MATTHEW
Chapter 28
Matt | Kaz | 28:1 | Діни демалыс өткеннен кейін жексенбі күні таң ата мағдалалық Мәриям мен өзге Мәриям қабірді көруге барды. | |
Matt | Kaz | 28:2 | Кенеттен жер қатты сілкінді. Өйткені Жаратқан Иенің бір періштесі аспаннан түсіп, қабірге жақындап, қақпақ тасты домалатып алып тастады да, үстіне отырды! | |
Matt | Kaz | 28:5 | Періште әйелдерге қарап: «Қорықпаңдар! Айқышқа шегеленген Исаны іздеп келгендеріңді білемін. | |
Matt | Kaz | 28:6 | Ол мұнда жоқ, Өзі алдын ала айтқандай қайта тіріліп кетті! Бері келіп, Иенің жатқан орнын қараңдар! | |
Matt | Kaz | 28:7 | Енді тезірек барып, Оның шәкірттеріне мынаны жеткізіңдер: «Иеміз өлімнен қайта тірілді! Ол сендерден бұрын Ғалилеяға барады. Сол жерден Оны көресіңдер». Сендерге айтатыным осы», — деді. | |
Matt | Kaz | 28:8 | Әйелдер әрі қорқып, әрі қатты қуанып, дереу мазардан шығып кетті. Олар Исаның шәкірттеріне айту үшін асығып жүгіре жөнелді. | |
Matt | Kaz | 28:9 | Кенеттен Иса олардың алдынан кездесіп: «Сәлем, қуаныңдар!» — деп амандасты. Әйелдер Оның қасына жақындап, иіліп тағзым етіп, аяғына қолдарын тигізді. | |
Matt | Kaz | 28:10 | Иса оларға: «Қорықпаңдар! Бауырларыма барып, «Ғалилеяға жөнелсін, сонда Мені көреді» деген хабарды жеткізіңдер», — деп тапсырды. | |
Matt | Kaz | 28:11 | Әйелдер жолда бара жатқанда, күзетшілердің кейбіреулері қалаға кіріп, басты діни қызметкерлерге болған оқиғаны түгелдей айтып берді. | |
Matt | Kaz | 28:13 | былай деп бұйырды: «Халыққа: «Түнде біз ұйықтап қалғанда шәкірттері келіп, мәйітін ұрлап әкетіпті» деңдер! | |
Matt | Kaz | 28:14 | Ал егер бұл туралы қауесет әміршінің құлағына жетсе, біз оны көндіріп, сендерді пәледен құтқарып аламыз». | |
Matt | Kaz | 28:15 | Пара алған күзетшілер солардың тапсырғанындай істеді. Содан осы жалған лақап яһудилер арасында күні бүгінге дейін таралуда. | |
Matt | Kaz | 28:19 | Сондықтан барлық халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп, Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер, | |