MATTHEW
Chapter 12
Matt | Kaz | 12:1 | Сол кезде Иса демалыс күні егіндік арасымен өтіп бара жатты. Қарындары ашқан шәкірттері біраз масақ үзіп алып, жей бастады. | |
Matt | Kaz | 12:2 | Мұны көрген кейбір парызшылдар Исаға:— Қараңыз, шәкірттеріңіз демалыс күні істеуге тыйым салынған жұмысты істеп жүр! — деп наразылық білдірді. | |
Matt | Kaz | 12:3 | Иса оларға былай деп жауап қайырды:— Дәуіт пайғамбар мен оның қасындағы сарбаздар ашыққан кезде не істегендерін оқымап па едіңдер? | |
Matt | Kaz | 12:4 | Дәуіт Құдайдың киелі үйіне кіріп, тарту ретінде Құдайға ұсынылған нанды олар жеді емес пе? Ал заң бойынша сол күлшелерді Дәуіт те, қасындағылар да емес, тек діни қызметкерлер ғана жеуге хұқықты болатын. | |
Matt | Kaz | 12:5 | Сондай-ақ, діни қызметкерлер ғибадатханада жұмыс істеп, демалыс күні туралы ережелерді бұзады. Бірақ олар сол үшін айыпталмайды. Бұл туралы Таураттан оқымап па едіңдер? | |
Matt | Kaz | 12:7 | Жаратқан Ие: «Мен құрбандық шалғандарыңнан гөрі берік мейірімділік көрсеткендеріңді қалаймын» деген. Егер мұның мағынасын білсеңдер, мына кінәсіздерді айыптамас едіңдер. | |
Matt | Kaz | 12:10 | Сол жерде қолы семіп қалған бір адам да болды. Діншілдер Исаны айыптайтын сылтау іздеп, Оған:— Демалыс күні болса да, ауруды сауықтыруға бола ма? — деген сұрақ қойды. | |
Matt | Kaz | 12:11 | Иса оларға жауап беріп былай деді:— Егер біреуіңнің жалғыз-ақ қойың болып, ол шұңқырға түсіп кетсе, демалыс күні болса да, шығарып алмас па едіңдер? | |
Matt | Kaz | 12:12 | Ал адам қойдан әлдеқайда артық емес пе?! Ендеше демалыс күні де жақсылық жасауға болады! — | |
Matt | Kaz | 12:13 | Содан Иса әлгі кісіге: «Қолыңды созшы!» — деп бұйырды. Адам семіп қалған оң қолын созғанда, ол екіншісі сияқты бұрынғы сап-сау қалпына келді! | |
Matt | Kaz | 12:14 | Ал парызшылдар болса сыртқа шығып, Исаның көзін жою туралы кеңес құрды.Иса бұл туралы біліп қойып, сол жерден кетіп қалды. | |
Matt | Kaz | 12:18 | Міне, Менің таңдап алған Қызметшім,Ол — жаным рақат табатын Сүйіктім!Оған қондырамын Мен өз Рухымды,Ол халықтарға жариялайды әділ үкімді. | |
Matt | Kaz | 12:20 | Ол майысқан таяқты сындырмайды,Бықсыған білтені де сөндірмейді,Соңында әділдікті жеңіске жеткізеді. | |
Matt | Kaz | 12:22 | Сол кезде жұрт Исаның алдына жын соққан, соқыр да мылқау біреуді алып келді. Иса оны сауықтырып, соқыр да мылқау адам әрі көретін, әрі сөйлейтін болды! | |
Matt | Kaz | 12:24 | Бірақ мұны естіген парызшылдар:— Сол адам жындарды тек олардың әміршісі белзебүлдің (яғни әзәзіл шайтанның) күшімен қуып шығарады! — деп жала жапты. | |
Matt | Kaz | 12:25 | Олардың осы ойларын білген Иса:— Жікке бөлініп, өзара соғысып жатқан әрбір патшалық жойылып, бос қалады. Өзара ұрысып-керісіп жататын әр қала не үй де құрып кетеді, — деді. | |
Matt | Kaz | 12:26 | — Сол сияқты, егер шайтан өзін қуып шығарса, оның өзіне-өзі қарсы соғысқаны! Олай болса, оның патшалығы қалайша жойылмай, берік тұра алады? | |
Matt | Kaz | 12:27 | Ендеше Мені жындарды белзебүлдің күшімен қуып шығарады десеңдер, онда сендердің шәкірттерің оларды кімнің күшімен қуып шығады?! Сондықтан айтқандарыңның бұрыстығын өз шәкірттерің-ақ әшкерелейді! | |
