GENESIS
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
Chapter 29
Gene | Kaz | 29:2 | Сол жерде ол далада тұрған бір құдықты көрді. Оның қасында үш отар қой жатты, шопандар малдарын содан суарады екен. Құдықтың аузы алып таспен бекітілген еді. | |
Gene | Kaz | 29:3 | Барлық отарлар жиналғаннан кейін малшылар тасты аударып тастап, малдарын суарып, болған соң құдық аузын қайтадан бекітіп қоятын. | |
Gene | Kaz | 29:6 | — Оның хал-жағдайы жақсы ма?— Жақсы. Міне, оның қызы Рахила қойларын айдап келе жатыр. | |
Gene | Kaz | 29:7 | Жақып:— Күн әлі ерте, малды жинайтын уақыт болған жоқ. Қойларды суарып алып, өріске жайып, бағыңдар, — дегенде, | |
Gene | Kaz | 29:8 | малшылар:— Барлық мал жиналып, құдық аузындағы тас алынып тасталғанша, олай істей алмаймыз. Тек содан кейін ғана малды суарамыз, — деп жауап берді. | |
Gene | Kaz | 29:9 | Олар сөйлесіп тұрғанда, Рахила әкесінің ұсақ малдарымен құдық басына келді. Себебі ол да мал бағатын. | |
Gene | Kaz | 29:10 | Жақып нағашысы Лабанның қызы Рахиланы және оның қойларын көрісімен, құдық аузындағы тасты аударып тастап, малдарын суарып берді. | |
Gene | Kaz | 29:12 | өзін: «Әкеңнің жиені, Рабиғаның ұлымын», — деп таныстырды. Қыз әкесіне жүгіріп барып, болған жайтты айтып берді. | |
Gene | Kaz | 29:13 | Лабан қарындасының ұлы Жақып туралы ести сала, алдынан шықты. Оны құшақтап бауырына қысып, бетінен сүйіп, үйіне алып барды. Жақып Лабанға өзінің неге келгені жайлы әңгімелеп берді. | |
Gene | Kaz | 29:14 | Сонда Лабан: «Сен қандас бауырымсың», — деп, оған құшағын жайды.Жақып нағашысының қасында бір ай болғаннан кейін, | |
Gene | Kaz | 29:15 | Лабан оған тіл қатып:— Сен туысым болғандықтан маған тегін қызмет етуге тиіссің бе? Жоқ, қызметің үшін менен не қалайсың, соны айтшы, — деді. | |
Gene | Kaz | 29:18 | Жақып Рахиланы ұнатып қалып, Лабанға:— Мен сізге кіші қызыңыз Рахила үшін жеті жыл қызмет істеуге әзірмін, — деп жауап қайтарды. | |
Gene | Kaz | 29:19 | Лабан:— Оны бөтен біреуге ұзатқанша саған бергенім артық. Менің қасымда қал, — деп келісті. | |
Gene | Kaz | 29:20 | Осылай Жақып Рахила үшін жеті жыл қызмет етті. Ол Рахиланы өте жақсы көргендіктен бұл жылдар бірнеше күндей зымырап өте шықты. | |
Gene | Kaz | 29:21 | Уақыты жеткенде Жақып Лабаннан: «Келісілген мерзім аяқталды. Маған қалыңдығымды беріңіз, үйленгім келеді», — деп рұқсат сұрады. | |
Gene | Kaz | 29:23 | Ал кеш түсе Лабан Жақыпқа үлкен қызы Лияны жетектеп апарып берді. Жақып түнде сонымен бірге болып шықты. | |
Gene | Kaz | 29:25 | Таң атқанда, міне ғажап, қалыңдық Лия болып шықты! Жақып Лабанға:— Бұл не істегеніңіз? Сізге Рахиланы алу үшін қызмет еттім емес пе? Мені неге алдадыңыз? — деп ашуланды. | |
Gene | Kaz | 29:27 | Бір жұма бойы үйлену тойын осы қалыңдығыңмен өткіз, содан кейін мен саған кішісін де беремін. Ол үшін тағы да жеті жыл қызмет етесің, — деген шешімін айтты. | |
Gene | Kaz | 29:28 | Жақып бұған келісіп, бір апта бойы тойды Лиямен өткізді. Мұнан соң Лабан оған кіші қызы Рахиланы да қосты. | |
Gene | Kaz | 29:30 | Жақып Рахиламен де бірге болып, оны Лиядан гөрі артық ұнатты. Бұдан кейін ол Лабанның қол астында тағы да жеті жыл қызмет етті. | |
Gene | Kaz | 29:31 | Жаратқан Ие Жақыптың Лияны ұнатпайтынын көрген соң, оған балалы болу қабілетін сыйлады. Ал Рахила бедеу болатын. | |
Gene | Kaz | 29:32 | Сонымен Лия жүкті болып, ұл туды. Ол: «Шеккен жәбіріме Жаратқан Ие қарады. Енді күйеуім мені жақсы көретін болады», — деп, баласына Рубен («Қара, бір ұл!») деген ат қойды. | |
Gene | Kaz | 29:33 | Кейін Лия тағы да ұл тапқанда: «Жаратқан Ие менің (күйеуіме) ұнамсыз екенімді естіп, маған мына ұлды да сыйлады», — деп, оған Шимон (яғни «Естіп тұрған») деген есім берді. | |
Gene | Kaz | 29:34 | Тағы бір ұл туған соң Лия: «Енді күйеуім маған берік қосылатын болды, себебі мен оған үш ұл туып бердім», — деді. Сондықтан бала Леуі («Берік қосылған») деп аталды. | |