Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
JEREMIAH
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 38
Jere Kaz 38:1  Бірде Маттан ұлы Шафатиях, Пашхур ұлы Ғодалиях, Шелемиях ұлы Ехухал және Малқиях ұлы Пашхур Еремияның халыққа мынадай сөздерді айтып жүргенін естіді:
Jere Kaz 38:2  «Жаратқан Ие мынаны айтады: Осы қалада қалатын әрбір адам семсер, ашаршылық немесе індеттен құриды. Ал қаладан шығып, халдейлерге берілетін әркім тірі қалып, өз жаны өзіне олжа болады.
Jere Kaz 38:3  Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: Бұл қала еш шүбәсіз Бабыл патшасының әскерінің қолына тапсырылып, олар оны басып алатын болады!»
Jere Kaz 38:4  Сол уәзірлер патшаға:— Ана адамды өлтіру керек! Ол қалада әлі де қалып отырған жасақшыларды әрі халықты сондай сөздерімен рухтарынан айырады. Сөйтіп ол халықтың игілігін емес, оның құруын көздеп жүр! — деді.
Jere Kaz 38:5  Седекиях патша оларға:— Ол сендердің қолдарыңда. Патша сендерге қарсы ештеңе істей алмайды ғой! — деп жауап берді.
Jere Kaz 38:6  Содан олар Еремияны ұстап алып, патшазада Малқияхтың сақшылар ауласында орналасқан құдығына арқанмен түсіріп тастады. Құдықтың суы жоқ, түбі батпақ екен. Еремия батпаққа белшесінен батты.
Jere Kaz 38:7  Еремияның құдыққа түсірілгенін құштық Әбдімәлік те естіді. Ол патша сарайында қызмет көрсететін нөкер болатын. Патша Бунямин қақпасының алдында билік айтып отырған кезде
Jere Kaz 38:8  Әбдімәлік сарайдан шығып, патшаның алдына барды да, оған мына өтінішін білдірді:
Jere Kaz 38:9  — Уа, патша ием, ана кісілердің Еремия пайғамбарды құдыққа тастағандары — нағыз зұлымдық! Сол жерде ол аштан өледі, қалада нан қалған жоқ қой! —
Jere Kaz 38:10  Патша құштық Әбдімәлікке:— Осы жерден отыз адамды ертіп алып, өліп қалмас бұрын Еремия пайғамбарды құдықтан шығарып ал! — деп бұйырды.
Jere Kaz 38:11  Әбдімәлік сол адамдарды ертіп алып, сарайдағы қазына қоймасының астындағы бір бөлмеге түсті. Сол жерден біраз ескі шүберек пен көнетоз киімдерді алып, құдықтағы Еремияға арқанмен төмен түсірді.
Jere Kaz 38:12  Әбдімәлік Еремияға қатты дауыстап: «Мына шүберектер мен киімдерді қолтығыңыздың астына салып алыңыз! Арқан денеңізді қиып кетпесін», — деді. Еремия солай істеді.
Jere Kaz 38:13  Сонда олар оны арқанмен тартып, құдықтан шығарып алды. Мұнан кейін Еремия сарайдағы сақшылар ауласына қайтарылып, енді сонда қалатын болды.
Jere Kaz 38:14  Бірде Седекиях патша Еремия пайғамбарға тағы да адам жіберді. Сол кісі оны Жаратқан Иенің ғибадатханасының үшінші кіреберісіне алып келді. Патша Еремияға:— Сенен бір нәрсе сұрағым келеді. Менен ештеңе жасырушы болма! — деді.
Jere Kaz 38:15  Еремия оған былай деп жауап берді:— Егер бәрін бүкпей айтатын болсам, мені өлтірмес пе едіңіз? Ал кеңес берсем де, сіз мені бәрібір тыңдамайсыз ғой! —
Jere Kaz 38:16  Бірақ Седекиях патша құпия түрде Еремияға уәде беріп:— Бізге тіршілік лебін сыйлаған мәңгі тірі Жаратқан Иенің атымен ант етемін: сізді өзім өлтірмеймін де, жаныңды алмақ болғандардың қолына тапсырмаймын да! — деді.
Jere Kaz 38:17  Сонда Еремия Седекияхқа былай деді:— Исраилдің Құдайы, Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие, мынаны айтады: Егер сен қаладан шығып, Бабыл патшасының әміршілеріне берілсең, онда өзің де, отбасың да тірі қалып, мына қала да өртенбейтін болады.
Jere Kaz 38:18  Ал егер Бабыл патшасының әміршілеріне берілмесең, онда халдей жасақшылары мына қаланы бәрібір басып алып, өртеп жібереді. Сонда өз басың да олардың қолынан құтыла алмайсың. —
Jere Kaz 38:19  Седекиях патша Еремияға:— Мен халдейлердің жағына өтіп кеткен яһудилерден қауіптенемін. Халдейлер мені солардың қолдарына тапсырса, олар мені азаптап қорлайды ғой! — деді.
Jere Kaz 38:20  Еремия оған былай деп жауап берді:— Жоқ, сізді солардың қолдарына тапсырмайды! Өтінемін, мен арқылы сізге сөйлеп тұрған Жаратқан Иенің даусына мойынсұнсаңыз екен! Сонда өзіңізге игі болып, жаныңыз аман сақталады.
Jere Kaz 38:21  Бірақ егер қаладан шығып, берілуден бас тартсаңыз, Жаратқан Ие соның арты мынау болады деп ашық көрсетті:
Jere Kaz 38:22  Яһуда патшасының сарайында қалып қойған әйелдердің бәрін Бабыл патшасының әміршілерінің алдынан алып шығады. Сол әйелдердің бәрі сізге былай деп шағым айтатын болады:Сенген достарың алдады сені,Тақырға отырғызды өзіңді,Аяғың былыққа батып енді,Бұрылып кетті олар кері!
Jere Kaz 38:23  Осылай барлық әйелдеріңіз бен балаларыңыз қаладан айдалып, халдейлердің қолына түседі. Өзіңіз де қашып кете алмай, Бабыл патшасының қолына түсесіз. Ол мына қаланы қиратып, өртеп жібереді!
Jere Kaz 38:24  Бірақ Седекиях Еремияға тек қана былай деді:— Өзіңді өлтірмеулері үшін бұл әңгіме туралы ешкімге тіс жарма!
Jere Kaz 38:25  Егер әміршілер екеуіміздің сөйлескеніміз жайлы естіп, саған келіп, «Патша саған не деді, сен патшаға не дедің, соны айтып бер! Әйтпесе көзіңді құртамыз» дейтін болса,
Jere Kaz 38:26  оларға: «Патшадан мені Жонатанның үйіне қайтара көрмеңіз, әйтпесе өліп қалармын деп өтіндім» деген жауап бер!
Jere Kaz 38:27  Айтқандай-ақ, әміршілердің бәрі Еремияға келіп, оған болған әңгіме туралы сұрақтар қойды. Пайғамбар оларға тек патшаның айт дегендерін ғана айтып берді. Содан олар тағы еш нәрсе деместен өз жөндеріне кетті. Өйткені ешкім патша екеуінің арасында болған әңгімені естімеген еді.
Jere Kaz 38:28  Осылай Еремия жаудың Иерусалимді басып алған күніне дейін сақшылар ауласындағы қамауда қала берді.Иерусалим қаласының жау қолына түсуі былай болды.