GENESIS
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
Chapter 46
Gene | Kaz | 46:1 | Сонымен Исраил өзінің қасындағы барлық жұртын мал-мүліктерімен ертіп алып, жолға шықты. Ол Бер-Шебаға келгенде әкесі Ысқақ сиынған Құдайға арнап құрбандық жасады. | |
Gene | Kaz | 46:2 | Сонда Құдай оған түнде аян беріп:— Жақып! Жақып! — деп шақырды. Ол:— Тыңдап тұрмын, — деп жауап қатты. | |
Gene | Kaz | 46:3 | — Мен Құдаймын, әкең мойынсұнған Тәңірмін. Мысырға көшіп барудан қорықпа, сенен сол жерде бір үлкен халық өрбітіп таратамын. | |
Gene | Kaz | 46:4 | Мен саған Мысырда да жар болып, сендерді қайтадан Қанахан еліне Өзім алып келемін. Қайтыс болғанда көзіңді жұмғызатын Жүсіп болады, — деді. | |
Gene | Kaz | 46:5 | Осылай Жақып Бер-Шебадан жолға шықты. Ұлдары оның өзін де, олардың балалары мен әйелдерін де перғауын жіберген күймелерге отырғызды. | |
Gene | Kaz | 46:6 | Жақып пен оның үрім-бұтағы — ұлдары мен немере ұлдары, қыздары мен немере қыздары барлығы да Қанахан елінде жинап алған малдары мен дүние-мүліктерін алып, Мысырға көшіп барды. | |
Gene | Kaz | 46:7 | Жақып пен оның үрім-бұтағы — ұлдары мен немере ұлдары, қыздары мен немере қыздары барлығы да Қанахан елінде жинап алған малдары мен дүние-мүліктерін алып, Мысырға көшіп барды. | |
Gene | Kaz | 46:8 | Мысырға көшіп барған Исраилдің (яғни Жақыптың) ұлдарының аттары төмендегідей:Жақыптың тұңғыш ұлының аты Рубен. | |
Gene | Kaz | 46:12 | Яһуданың ұлдары: Ер, Онан, Шелах, Парес, Зарах. Ер мен Онан Қанахан жерінде қайтыс болған еді. Парестің ұлдары: Хесрон мен Хамул. | |
Gene | Kaz | 46:15 | Бұлар Лияның Жақыпқа солтүстік Месопотамияда туып берген ұлдары. Дина есімді қыздары да сол жерде дүниеге келді. Барлығын қосқанда Жақып пен Лиядан тарағандар отыз үш ұрпақ болды. | |
Gene | Kaz | 46:17 | Аширдың ұлдары: Имна, Ишуах, Ишуи, Бериях, ал қызы — Серах. Берияхтың ұлдары: Хебер мен Малхиел. | |
Gene | Kaz | 46:18 | Бұлар Лабанның қызы Лияға күтуші күң ретінде берген Зилпаның ұлдары; Зилпадан Жақыптың он алты ұрпағы тарады. | |
Gene | Kaz | 46:20 | Мысырда Жүсіптің Манаса мен Ефрем есімді ұлдары дүниеге келді. Бұларды Он қаласындағы діни қызметкер Потифердің қызы Асенет туды. | |
Gene | Kaz | 46:22 | Бұлар Рахиланың Жақыпқа туып берген ұлдары мен олардан тарағандар — барлығы он төрт ұрпақ. | |
Gene | Kaz | 46:25 | Бұлар — Лабан өзінің қызы Рахилаға күтуші күңі ретінде берген Балханың ұлдары; Балхадан Жақыптың жеті ұрпағы тарады. | |
Gene | Kaz | 46:26 | Жақыпқа еріп Мысырға көшіп барған ұрпақтары, келіндерін қоспағанда, алпыс алты жан еді. | |
Gene | Kaz | 46:27 | Жүсіптің Мысырда туған ұлдары екеу. Осылайша Жақыптың Мысырға көшіп келген бүкіл үрім-бұтағының жалпы саны өзін қосқанда жетпіс болды. | |
Gene | Kaz | 46:28 | Гөшендегі қоныстарын көрсету үшін Жақып Жүсіпке алдын ала Яһуданы жіберді. Осылайша көш Гөшен аймағына жетіп, | |
Gene | Kaz | 46:29 | Жүсіп те күймесін жегіп, әкесі Исраилді қарсы алу үшін Гөшенге қарай беттеді. Әкесін көргенде оны мойнынан құшақтап тұрып ұзақ жылады. | |
Gene | Kaz | 46:31 | Ақырында Жүсіп бауырларына және әкесінің үйіндегі адамдарға былай деді:— Мен перғауынға барып, мынаны айтпақпын: «Қанахан елінен маған бауырларым және әкемнің үй іші көшіп келді. | |
Gene | Kaz | 46:32 | Олар бақташылар, сондықтан ірілі-ұсақты малдары мен дүние мүліктерінің бәрін өздерімен бірге ала келді». | |