара етіп қойдым. Толқындар қанша буырқанып, толқыса да, Мен белгілеп қойған шектерінен өте алмайды. | |
Jere | Kaz | 5:24 | Халық шын жүректен өзара: «Құдай Иеміз бізге күзгі де, көктемгі де жаңбырларын мезгілінде жауғызады, жыл сайын белгілі мерзімде өнім сыйлайды, Оны терең қастерлейікші!» десіп келмейді. | |
Jere | Kaz | 5:25 | Өз әділетсіз істеріңе бола осы жақсылықтардан құр алақан қалдыңдар, өз күнәларың сендерді бұл игіліктерден шет қалдырды. | |
Jere | Kaz | 5:26 | Менің халқымның арасында құсқа тұзақ құрғандай адамдарды аңдып жататын залымдар бар. Олар тор құрып, адамдарды қолға түсіреді. | |
Jere | Kaz | 5:27 | Тордың құсқа толы болатынындай, олардың үйлері алдамшылыққа толы. Соның арқасында олар байып, беделге ие болды. | |
Jere | Kaz | 5:28 | Олар әбден шел жинап жып-жылтыр болып алды. Зұлым істерінде енді шек жоқ, жетімнің ісін әділдікпен шешпейді, жарлының мүддесін де қорғамайды. | |
Jere | Kaz | 5:29 | Осы халықты сол үшін жазаламай қоя берейін бе? Егер мұндай халыққа лайықтысын қайтармасам, соным дұрыс болар ма еді?!» — деп сұрайды Жаратқан Ие. | |