JEREMIAH
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
Chapter 20
Jere | Kaz | 20:1 | Имер ұлы Пашхур есімді діни қызметкер Жаратқан Иенің киелі үйінің күзет бастығы болатын. Ол Еремияның халыққа жеткізген пайғамбарлық хабарында осындай нәрселерді айтып тұрғанын естіп, | |
Jere | Kaz | 20:2 | оны дүрелеп, Жаратқан Иенің ғибадатханасының Жоғарғы Бунямин қақпасының маңында бұғаулап тастады. | |
Jere | Kaz | 20:3 | Келесі күні Пашхур оны бұғаудан босатқан кезде Еремия оған былай деді: «Жаратқан Ие сенің атыңды енді Пашхур емес, Магор-Миссабиб («Жан-жақ толған қорқыныш») деп өзгертті. | |
Jere | Kaz | 20:4 | Өйткені Жаратқан Ие сен туралы мынаны айтады: Мен саған да, дос-жарандарыңның бәріне де қорқыныш жіберемін. Сен өз көзіңмен олардың жау қолынан өлетіндерін көресің. Мен бүкіл Яһуданы Бабыл патшасының билігіне тапсырамын. Ол Яһуда халқын Бабылға жер аударып әкетеді, ал елде қалып қойғандарын семсермен өлтіреді. | |
Jere | Kaz | 20:5 | Мен Иерусалим қаласының бар байлығын жауларының олжалауына жол беремін. Олар қаланың шығарған бүкіл өнімдерін және барлық құнды заттарын әрі Яһуда патшалары жиған күллі қазыналарын тонап, Бабылға алып кетеді. | |
Jere | Kaz | 20:6 | Пашхур, сен өзің де, үй ішің де Бабылға айдалып кетесіңдер. Сен сол жерде қайтыс болып, өзің де, жалған пайғамбарлық сөздеріңді естіген дос-жарандарың да сонда жерленесіңдер». | |
Jere | Kaz | 20:7 | «Уа, Жаратқан Ие, Сен мені еліктіріп, дегеніңе көндірдің. Сен менен күштісің, жеңіп шықтың. Енді жұрт күні бойы мені мазақтап, кез келгені келекелеп жүр. | |
Jere | Kaz | 20:8 | Сөйлеген сайын мен: «Озбырлық пен апат болады!» деп айқай саламын. Жаратқан Иенің осы хабарын жеткізгенім үшін жұрт мені күні бойы келекелеп қорлап жүр. | |
Jere | Kaz | 20:9 | Ал «Бұдан былай Оның хабарын есіме алып, Оның атынан сөйлемеймін» десем, онда Жаратқан Иенің сөзі жүрегімде жанып жатқан от сияқты, сүйегімнің ішіне қамалған шоқ іспетті болады. Оны ішімде ұстаудан қатты шаршадым, тіпті ұстай алмаймын да. | |
Jere | Kaz | 20:10 | Көп адамдар сыбырлап жүр: «Жан-жақ толған қорқыныш! Ол туралы мәлімдеңдер! Кәне, шағымданайық!» дейді. Тіпті сырлас достарымның бәрі де енді бір қате жіберуімді аңсап жүр. «Мүмкін, ол алданып, қолымызға түсер! Сонда біз одан өшімізді аламыз!» дейді. | |
Jere | Kaz | 20:11 | Бірақ Жаратқан Ие айбат көрсеткен батыр сияқты менің жанымда. Сондықтан мені қудалап жүргендер сүрініп, мені жеңе алмайды. Олар ниеттерін іске асыра алмай, әбден ұятқа қалады. Енді қайтып жұрт олардың масқараларын ұмытпайды. | |
Jere | Kaz | 20:12 | Уа, Әлемнің Иесі, Сен кімнің әділ екенін тексеріп сынайсың, адамның жүрегі мен ой-ниетін анық көресің. Оларға істегендеріне сай әділ жаза тартқызғаныңды көрсете көрші, себебі мен ісімді Саған сеніп тапсырдым. | |
Jere | Kaz | 20:13 | Жаратқан Иеге ән-жыр айтыңдар! Жаратқан Иені мадақтаңдар! Ол жарлының жанын зұлымдардың шеңгелінен құтқарып алады. | |
Jere | Kaz | 20:15 | Әкемді: «Сүйінші! Ұлды болдың!» деген хабармен қуантқан адам — бақытсыз пенденің өзі! | |
Jere | Kaz | 20:16 | Сондай адам Жаратқан Ие ежелде аяусыз құртып жіберген қалаларға ұқсайды: ол таң сәріде айқай-шу, тал түсте қағылған дабылды естиді. | |
Jere | Kaz | 20:17 | Әттең, ол мені құрсақта жатқанымда-ақ өлтіріп тастағанда ғой! Анамның ішінен шықпай-ақ шетінеп, оның құрсағы қабірім болып қала бергенде ғой! | |