Matt | Kaz | 12:28 | Бірақ шынында Мен жындарды Құдайдың Киелі Рухының құдіретімен қуып шығарамын. Демек, араларыңда Құдайдың Патшалығы орнаған! | |
Matt | Kaz | 12:29 | Немесе күштінің үйіне кірген біреу алдымен соның өзін байлап тастамай, дүние-мүлкін қалайша тонар еді? Тек күштіні жеңіп, байлап-матап тастағаннан кейін ғана оның үйін тонай алады. | |
Matt | Kaz | 12:31 | Сондықтан сендерге айтамын: адамдардың жасаған бүкіл күнәлары мен Құдайды қорлауларына кешірім беруге болады; бірақ Құдайдың Киелі Рухын қорлайтынға кешірім болмайды. | |
Matt | Kaz | 12:32 | Көктен келген Маған қарсы сөйлеген әркімге кешірім беруге болады, бірақ Құдайдың Киелі Рухына қарсы сөйлейтіндерге не осы заманда, не келешекте кешірім болмайды! | |
Matt | Kaz | 12:33 | Мынаны мойындауларың қажет: ағаш жақсы болса, жемісі де жақсы, ал жаман болса, жемісі де жаман. Ағаш жемісімен танылар. | |
Matt | Kaz | 12:34 | Улы жыланның тұқымдары! Сендер жаман бола тұра, қалайша жақсы сөздер айта алар едіңдер? Жан дүниең неге толса, ауызың соны айтар. | |
Matt | Kaz | 12:35 | Ізгі адам жан дүниесіндегі игілікті қазынадан игілік алып шығады, ал зұлым адам арам жан дүниесінен арамдық алып шығады. | |
Matt | Kaz | 12:36 | Сендерге шын айтамын: адамдар өздері айтқан әрбір жағымсыз сөздері үшін қиямет сотында жауап береді. | |
Matt | Kaz | 12:38 | Кейбір дін мұғалімдері мен парызшылдар сонда Исаға:— Ұстаз, билігіңізді дәлелдейтін бір кереметті көрсек деп едік, — деген өтініш жасады. | |
Matt | Kaz | 12:39 | Бірақ Оның жауабы мынау болды:— Жаман, опасыз ұрпақ билігімді дәлелдейтін керемет көрсетуімді талап етеді. Бірақ оған Жүніс пайғамбардың кереметінен басқасы көрсетілмейді: | |
Matt | Kaz | 12:40 | Жүністің үш күн, үш түн дәу балықтың ішінде жатқаны сияқты, көктен келген Билеуші де жер қойнында үш күн, үш түн жататын болады. | |
Matt | Kaz | 12:41 | Ниневи тұрғындары қиямет кезінде осы ұрпақтың адамдарымен бірге сот алдында тұрып, олардың қиқарлығын әшкерелейді: ниневиліктер Жүніс уағыздағанда теріс жолдарынан қайтты. Ал мұнда Жүніс пайғамбардан да мәртебесі зор Біреу бар! (Алайда сендер теріс жолдарыңнан қайтудан бас тартасыңдар!) | |
Matt | Kaz | 12:42 | Ежелгі Оңтүстік Арабияның патшайымы да қиямет күні осы ұрпақпен бірге сот алдында тұрып, оның қиқарлығын әшкерелейді. Себебі патшайым Сүлеймен патшаның даналық сөздерін тыңдау үшін жердің қиыр шетінен келді. Ал мұнда Сүлеймен патшадан да мәртебесі зор Біреу бар! (Алайда сендер Маған құлақ аспайсыңдар!) | |
Matt | Kaz | 12:44 | Сонда ол: «Шыққан үйіме қайта оралайын» дейді. Қайтып келгенде қараса, үй сыпырылып, жиналыпты, алайда бос тұр екен. | |
Matt | Kaz | 12:45 | Содан жын барып, өзінен бетер жауыз тағы жеті жынды ертіп келіп, үйге кіріп, сонда тұрып қалады. Осылайша әлгі адамның кейінгі жағдайы бұрынғысынан да мүшкіл болады. Біліп қойыңдар, осы күнәлі ұрпақтың жағдайы да сол секілді болады! | |
Matt | Kaz | 12:46 | Иса әлі де халыққа сөйлеп тұрғанда, Оның шешесі мен туған бауырлары келіп, сыртта тұрып, Исамен тілдеспекші болды. | |
Matt | Kaz | 12:47 | Сонда әлдекім Исаға былай деп хабарлады:— Сыртта шешеңіз бен бауырларыңыз келіп, Сізбен сөйлесеміз деп тұр. | |
Matt | Kaz | 12:48 | Алайда Иса осыны айтқанға жауап қайырып:— Менің шешем, бауырларым кім екенін айтайын ба? — деді де, | |