MATTHEW
Chapter 16
Matt | Kaz | 16:1 | Сол жердегі парызшылдар мен саддукейлер Исаның қасына келді. Оның билігін сынау үшін Исадан көктің құдіретімен бір керемет көрсетуін сұрады. | |
Matt | Kaz | 16:2 | Иса оларға былай деп жауап берді:— Сендер кешке «Күн ашық болады, қызарып батты ғой» деп жорисыңдар, | |
Matt | Kaz | 16:3 | ал таңертең «Бүгін дауыл тұрады, аспан қып-қызыл әрі бұлыңғыр екен» дейсіңдер. Осылай аспанның құбылыстарын түсіне білесіңдер, бірақ қазіргі заманда болып жатқан оқиғаларды ұға алмайсыңдар! | |
Matt | Kaz | 16:4 | Жаман, опасыз ұрпақ (билігімді дәлелдейтін) керемет көрсетуімді талап етеді. Бірақ осы ұрпаққа Жүніс пайғамбардың кереметінен басқасы көрсетілмейді! — Мұнан кейін Иса оларды тастап, сол жерден кетіп қалды. | |
Matt | Kaz | 16:6 | Иса оларға:— Абайлаңдар, парызшылдар мен саддукейлердің «ашытқыларынан» сақтаныңдар! — деп ескертті. | |
Matt | Kaz | 16:8 | Иса оларын біле қойып, былай деп сұрады:— Сенімі аздарым-ай, неге сендер нанымыз жоқ деп пікірлесіп отырсыңдар? | |
Matt | Kaz | 16:9 | Жасағандарымды әлі де не түсінбей, не ескермей келесіңдер ме? Бес күлше нан бес мың адамға жетіп, қалдықтардан неше себет жинап едіңдер? | |
Matt | Kaz | 16:11 | Менің сендерге: «Парызшылдар мен саддукейлердің ашытқысынан сақтаныңдар!» дегенімде нан туралы айтпағанымды қалайша ұға алмайсыңдар? — | |
Matt | Kaz | 16:12 | Сонда шәкірттері Исаның нандағы ашытқыдан емес, парызшылдар мен саддукейлердің жалған тәлімдерінен сақтандырғанын түсінді. | |
Matt | Kaz | 16:13 | Бірде Иса Філіп-Кесариясы қаласының маңына барып, жеткеннен кейін, шәкірттеріне:— Жұрт көктен келген Билеушіні кім деп жүр? — деген сұрақ қойды. | |
Matt | Kaz | 16:14 | Олар:— Біреулері Сізді шомылдыру рәсімін жасаған Жақия, ал басқалары Ілияс пайғамбар, тағы басқалары Еремия немесе ежелгі пайғамбарлардың өзге біреуі деп жүр, — деді. | |
Matt | Kaz | 16:17 | Иса оған:— Сен бақыттысың, Жүніс ұлы Шимон: саған мұны адам баласы емес, көктегі Әкем білдірді! | |
Matt | Kaz | 16:18 | Бұдан былай сенің атың Петір («Тас») болады. Осы іргетастың үстіне Мен Өзіме сенушілердің қауымын саламын. Оны өлімнің күштері де жеңе алмайтын болады. | |
Matt | Kaz | 16:19 | Саған Құдай Патшалығына жол ашатын кілттерді тапсырамын; жер бетінде тыйым салғаныңды да, рұқсат еткеніңді де көктегі Әкем бекітпек, — деді. | |
Matt | Kaz | 16:20 | Содан кейін Иса Өзінің Мәсіх екені туралы ешкімге тіс жармауды шәкірттеріне қатты ескертті. | |
Matt | Kaz | 16:21 | Сол кезден бастап Иса Өзінің Иерусалимге баруға тиісті екенін ашық білдіре бастады:— Ол жерде Мен рубасылар, басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдерінен көп азап шегуге тиіспін: Менің өлтірілуім, бірақ содан кейінгі үшінші күні қайтадан тірілуім де қажет! — деді. | |
Matt | Kaz | 16:22 | Сонда Петір Исаны былайырақ алып шығып:— Құдай сақтасын, Мырза, ондай нәрсе басыңызға түсе көрмесін! — деп қарсылық білдіре бастады. | |
Matt | Kaz | 16:23 | Бірақ Иса Петірге бұрылып:— Менен аулақ кет, әзәзіл! Маған тұзақ құрып жатырсың: сен Құдайдың емес, адамның қалауын ойлап тұрсың, — деп тыйым салды. | |
Matt | Kaz | 16:24 | Бұдан кейін Иса шәкірттеріне мынаны айтты:— Маған еріп шәкіртім болғысы келген әркім өз еркі бойынша өмір сүруін қойсын, әрі айқышын арқалаған кісідей азапты өлімге дайын болып Менің жолыммен жүрсін! | |
Matt | Kaz | 16:25 | Себебі кім өмірімді сақтаймын десе, одан айырылады, ал өмірін Мен үшін қиған әркім оған (мәңгі) иелік етеді. | |
Matt | Kaz | 16:26 | Адам бүкіл дүниеге ие болып, сол себепті (мәңгілік) өмірінен айырылса, бұдан оған не пайда? Яки адам өз өмірі үшін қандай құн төлей алады? | |
Matt | Kaz | 16:27 | Себебі Мен періштелерімді ертіп Әкемнің салтанатты ұлылығымен Билеуші ретінде көктен қайтып келген кезімде әркімге істеген істеріне қарай сыйын беремін. | |