GENESIS
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
Chapter 36
Gene | Kaz | 36:2 | Есау Қанахан елінде жергілікті үш қызға үйленді. Олардың аты-жөндері мынау: хеттік Елонның қызы Адах, Анахтың қызы, хевтік Сибеонның немересі Охолибама, | |
Gene | Kaz | 36:3 | бұлардан кейін Есау тағы Ысмағұлдың қызы, Набайоттың қарындасы Басематты да әйелдікке алды. | |
Gene | Kaz | 36:5 | әрі Охолибама Егуш, Яғлом, Қорах есімді ұлдарды туып берді. Бұлар Есаудың Қанахан елінде дүниеге келген ұлдары. | |
Gene | Kaz | 36:6 | Есау әйелдерін, ұлдары мен қыздарын, үйіндегі барлық қызметшілерін, сонымен бірге бүкіл ірілі-ұсақты малдарын, Қанахан елінде тапқан барлық дүние-мүлкін алып, інісі Жақыптан бөлектеніп, басқа бір елге қоныс аударды. | |
Gene | Kaz | 36:7 | Ағайынды адамдардың мал-мүлкінің көптігі соншалықты, олардың бірігіп қоныстануына жағдай болмады. Олар жат жұрттық ретінде тұрып келген жер оларды малдарының көптігінен асырай алмады. | |
Gene | Kaz | 36:9 | Сейірдің таулы жерін мекендеген едомдықтардың түп атасы Есаудың үрім-бұтағының шежіресі мынау: | |
Gene | Kaz | 36:10 | Есаудың ұлдарының аттары: оның әйелі Адахтан Елипаз, ал әйелі Басематтан Рәгуел дүниеге келді. | |
Gene | Kaz | 36:12 | Елипаздың кәнизагы Тимна оған Амалек атты ұл туып берді. Бұлар Есаудың әйелі Адахтан тараған немерелері. | |
Gene | Kaz | 36:13 | Рәгуелдің ұлдары Нахат, Зарах, Шаммах, Миза. Бұлар Есаудың әйелі Басематтан тараған немерелері. | |
Gene | Kaz | 36:14 | Есаудың кейінгі әйелі Охолибаманың оған сыйлаған ұлдарының аттары: Егуш, Яғлом, Қорах. Охолибама Анахтың қызы, Сибеонның немересі еді. | |
Gene | Kaz | 36:15 | Есаудың ұрпақтарының ішіндегі рубасылар: оның тұңғыш ұлы Елипаздың ұлдары — Теман, Омар, Сефо, Кеназ, | |
Gene | Kaz | 36:16 | Ғатам, Амалек. Едом елінде қоныстанған бұл рубасылар Елипаздың ұлдары, Есаудың Адахтан тараған немерелері еді. | |
Gene | Kaz | 36:17 | Есаудың ұлы Рәгуелдің ұлдары — Нахат, Зарах, Шаммах, Миза. Рәгуелден тараған осы рубасылар да Едом елін мекендеді. Олар Есаудың әйелі Басематтан тараған немерелері болатын. | |
Gene | Kaz | 36:18 | Есаудың әйелі — Анах қызы Охолибаманың ұлдары Егуш, Яғлом және Қорах та кезінде рубасылар болды. | |
Gene | Kaz | 36:19 | Жоғарыда аталғандар Есаудың ұлдары әрі олардан тараған рубасылар. Есау Едом деп те аталады. | |
Gene | Kaz | 36:21 | Дишон, Езер, Дишан. Бұлар Сейірдің ұлдары әрі Едом жеріндегі хорлықтардың рубасылары болатын. | |
Gene | Kaz | 36:24 | Сибеонның ұлдары: Аях пен Анах. Айдалада әкесінің есектерін бағып жүріп, ыстық су көздерін тапқан осы Анах болатын. | |
Gene | Kaz | 36:30 | Дишон, Езер, Дишан. Бұлар хорлықтардың Сейір жерін мекендеп, билейтін аймақтарына қарай бөлінген рубасылары болды. | |
Gene | Kaz | 36:31 | Исраил халқын билейтін патша шықпай тұрғанда, Едом жерінде билік құрған патшалар мыналар: | |
Gene | Kaz | 36:35 | Хушам дүние салғанда Бедад ұлы Хадад патшалық құрды. Ол Моаб даласында мадияндықтарды жеңіп шықты. Хушамның тұрған қаласының аты Ауит болатын. | |
Gene | Kaz | 36:37 | Самла дүние салғанда Евфрат өзенінің бойында орналасқан Рехоботтан келген Саул патша болды. | |
Gene | Kaz | 36:39 | Ахбор ұлы Бағал-Ханан дүние салғанда Хадар патшалық құрды. Оның тұрған қаласының аты Пау болатын. Әйелі Мехетабелдің шешесі Матред, ал нағашы әжесі Месахаб еді. | |
Gene | Kaz | 36:40 | Төмендегілер руларына, тұрған мекендеріне, өздеріне қойылған аттарына қарай бөлінген Есаудан тараған рубасылар: Тимна, Алуа, Етет, | |