GENESIS
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
Chapter 20
Gene | Kaz | 20:1 | Сол кезде Ыбырайым тұрған жерінен Қанаханның оңтүстік аймағына көшіп, біраз уақыт Қадеш пен Шурдың арасында тұрды. Сол жерден ол Герар қаласының маңына көшіп барып, сонда жат жұрттық болып уақытша қоныстанды. | |
Gene | Kaz | 20:2 | Ыбырайым (сол жерде кездескен адамдарға) әйелі Сара туралы: «Бұл — менің қарындасым», — деді. Содан Герардың патшасы Әбумәлік кісі жіберіп, Сараны алдыртты. | |
Gene | Kaz | 20:3 | Бірақ түнде Құдай патшаға түсінде аян беріп:— Осы әйелдің кесірінен сен өлесің, себебі оның күйеуі бар, — деді. | |
Gene | Kaz | 20:4 | Әбумәлік Сараға жақындаған жоқ болатын. Сондықтан ол:— Уа, Ием, Сен шынымен кінәсі жоқ халықты құртқың келе ме? | |
Gene | Kaz | 20:5 | Күйеуінің өзі: «Бұл — менің қарындасым» деді емес пе? Әйелі де: «Ол — менің ағам» деген болатын. Мұны істегенде жүрегім адал, қолым да таза еді, — деп жауап берді. | |
Gene | Kaz | 20:6 | Сонда Құдай оған түсінде былай деді:— Мен сенің мұны адал жүрекпен істегеніңді білемін. Сол себептен де сені Маған қарсы күнә жасаудан сақтап, оған жақындатпадым. | |
Gene | Kaz | 20:7 | Енді әйелін күйеуіне қайтар. Ол — пайғамбар, сен үшін Маған сиынып сұрасын, сонда аман қаласың. Біліп қой, егерде әйелін қайтармасаң, өзің де, күллі адамдарың да өлетін боласыңдар. | |
Gene | Kaz | 20:8 | Әбумәлік таңертең ерте тұрып, бүкіл нөкерлерін жинап алып, осы сөздерді түгелдей баяндап берді. Олар қатты қорқып кетті. | |
Gene | Kaz | 20:9 | Әбумәлік Ыбырайымды өзіне шақыртып алып, оған жекіп:— Бұл не қылғаның? Мені және патшалығымды сондай үлкен күнәға батыратындай, мен саған қандай жамандық жасадым? Сен маған істемеуге тиістіні істедің, — деді. | |
Gene | Kaz | 20:11 | Сонда Ыбырайымның жауабы мынау болды:— Мен бұл жердегілер Құдайдан қорықпайды, сондықтан мені әйелім үшін өлтіріп тастар деп ойладым. | |
Gene | Kaz | 20:12 | Ол — шынымен де менің қарындасым, өйткені — ол әкемнің қызы, бірақ шешемнің қызы емес, сондықтан да әйелім болды. | |
Gene | Kaz | 20:13 | Құдай маған әкемнің үйін тастап, ел кезуді бұйырғанда, мен Сараға: «Маған істеген жақсылығың мынау болсын: біз баратын жерлердің бәрінде мені ағам деп айт» деген едім. | |
Gene | Kaz | 20:14 | Әбумәлік ірілі-ұсақты малдар мен құл-күңдерді таңдап алып, Ыбырайымға сыйға тартты, сондай-ақ оған әйелі Сараны да қайтарып берді. | |
Gene | Kaz | 20:15 | Патша Ыбырайымға:— Міне, менің елімде сен үшін есік айқара ашық, қалаған жеріңді мекенде, — деп ұсынды. | |
Gene | Kaz | 20:16 | Сараға да тіл қатып:— Міне, мен сенің ағаңа мың мысқал күміс беріп отырмын. Бұл — қасыңдағы бүкіл жұрттың алдында арыңның тазалығының дәлелі. Осымен бәрі сенің кінәсіз екеніңді білетін болады, — деді. | |
Gene | Kaz | 20:17 | Ыбырайым Құдайға сиынып мінажат етті. Сонда Ол Әбумәлікті, оның әйелі мен күңдерін сауықтырып, бала туа алатын етті. | |