GENESIS
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
Chapter 34
Gene | Kaz | 34:1 | Жақыптың Лиядан туған қызы Дина бірде сол жердің қыздарымен кездесу үшін үйінен шықты. | |
Gene | Kaz | 34:2 | Оны сол өлкенің әміршісі хевтік Хамордың ұлы Сихем көріп қалып, алып кетіп, зорлап тастады. | |
Gene | Kaz | 34:3 | Сихемнің көңілі Динаға қатты ауып, оған ғашық болып қалды. Содан жас жігіт бойжеткенмен жылы сөйлесіп, көңілін аулауға ұмтылды. | |
Gene | Kaz | 34:5 | Жақып қызының масқараланғаны туралы естіді. Алайда ұлдары әкесінің малдарын далада бағып жүргендіктен, ол солар қайта оралғанша үндемеді. | |
Gene | Kaz | 34:7 | Сол екі арада даладан Жақыптың ұлдары да оралды. Не болғанын естігенде жігіттер қатты ренжіп, бойларын ашу кернеді. Себебі Сихем қызды зорлауымен Исраилдің бүкіл әулетін масқаралап, болмауға тиіс қылмыс жасаған еді. | |
Gene | Kaz | 34:8 | Ал Хамор оларға былай деп өтініш жасады:— Ұлымның көңілі қыздарыңызға қатты ауып тұр, оны оған ұзатсаңыздар екен. | |
Gene | Kaz | 34:10 | Біздің жақта тұра беріңіздер, ел есігі сіздерге ашық. Осы жерде қоныстанып, емін-еркін жүріп, егіс танаптарын да иемденіңіздер. | |
Gene | Kaz | 34:11 | Сихем де қыздың әкесі мен ағаларынан:— Маған мейірімділік таныта көріңіздер. Не қаласаңыздар, соны беремін. | |
Gene | Kaz | 34:12 | Қалыңмалдың және қызға арналған сыйлықтардың мөлшерін мейлінше көп атай беріңіздер, мен беруге даярмын. Тек осы қызыңызды маған қоссаңыздар екен, — деп сұрады. | |
Gene | Kaz | 34:13 | Бірақ қарындастары Динаның абыройы төгілгендіктен, Жақыптың ұлдары Сихем мен Хаморды алдап былай деді: | |
Gene | Kaz | 34:14 | — Олай істей алмаймыз. Қарындасымызды сүндеттелмеген жігітке қосуға болмайды. Бұл біз үшін масқара болар еді. | |
Gene | Kaz | 34:15 | Барлық еркек кіндіктілеріңіз біздер сияқты сүндеттелгенде ғана тілектеріңізді орындай аламыз. | |
Gene | Kaz | 34:16 | Сонда сіздермен қыз алысып, қыз беріскен құдандалы халық болып, бірге тұратын боламыз. | |
Gene | Kaz | 34:17 | Ал егер сүндетке отырудан бас тартсаңыздар, қарындасымызды алып, өз жөнімізге кетеміз. | |
Gene | Kaz | 34:19 | Жақыптың қызын қатты ұнатып қалған жас жігіт айтылған шартты орындауға бірден келісті. Ол әкесінің үйіндегілердің ең беделдісі еді. | |
Gene | Kaz | 34:20 | Содан Хамор мен Сихем қаланың ер адамдарымен сөйлесуге қақпа алдындағы алаңға барды. Оларға тіл қатып былай деді: | |
Gene | Kaz | 34:21 | «Мына адамдар бізге бейбіт ниетпен келді. Оларға да жер жетеді, біздің елде тұрып, осында қалауынша жүре берсін. Құдаласып қыз алысып, қыз берісейік. | |
Gene | Kaz | 34:22 | Тек біздегі бүкіл еркек атаулы олар сияқты сүндеттелетін болса ғана, олардың ер адамдары бізбен бірге тұрып, біртұтас халық болуға көнеді. | |
Gene | Kaz | 34:23 | Осылай өз отар-табындары мен жиған-тергендерінің бәрі де біздікі болмай ма? Ал енді айтқандарымен келісейік, сонда олар осында бізбен бірге тұрып қалмақ». | |
Gene | Kaz | 34:24 | Хамор мен Сихемнің ұсынысы алаңда жиналған барлық беделді ер адам атаулының қолдауын тапты. Сондықтан қала қақпасынан кіріп-шығып жүрген бүкіл еркек кіндіктілер сүндеттелді. | |
Gene | Kaz | 34:25 | Бұдан үш күннен кейін ер адамдардың барлығы әлі де ауырып жатқан кезде Жақыптың екі ұлы Шимон мен Леуі семсерлерімен табан астынан қалаға шабуыл жасап, күллі адамдардың көзін құртты. | |
Gene | Kaz | 34:26 | Олар Хамор мен Сихемді де семсерлерімен шауып өлтіріп, қарындастары Динаны Сихемнің үйінен алып кетті. | |
Gene | Kaz | 34:27 | Содан Жақыптың өзге ұлдары да келіп, қарындастарын масқаралап кеткені үшін өлтірілгендердің қаласын тінте бастады. | |
Gene | Kaz | 34:29 | бүкіл байлығын талан-таражға салып, барлық балалары мен әйелдерін тұтқынға алып, үйлеріндегі дүние-мүліктерін тонап кетті. | |
Gene | Kaz | 34:30 | Ал Жақып Шимон мен Леуіге қатты наразыланып:— Сендер мені осы жерде тұрған қанахандықтар мен перездіктерге жек көрінішті қылып, бақытсыздыққа итермеледіңдер. Мендегі адамдар азғана. Әлгілер жиналып қарсы шығып, мені жеңіп, үй ішіммен жоқ қылар, — деп сөкті. | |