JEREMIAH
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
Chapter 49
Jere | Kaz | 49:1 | Жаратқан Ие аммондықтар туралы мынаны айтады:— Исраилдің үрім-бұтағы жоқ па екен? Оның жерін мұра ететін ешкім қалған жоқ дейсіңдер ме? Жалған тәңір Молохқа табынатын сендер, ей, Аммон халқы, Исраилдің Ғад руына тиісті жерді неге иемденіп алдыңдар? Қалайша сендер Ғадтың қалаларында тұрып жатырсыңдар? — | |
Jere | Kaz | 49:2 | Сондықтан Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: — Біліп алыңдар, Мен болашақта аммондықтардың астанасы Раббаға қарсы соғыстың айқай-шуын естіртемін. Рабба жермен-жексен болып, бір төбе үйіндіге айналады. Оған қарасты елді мекендер де өртеніп кетеді. Сонда Исраил халқы өз жерін тартып алған аммондықтардан оны қайтарып алады. — Жаратқан Ие осыны уәде етеді. | |
Jere | Kaz | 49:3 | Зар жыла, о, Хешебон қаласы, өйткені Гай қаласы қирады! Айқайлаңдар, о, Рабба қаласының тұрғындары да! Азалы киім киіп, күңіреніңдер! Дуалдардың ішінде олай-бұлай аласұрыңдар! Жау сендер табынған Молохты абыздары және әміршілерімен бірге жер аударып әкетеді. | |
Jere | Kaz | 49:4 | Өздеріңнің шұрайлы аңғарларыңмен неге мақтанасыңдар? Оларыңнан жақында жұрдай боласыңдар! Уа, опасыз Аммон халқы, сен өз байлығыңа сеніп: «Маған кім шабуыл жасай алады?!» — деп дандайсисың. | |
Jere | Kaz | 49:5 | «Мен саған жан-жағыңнан қорқыныш туғызамын, — деп ескертеді Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие. — Әрбір тұрғының айдалып кетеді! Сол босқындарыңды ешкім жинап қайтарып әкелмейді». | |
Jere | Kaz | 49:6 | «Алайда болашақта Мен Аммонның үрім-бұтағын өз еліне қайтарып, игілікке кенелтемін»! — Жаратқан Ие осы уәдені береді. | |
Jere | Kaz | 49:7 | Әлемнің Иесі Едом туралы мынаны айтады: «Теманда даналықтың қалмағаны ма? Ондағы данышпандар ақыл-парасаттан айырылып, даналықтан құр қалған ба? | |
Jere | Kaz | 49:8 | Кері бұрылып, қашыңдар, ей, Деданның тұрғындары! Терең үңгірлерге жасырыныңдар! Әйтпесе Мен Есаудың үрім-бұтағын жазалап, жермен-жексен қылғанда, сендер де соның кесірін тартып жүрерсіңдер. | |
Jere | Kaz | 49:9 | Жүзім жинаушылар жүзімді жинағанда біразын қалдырып отырады. Түнде ұрылар түссе, олар сондағы дүниені өздеріне керегінше ғана ұрлап әкетеді. | |
Jere | Kaz | 49:10 | Бірақ Мен Есаудың елін толығымен жалаңаштаймын. Бас сауғалайтын жерлердің бәрін ашып, сонда оған жасырынатын орын қалмайды. Күллі балалары мен бауырлары, көрші-қолаңдары қырылып, Едом халқы ғайып болады. | |
Jere | Kaz | 49:11 | Жетім балаларыңды Маған қалдыр, Мен олардың жанын аман сақтаймын. Жесірлерің де Маған сенім артатын болсын!» | |
Jere | Kaz | 49:12 | Жаратқан Ие мынаны айтады: «Тіпті Менің қаһарыма толы тостағаннан дәм татуға бұйырылмаған жазықсыздарға содан дәм татуға тура келсе, сен неліктен қасірет шекпеймін деп ойлайсың? Жоқ, сен де жазасыз қалмай, соның қасіретін шегетін боласың! | |
Jere | Kaz | 49:13 | (Едомның астанасы) Босора қирап, елсіз бос қалып, үйіндіге айналады. Ол басқаларға қорқынышты көрініс болып, олардың келекесі мен қарғысына қалады! Оған қарасты елді мекендер де біржола қирайды, — деп өз атыммен ант етемін». — Жаратқан Ие осыны нық айтады. | |
Jere | Kaz | 49:14 | Жаратқан Иеден жеткен бір хабарды естідім, халықтардың арасына бір шабарман жіберілді. Ол: «Жиналып, аттаныңдар! Оған қарсы шайқасуға шығыңдар!» деп жариялайды. (Жаратқан Ие Едомға былай деп ескертеді:) | |
Jere | Kaz | 49:16 | Басқаларға сес көрсетіп кеуде көтеріп, соған алданып кеттің. Жартастардағы қорғандарда тұрып, биік қыраттарды иемденіп келесің. Алайда тіпті ұяңды бүркіттей қияға салсаң да, бәрібір Мен сені сол жерден де құлатып түсіремін! — деп нық айтады Жаратқан Ие. — | |
Jere | Kaz | 49:17 | Осылай Едом елі қорқынышты көрініске айналады. Өткен-кеткен адамдардың бәрі оның қирап жатқанын көргенде аңтарыла жандары түршігіп, ысқырып табалайтын болады. | |
