JEREMIAH
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
Chapter 13
Jere | Kaz | 13:1 | Жаратқан Ие маған: «Бар да, бәтес белбеу сатып алып, беліңе байлап ал! Бірақ оны суға малма», — деп тапсырды. | |
Jere | Kaz | 13:4 | «Сатып әкеліп, беліңе байлап алған белбеуіңді алып, Евфратқа бар да, оны сондағы бір жартастың жарығына тығып қой!» — деді. | |
Jere | Kaz | 13:6 | Көп күннен кейін Жаратқан Ие маған: «Евфратқа қайтып бар да, сонда Өзім саған тығып қой деген жерден белбеуді қайтып әкел!» — деді. | |
Jere | Kaz | 13:7 | Мен сол жерге қайта оралып, белбеуді тыққан жерімнен қазып алдым. Бірақ белбеу шіріп, түкке жарамай қалыпты. | |
Jere | Kaz | 13:9 | «Жаратқан Ие мынаны айтады: Дәл осылайша Мен Яһуданың тәкаппарлығын да, Иерусалимнің асқан өркөкіректігін де шірітіп құртамын! | |
Jere | Kaz | 13:10 | Мына зұлым халық Менің айтқандарыма құлақ асудан бас тартады. Олар қасарысқан жүректерінің қалауларымен жүріп, бөгде тәңірлерге құлшылық етіп, соларға иіліп табынуда. Сондықтан олар осы белбеуге ұқсап түкке тұрғысыз болып қалады. | |
Jere | Kaz | 13:11 | Өйткені белбеудің адам денесіне жабысып тұратынындай, Мен де Исраил мен Яһуданың бүкіл үрім-бұтағын Өзіме жақын тұрсын деп жаратқан едім. Олар атақ-даңқымды асырып, Өзім мақтан ететін таңдаулы халқым болсын дедім. Бірақ олар Мені мүлдем тыңдамай қойды. | |
Jere | Kaz | 13:12 | Оларға мына сөздерді жеткізіп, былай де: Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Кез келген құмыраны сусынмен толтырады. Ал егер олар: «Әрбір құмыраның сусынмен толтырылатынын өзіміз де білеміз» десе, | |
Jere | Kaz | 13:13 | оларға былай де: Жаратқан Иенің сендерге осымен айтпақ болғаны мынау: Біліп алыңдар, Мен елдің барлық тұрғындарын, Дәуіттің тағында отырған патшаларды да, діни қызметкерлер мен пайғамбарларды да, Иерусалимде тұрып жатқан күллі халықты да ішкен адамдай масайтамын. | |
Jere | Kaz | 13:14 | Олардың әкесін де, баласын да бір-бірімен соқтығыстырып, ешқандай мейірім танытпаймын. Оларды есіркеп-мүсіркемеймін, көздерін құртуға аямаймын, — деп ескертеді Жаратқан Ие». | |
Jere | Kaz | 13:16 | Тым кеш болмай тұрғанда Құдайларың Жаратқан Иенің алдында күнәларыңды мойындап, Оған құрмет көрсетіңдер! Әйтпесе Ол қыраттарды қараңғылыққа батырып, сендер жол жүргенде сүрініп жығыласыңдар. Сендер жарықты күткенде Ол оны көр іспетті қара түнекке айналдырады. | |
Jere | Kaz | 13:17 | Сендер тыңдамасаңдар, мен тәкаппарлықтарыңа бола оңашада жылайтын боламын. Көз жасым көл болып ағады, себебі Жаратқан Иенің халқы тұтқындалып, айдалып кетеді. | |
Jere | Kaz | 13:18 | Патша мен оның шешесіне мынаны жеткізіңдер: Тақтарыңнан түсіңдер, өйткені салтанатты тәждерің бастарыңнан құлап түсті. | |
Jere | Kaz | 13:19 | Оңтүстіктегі Негев аймағының қалалары жабылып, қақпаларын ашатын ешкім болмайды. Себебі Яһуда халқы түгелдей басқа жаққа әкетіліп, бәрі де жер аударылатын болады. | |
Jere | Kaz | 13:20 | Қамқорлығыңа тапсырылған отарың — сен мақтан тұтатын Яһуда халқы қайда, ей, Иерусалим?Көз салып, солтүстіктен келе жатқан жауларыңа қараңдаршы! | |
Jere | Kaz | 13:21 | Сен өзіңе одақтас болуға машықтандырған оларды Жаратқан Ие үстіңнен билеуші етіп қояды. Сонда сен не айтасың? Уа, Иерусалим, толғатып жатқан әйелдей қиналмас па едің? | |
Jere | Kaz | 13:22 | Осының бәрі менің басыма неліктен түсті деп іштей толғансаң, біліп қой: Жасаған ауыр күнәларыңның кесірінен жауыңның сені зорлап, абыройыңды төгуіне жол берілді. | |
Jere | Kaz | 13:23 | Құштық адам терісінің қара түсін өзгерте ала ма? Қабылан үстіндегі дақтарын кетіре ала ма? Дәл солай жамандыққа әбден құныққан сендер жақсылық істей алмайсыңдар. | |
Jere | Kaz | 13:24 | Уа, Иерусалим, құла түзден соққан желдің кебекті ұшырып әкететініндей, Мен де сенің тұрғындарыңды жан-жаққа шашыратып жіберемін. | |
Jere | Kaz | 13:25 | Бұл сенің несібең, Мен өзіңе белгілеген үлесің. Өйткені Мені есіңнен шығарып, жалған тәңірлерге сенім арттың, — дейді Жаратқан Ие. — | |
Jere | Kaz | 13:27 | (Менімен жасаған Келісіміңе) опасыз жеңіл жүрісіңді, нәпсіқұмарлығың мен арам жезөкшелігіңді анық көріп келемін. Төбе бастарында әрі далада жалған тәңірлерге табынып, жексұрындық жасағаныңды да көріп жүрдім. Уа, Иерусалим, сен қасіретке қаласың! Қашанғы осы арам күйіңде болып, тазармайсың? | |