NEHEMIAH
Chapter 11
Nehe | Kaz | 11:1 | Халықтың басшылары Иерусалимде қоныстанды. Бұған қоса жалпы халықтың оннан бірін қасиетті қала — Иерусалимге қоныстандыру үшін жеребелер тасталды. Халықтың қалған оннан тоғыз бөлігі өзге қалаларда тұрып қалды. | |
Nehe | Kaz | 11:2 | Өз еркімен Иерусалимде тұруға тілек білдірген адамдар да болды. Халық солардың барлығын мақтап, оң батасын берді. | |
Nehe | Kaz | 11:3 | Иерусалимде тұрған аудан басшыларының аты-жөндері төменде берілген. Көптеген исраилдіктер, діни қызметкерлер, леуіліктер, ғибадатхана қызметшілері және Сүлейменнің қызметшілерінің ұрпақтары Яһуда аймағындағы өз қалаларында, өздерінің меншікті жерлерінде тұрады. | |
Nehe | Kaz | 11:4 | Ал Яһуда мен Бунямин руларынан шыққан кейбіреулер Иерусалимге қоныстанған. Солардың басшыларының аты-жөндері мыналар:Яһуда руынан: Парестің ұрпағы Атаях, оның шыққан ата-тегі мынау: Атаях Ұзияхтан, Ұзиях Зәкәриядан, Зәкәрия Амарияхтан, Амариях Шафатияхтан, Шафатиях Мақалалелден. | |
Nehe | Kaz | 11:5 | Шелахтың ұрпағы Мағасиях, оның шыққан ата-тегі мынау: Мағасиях Барухтан, Барух Қолхозеден, Қолхозе Хазаяхтан, Хазаях Адаяхтан, Адаях Жоярибтен, Жояриб Зәкәриядан. | |
Nehe | Kaz | 11:6 | Парестің Иерусалимде тұратын ұрпақтарының жалпы саны — төрт жүз алпыс сегіз адам. Олардың бәрі мықты ер адамдар. | |
Nehe | Kaz | 11:7 | Бунямин руынан: Мешулам ұлы Саллу, оның шыққан ата-тегі мынау: Мешулам Жоедтен, Жоед Педаяхтан, Педаях Қолаяхтан, Қолаях Мағасияхтан, Мағасиях Ітиелден, Ітиел Ишаядан болатын. | |
Nehe | Kaz | 11:8 | Саллудан кейін Ғабай мен Саллай да Иерусалимде қоныстанды. Иерусалимдегі буняминдіктердің жалпы саны — тоғыз жүз жиырма сегіз адам. | |
Nehe | Kaz | 11:11 | Хелкия ұлы Сераях, оның шыққан ата-тегі мынау: Хелкия Мешуламнан, Мешулам Садықтан, Садық Мерайоттан, Мерайот Ахитұбтан. Сераях — Құдайдың киелі үйінің аға басқарушысы. | |
Nehe | Kaz | 11:12 | Бұлардың киелі үйдегі міндеттерін атқаратын ағайындарының саны — сегіз жүз жиырма екі адам.Ерохам ұлы Адаях, оның шыққан ата-тегі мынау: Ерохам Пелалияхтан, Пелалиях Амсиден, Амси Зәкәриядан, Зәкәрия Пашхурдан, Пашхур Малқияхтан. | |
Nehe | Kaz | 11:13 | Тағы да Адаяхтың ағайындары: олардың әрқайсысы — бір-бір әулеттің басшысы. Барлығы — екі жүз қырық екі адам.Азарил ұлы Амашсай, оның шыққан ата-тегі мынау: Азарил Ахзайдан, Ахзай Мешілемоттан, Мешілемот Имерден. | |
Nehe | Kaz | 11:14 | Оның мықты да қабілетті ер азаматтар болып табылатын ағайындары — жүз жиырма сегіз адам. Олардың басқарушысы — Хагедолим ұлы Забдиел. | |
Nehe | Kaz | 11:15 | Леуіліктерден: Азыриқамның немересі, Хашабияхтың шөбересі, Бунидің шөпшегі Хашуб ұлы Шемаях. | |
Nehe | Kaz | 11:16 | Леуілік басшылардан: Шабтай мен Жозабад. Екеуі Құдайдың үйінің сыртқы жұмыстарын басқаруда. | |
Nehe | Kaz | 11:17 | Забдидің немересі Асафтың шөбересі Миха ұлы Маттаниях — Құдайға мадақ пен шүкірлік айту және мінажат ету қызметінің жетекшісі. Ағайындарының арасынан оның орынбасары — Бақбұқиях. Тағы Ғалалдың немересі Едутунның шөбересі Шаммуа ұлы Абда да қызмет етуде. | |
Nehe | Kaz | 11:19 | Қақпашылар: Ақуб, Талмон және қақпа маңын күзететін тағы басқа ағайындарының жалпы саны: жүз жетпіс екі адам. | |
Nehe | Kaz | 11:20 | Араларында діни қызметкерлер мен леуіліктер де бар өзге исраилдіктер Яһуданың барлық басқа қалаларына қоныстанған. Әрқайсысы өз ата-бабасынан қалған мұралық жерінде тұрады. | |
Nehe | Kaz | 11:21 | Ғибадатхана қызметшілері Опел төбесін мекендеуде. Олардың жетекшілері — Сиха мен Ғишпа. | |
Nehe | Kaz | 11:22 | Леуіліктердің Иерусалимдегі басшысы: Хашабияхтың немересі Маттанияхтың шөбересі, Миханың шөпшегі Бани ұлы Ұззи. Ол — Құдайдың киелі үйіндегі ән-күй қызметін жүргізетін Асафтың ұрпақтарының бірі. | |
Nehe | Kaz | 11:23 | Әншілер өздерінің күнделікті міндеттерін реттеп басқаратын патшаның жарлықтарына бағынатын болды. | |
Nehe | Kaz | 11:24 | Яһуда ұлы Зарахтың ұрпағы Мешизабел ұлы Петахиях — парсы патшасының халыққа қатысты барлық істер жөніндегі кеңесшісі. | |
Nehe | Kaz | 11:25 | Елді мекендер мен олардың маңындағы далалық жерлерді Яһуда руының бірсыпыра адамдары мекендеуде. Олар Кирият-Арба, Дибон, Екабсеил қалаларында және оларға қарасты елді мекендерде тұрып жатыр. | |
Nehe | Kaz | 11:30 | Заноахта, Адуллам мен оған қарасты елді мекендерде, Лахыш пен оның маңындағы далалық жерде, Әзека мен оған қарасты елді мекендерде тұрып жатыр. Сонымен олар Бер-Шебадан бастап солтүстіктегі Хенном аңғарына дейінгі бүкіл аралықты мекендеуде. | |
Nehe | Kaz | 11:31 | Бунямин руының адамдары Гебадан бастап, Миқмаста, Айда, Бетел мен оған қарасты елді мекендерде, | |