Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
JEREMIAH
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 37
Jere Kaz 37:1  Кейінірек Бабыл патшасы Набуходоносор Иерусалимге келіп, Жохақым ұлы Ехонияхтың орнына Жосия ұлы Седекияхты Яһуда елінің патшасы етіп тағайындады.
Jere Kaz 37:2  Алайда Седекияхтың өзі де, нөкерлері де, елде қалған халық та Жаратқан Иенің Еремия пайғамбар арқылы айтқан сөздеріне құлақ аспады.
Jere Kaz 37:3  Сонда да Седекиях патша (басына күн туғанда) Еремия пайғамбарға Шелемиях ұлы Ехухал мен діни қызметкер Мағасиях ұлы Софония екеуін жіберіп: «Біз үшін Құдайымыз Жаратқан Иеге сиынып арашалық дұға ете көріңіз!» — деп өтінді.
Jere Kaz 37:4  Сол уақытта Еремия әлі де қамауға алынбай, халықтың арасында еркін тұрып жатқан болатын.
Jere Kaz 37:5  Осы кезде халдейлердің әскері Иерусалимді қоршап алған еді. Алайда Мысыр перғауынының әскерінің өз елінен шығып, Яһудаға қарай аттанғанын ести сала халдейлер Иерусалимді уақытша қалдырып кетті.
Jere Kaz 37:6  Сонда Жаратқан Ие Еремия пайғамбарға сөзін арнап былай деді:
Jere Kaz 37:7  «Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: өздеріңді Менен кеңес сұрауға жіберіп отырған Яһуда патшасына былай деңдер: Перғауынның сендерге көмекке шыққан жасағы көп ұзамай өз елі Мысырға қайта оралады.
Jere Kaz 37:8  Сонда халдейлер қайтып келіп, қалаға тағы да шабуыл жасайды. Олар қаланы қолға түсіріп, қиратып, өртеп жібереді. —
Jere Kaz 37:9  Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: — Сендер: «Халдейлер бізден біржола шегініп кетті» деп алданбаңдар! Олар біржола кеткен жоқ!
Jere Kaz 37:10  Себебі сендер тіпті өздеріңе қарсы соғысқан бүкіл халдей әскерін қиратып, олардың шатырларында тек азғантай жарақаттанған адамдары қалған болса да, бәрібір олар сендерге шабуыл жасап, қаланы өртеп жіберетін болады!»
Jere Kaz 37:11  Перғауын жасағының Мысырдан аттанып келгендігінен халдей әскері Иерусалимге жасап отырған шабуылын тоқтатқан осы кезде,
Jere Kaz 37:12  Еремия Бунямин жеріне жолға шықпақ болды. Ондағы мақсаты сол жердегі өз әулетінің арасынан бір мұралық жердің өзіне тиісті үлесін қабылдау еді.
Jere Kaz 37:13  Бірақ ол Иерусалимнің Бунямин қақпасынан шыға бергенде күзетшілердің бастығы Еремия пайғамбарды ұстап алып, оны:— Сен халдейлерге өтпекші болған сатқынсың! — деп айыптады. Бастықтың аты-жөні Шелемияхтың ұлы, Хананияхтың немересі Ириях еді.
Jere Kaz 37:14  Еремия:— Жоқ, бұл жала! Мен халдейлердің жағына өтпек болған жоқпын! — деп келіспеді. Сонда да Ириях оны тыңдамай, тұтқындап, уәзірлердің алдына алып барды.
Jere Kaz 37:15  Уәзірлер Еремияға ашуланып, оны ұрып-соғып, Жонатан хатшының үйіне қамап қойды. Олар бұл үйді түрмеге айналдырған болатын.
Jere Kaz 37:16  Еремия үйдің астындағы бір қапасқа тасталып, сол зынданда көп күн отырды.
Jere Kaz 37:17  Кейін Седекиях патша адам жіберіп, пайғамбарды өзінің алдына әкелдірді. Өз сарайында онымен құпия жүздесіп:— Жаратқан Иенің бізге арнаған сөзі бар ма? — деп сұрады. Еремия оған:— Иә, бар. Сіз Бабыл патшасының қолына түсесіз! — деп,
Jere Kaz 37:18  Седекиях патшаға мынаны да қоса айтты: — Мені түрмеге қамайтындай не сіздің өзіңізге, не нөкерлеріңізге, не халқыңызға қарсы қандай жамандық істедім?
Jere Kaz 37:19  «Бабыл патшасы өзіңізге және осы елге шабуыл жасамайды!» деп болжаған пайғамбарларыңыз енді қайда?
Jere Kaz 37:20  Ал, патша ием, сөзіме құлақ асып, мені Жонатан хатшының үйіне қайтара көрмеңіз! Әйтпесе мен сол зынданда өліп қалармын!
Jere Kaz 37:21  Седекиях патша Еремияны сақшылардың ауласында қамауды және қаладағы нан біткенше наубайшылар көшесінен күніне бір наннан беріп тұруды бұйырды. Осылай Еремия сақшылардың ауласында қамауда ұсталды.