Jere | Kaz | 49:18 | Едом елі ежелгі Содом мен Ғомора және оларға көршілес қалалар сияқты құрып, жермен-жексен болады. Онда ешкім қоныстанбайды, адам баласы оны мүлдем мекендемейді». — Жаратқан Ие осыны нық айтады. | |
Jere | Kaz | 49:19 | «Мен Иорданның бойындағы ну тоғайлардан шыға келіп, шұрайлы жайылымдағы ұсақ малға бас салатын арыстан сияқты, әп-сәтте Едомды өз жерінен қуып жіберемін. Бұл үшін Мен тағайындайтын таңдаулым кім екен? Менімен теңдес болып, Мені жауапқа тарта алатын ешкім жоқ. Маған қарсы тұра алатын ешбір бақташы да жоқ. | |
Jere | Kaz | 49:20 | Сондықтан Мен, Жаратқан Ие, Едомға және ондағы Теман қаласының тұрғындарына қарсы не жоспарлағанымды тыңдаңдар: Едом халқы, тіпті олардың балалары да міндетті түрде басқа жаққа айдалып әкетіледі. Істеген қылықтарының кесірінен олардың мекендері сөзсіз қаңырап бос қалады. | |
Jere | Kaz | 49:21 | Олардың құлдырағанынан жер бетіндегі халықтар дірілдейді, қиналған айқайлары тіпті Ақаба шығанағына дейін де жаңғырып естіледі. | |
Jere | Kaz | 49:22 | Біліп алыңдар, жау қанатын кең жайып, шарықтап, шүйілген бүркіт секілді Босора қаласына бас салмақ. Сол күні Едомның батырларының жүректері толғатып жатқан әйелдікіндей үрейленетін болады». | |
Jere | Kaz | 49:23 | Мына хабар Дамаск туралы берілген: «Хамат пен Арпад қалалары суық хабар естіп, үрейлене түңіліп отыр. Олар қорқып уайымдап, қобалжып жатқан теңіздей маза таппауда. | |
Jere | Kaz | 49:24 | Дамаск әлсіреп, халқы кері бұрылып қаша жөнеледі. Ол қорыққаннан дір-дір етіп, толғатып жатқан әйелдей қиналуда. | |
Jere | Kaz | 49:26 | Оның жас жігіттері қала көшелерінде қаза тауып, жасақшыларының бәрі сол кезде қырылып үнсіз қалады, — деп ескертеді Әлемнің Иесі. — | |
Jere | Kaz | 49:27 | Мен Дамаскінің қабырғаларына от қойғызамын, сонда Бен-Хададтың сарайларын өрт жалмайтын болады». | |
Jere | Kaz | 49:28 | Бабыл патшасы Набуходоносор шабуыл жасамақ болған Қидар және Хасор аймағындағы патшалықтар туралы Жаратқан Ие мынаны айтады: «Уа, Бабыл әскері, жиналып, Қидарға өрлеп аттаныңдар, шығыстағы тайпаларға бас салып, тонаңдар! | |
Jere | Kaz | 49:29 | Бабыл жасақшылары бұл тайпалардың шатырлары мен малдарын тартып алып, барлық заттары мен түйелерін де әкетеді. Адамдар: «Айналдыра бәрі де қорқыныш!» деп айқайлайтын болады. | |
Jere | Kaz | 49:30 | Тезірек бас сауғалап қашыңдар, ей, Хасордың тұрғындары! Терең үңгірлерге жасырыныңдар! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Өйткені Бабыл патшасы Набуходоносор сендерге қарсы ақылдасып, жоспар құрып жатыр. | |
Jere | Kaz | 49:31 | Жиналып, аттаныңдар! Бейқам, еш алаңсыз тұрып жатқан ұлтқа шабуыл жасаңдар! — дейді Жаратқан Ие. — Олар қақпалармен, ысырмалармен бекінген қалаларда емес, ашық далада оңаша тұрады. | |
Jere | Kaz | 49:32 | Олардың түйелері олжа болып, отар-табын малдары да жау қолына түседі. Шалғайда тұратын сол халықты Мен желдің барлық бағыттарына шашыратып, оларға жан-жақтарынан пәлелерді қаптатамын! — дейді Жаратқан Ие. | |
Jere | Kaz | 49:33 | Хасор қаласы мәңгі қаңырап бос қалып, оны тек шибөрілер ғана мекендемек. Онда ешкім қоныстанбайтын, адам баласы оны мүлдем мекендемейтін болады». | |
Jere | Kaz | 49:34 | Яһудаға Седекияхтың патшалық құруының бастапқы кезінде Жаратқан Ие Еремия пайғамбарға Елам елі туралы сөзін арнап былай деді: | |
Jere | Kaz | 49:35 | — Әлемнің Иесі мынаны айтады: Біліп қойыңдар, Мен Еламның күш-қуатының негізгі көзі — оның садақшыларын құртамын! | |
Jere | Kaz | 49:36 | Мен Еламға желдің барлық бағыттарынан жауларын келтіріп, оның халқын барлық жақтарға шашыратып жіберемін. Сонда Елам халқы қашып бармаған ешбір ел болмайды. | |
Jere | Kaz | 49:37 | Мен Елам халқын олардың жандарын алмақ болған жауларының алдында үрейленетін қыламын. Қаһарым оларға лап етіп, бастарына апат жаудырамын, — дейді Жаратқан Ие. — Дұшпандары семсермен арттарынан қуып, оларды құртып болмайынша тынбайды. | |
Jere | Kaz | 49:38 | Мен өз тағымды Еламда орнатып, оның патшалары мен әміршілерін жоямын. — Жаратқан Ие осыны нық айтады. — | |