MATTHEW
Chapter 19
Matt | Kaz | 19:1 | Иса осы айтқандарын тамамдаған соң, Ғалилеядан шығып, Яһудея аймағына әрі Иордан өзенінің шығыс бетіне барды. | |
Matt | Kaz | 19:3 | Бірнеше парызшылдар қасына келіп, Исаны сынақтан өткізбек болып:— Күйеуінің кез келген себептен әйелімен ажырасуына бола ма? — деген сұрақ қойды. | |
Matt | Kaz | 19:4 | Исаның жауабы мынау болды:— Сендер Жаратқан Иенің әуел бастан-ақ «адамды бірін еркек, бірін әйел қылып» жаратқанын (Тауратта) оқымап па едіңдер?! | |
Matt | Kaz | 19:5 | Сол кезде Ол былай деген: «Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады». | |
Matt | Kaz | 19:6 | Осылайша олар енді екеу емес, біртұтас. Сонымен Құдай қосқанды адам баласы ажыратпасын! — | |
Matt | Kaz | 19:7 | Парызшылдар қарсылық білдіріп:— Олай болса, күйеуі арнайы куәлік қағазын жазып берсе, әйелімен ажырасуына болады деген ережені Мұса пайғамбар неге жазып қалдырған? — деді. | |
Matt | Kaz | 19:8 | Иса оларға былай деп жауап қатты:— Мұса жүректеріңнің (Құдайдың еркіне мойынсұнбай) қасарысқандығына бола әйелдеріңмен ажырасуға жол берген. Алайда әуел баста бұл олай болмаған еді. | |
Matt | Kaz | 19:9 | Сендерге айтамын: кім жеңіл жүріске түспеген әйелімен ажырасып, басқаны алса, сол неке адалдығын бұзады. (Күйеуімен ажырасқан әйелге үйленген де неке адалдығын бұзады.) | |
Matt | Kaz | 19:10 | Сонда шәкірттері:— Егер еркектің әйелінің алдындағы міндеті осындай болса, онда үйленбеген артық, — деді. Иса: | |
Matt | Kaz | 19:12 | Себебі үйлене алмайтын түрлі адамдар бар: кейбіреулері некеге жарамайтын болып туған, басқаларын кісілер сондай еткен, ал тағы біреулері — Құдай Патшалығына көбірек қызмет ету үшін некеден бас тартқандар. Мұны ұғына алатындар ұғынсын! — деп сөзін қорытты. | |
Matt | Kaz | 19:13 | Жұрт Исаға балаларын алып келіп, Одан қолын балалардың үстіне қойып мінажат етіп бата берсін деп өтінді. Бірақ шәкірттері оларға тыйым салды. | |
Matt | Kaz | 19:14 | Ал Иса былай деді: «Балалардың Маған келуіне жол беріңдер, оларға кедергі жасамаңдар! Құдайдың Патшалығы сондайлар үшін». | |
Matt | Kaz | 19:15 | Содан Иса бұл жас балалардың үстіне қолын қойып бата берді; мұнан кейін сол жерден кетіп қалды. | |
Matt | Kaz | 19:16 | Сол кезде біреу Исаға келіп:— Ізгі Ұстаз! Мәңгілік өмірге ие болу үшін қандай игі істер істеуім керек? — деген сұрақ қойды. Иса оған: | |
Matt | Kaz | 19:17 | — Менен неге игілік туралы сұрайсың? Нағыз игілікті — Біреу-ақ. Мәңгілік өмірге ие болу үшін Оның өсиеттерін орындайтын бол! — деп жауап берді. Әлгі кісі: | |
Matt | Kaz | 19:18 | — Қайсыларын? — деп сұрады.— «Кісі өлтірме; неке адалдығын бұзба; ұрлық жасама; жалған куәлік берме; | |
Matt | Kaz | 19:19 | ата-анаңды сыйла!» және «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!» — деді Иса. | |
Matt | Kaz | 19:20 | Жігіт:— Бұлардың бәрін де (жастайымнан) орындап келемін. Маған тағы не нәрсе жетіспейді? — дегенде, | |
Matt | Kaz | 19:21 | Иса оған былай жауап берді:— Егер мүлтіксіз болғың келсе, барып, мал-мүлкіңді сатып, түскен ақшаны мұқтаждарға үлестіріп бер. Сонда сенің қазынаң көкте болады. Өзің қайтып келіп, шәкіртім болып соңымнан ер! | |
Matt | Kaz | 19:22 | Бұл сөзді естігенде жігіт еңсесі түсіп, қапаланып, сол жерден кетіп қалды. Себебі ол аса дәулетті болатын. | |
Matt | Kaz | 19:23 | Содан Иса шәкірттеріне қарап былай деді:— Сендерге шындығын айтамын: байлардың Құдай Патшалығына кіруі тым қиын! | |
Matt | Kaz | 19:24 | Тағы да айтамын: байдың Құдай Патшалығына кіруінен гөрі түйенің ине көзінен өтуі оңай. — | |
Matt | Kaz | 19:25 | Мұны естіген шәкірттері қатты таңғалып:— Ендеше кім (Құдайдың қаһарынан) құтқарыла алады?! — деген сауал қойды. | |
Matt | Kaz | 19:26 | Иса оларға қарап:— Бұл, адамның қолынан келмейді, бірақ Құдайдың қолынан бәрі де келеді, — деп жауап берді. | |
Matt | Kaz | 19:27 | Петір:— Міне, біз барлығын қалдырып, Сіздің соңыңыздан еріп жүрміз. Сол үшін бізді не күтіп тұр? — деп сұрады. | |
Matt | Kaz | 19:28 | Сонда Иса былай деп жауап қатты:— Сендерге шындығын айтамын: әлем жаңарған кезде, Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келіп, салтанатты тағымда отырғанда, сендер де он екі тақта отырып, Исраилдің он екі руына билік жүргізетін боласыңдар. | |
Matt | Kaz | 19:29 | Үй-жайын, бауырларын, әке-шешесін, бала-шағасын не жер-суын Маған бола қалдырған әркімге қарымтасы жүз есе артығымен қайтарылады, әрі ол мәңгілік өмірге ие болады. | |