GENESIS
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
Chapter 41
Gene | Kaz | 41:3 | Мұнан кейін олардан басқа, сұрықсыз, арық тағы жеті сиыр судан шығып, жағада тұрған сиырлардың қасына келді. | |
Gene | Kaz | 41:4 | Сұрықсыз, арық сиырлар жеті семіз, күйлі сиырды жеп қойды. Сол кезде перғауын оянып кетеді. | |
Gene | Kaz | 41:5 | Перғауын тағы да ұйықтап кетіп, қайтадан түс көреді. Түсінде бір сабақтан әдемі, толық піскен жеті масақ өсіп тұр екен. | |
Gene | Kaz | 41:6 | Ал солардан кейін жеті сидиған арық масақ та өсіп тұрды. Оларды шығыстан соғып тұрған ыстық жел күйдіріп жіберген болатын. | |
Gene | Kaz | 41:7 | Жеті сидиған арық масақ әдемі, толып піскен жеті масақты жұтып қойды. Ал перғауын ұйқысынан оянып кетіп, бұның түс екенін біледі. | |
Gene | Kaz | 41:8 | Ертеңінде ол жанын қоярға жер таппай, Мысырдың барлық балгерлері мен білімпаздарын алдыртып, көрген түстерін айтып берді. Алайда олардың ешқайсысы да патшаның түстерін жорып бере алмады. | |
Gene | Kaz | 41:9 | Сонда бас шарапшы тұрып, перғауынға былай деді:— Бүгін мен өзім жасаған кінәні есіме түсіріп тұрмын. | |
Gene | Kaz | 41:10 | Бірде перғауын өзінің құлдары — бас наубайшы мен маған ашуланып, бізді бас қорғаушының қарамағындағы түрмеге қаматты. | |
Gene | Kaz | 41:12 | Бізбен бірге бас қорғаушының қызметшісі — бір жас көшпенді жігіт отырды. Оған түсімізді айтып, ол әрқайсымызға жорып берді. | |
Gene | Kaz | 41:13 | Кейін оқиға дәл ол жорығандай болды: мен қайтадан орныма тұрып, екінші адам дарға асылды. | |
Gene | Kaz | 41:14 | Сонда перғауын кісі жіберіп, Жүсіпті тез арада түрмеден босатып алғызды. Жүсіп сақал-мұртын алдырып, киімдерін ауыстырған соң, перғауынның алдына келді. | |
Gene | Kaz | 41:15 | Перғауын Жүсіпке:— Мен түс көрдім, бірақ оны ешкім де жори алмай отыр. Сен туралы түс жори аласың деп естідім, — деді. | |
Gene | Kaz | 41:16 | Жүсіп перғауынға:— Тақсыр, түс жори алатын мен емес. Перғауынның игілігі үшін жоруын Құдай бермек, — деді. | |
Gene | Kaz | 41:19 | Кейінірек мен олардан басқа, еті сүйегіне жабысып қалған, сұрықсыз, арық тағы жеті сиырдың судан шығып келе жатқанын көрдім. Бүкіл Мысыр елінде осындай ұсқынсыз малдарды көрген емеспін. | |
Gene | Kaz | 41:21 | Бірақ олар семіз сиырларды жеп қойса да, бұрынғысынша сұрықсыз, арық күйлерінде қала берді. Сол жерде мен оянып кеттім. | |
Gene | Kaz | 41:22 | Мен қайтадан түс көрдім. Түсімде бір сабақтан әдемі, толып піскен жеті масақ өсіп тұр екен. | |
Gene | Kaz | 41:23 | Солардан кейін қатып-семіп қалған, сидиған арық тағы да жеті масақ өсіпті. Оларды шығыстан соғып тұрған ыстық жел күйдіріп жіберген болатын. | |
Gene | Kaz | 41:24 | Сидиған арық жеті масақ әдемі, толып піскен жеті масақты жұтып қойды. Мен көрген түстерімді сәуегейлерге айтып беріп едім, бірақ олардың ешқайсысы да дұрыстап жорып бере алмады, — деді. | |
Gene | Kaz | 41:25 | Жүсіп перғауынға былай деп жауап қатты:— Перғауынның екі түсінің де мағынасы біреу. Құдай перғауынға не болатынын көрсетті. | |
Gene | Kaz | 41:27 | Олардың артынан келген жеті арық, сұрықсыз сиыр және шығыстан соққан желден кеуіп қалған жеті масақ жеті жылдық ашаршылыққа меңзейді. | |
Gene | Kaz | 41:28 | Мен жаңа айтқандай, Құдай осы түстер арқылы келешекте не болатынын перғауынға білдіріп тұр: | |
Gene | Kaz | 41:31 | Сонда бұл жерде болған молшылық ешкімнің есінде қалмай, елді өте ауыр ашаршылық жайламақ. | |
Gene | Kaz | 41:32 | Перғауынның түсті екі рет көруі Құдайдың Өзі шешіп қойған бұл істі жуырда жүзеге асыратынын білдіреді. | |
Gene | Kaz | 41:33 | Енді перғауын бір ақылды, данышпан адамды таңдап алып, Мысыр елін басқаруды оның қолына тапсыра көрсін, | |
Gene | Kaz | 41:34 | сонымен қатар арнайы салықшылар тағайындап, егіннің бестен бір бөлігін жинап алдыртсын. | |
Gene | Kaz | 41:35 | Осы қызметкерлер болашақтағы молшылықтың астығын жинап, қалаларда перғауынның қарамағындағы қоймаларда азық қоры ретінде сақтаудың қамын жасаулары керек. | |
Gene | Kaz | 41:36 | Бұл астық Мысыр елін жайлайтын жеті жылдық жұт кезінде халықты аштан өлуден сақтайтын қор болады. | |
Gene | Kaz | 41:38 | Перғауын оларға: «Біз Құдай Рухына кенелген тап осы адамдай біреуді таба аламыз ба?» — деп, | |
Gene | Kaz | 41:39 | Жүсіпке қарап: «Мұның бәрін саған Құдай білдіріп тұр екен! Өзің сияқты ақылгөй, дана ешкім де жоқ. | |
Gene | Kaz | 41:40 | Бұдан былай менің сарайымды қарамағыңа аласың, бүкіл халқым сенің айтқаныңмен жүруге тиіс. Мен патшалық тағыма байланысты ғана сенен жоғары боламын. | |
Gene | Kaz | 41:41 | Міне, мен сені бүкіл Мысыр елінің әміршісі етіп тағайындаймын», — деген шешімін айтты. | |
Gene | Kaz | 41:42 | Перғауын қолынан өзінің мөрі бекітілген сақинасын шешіп алып, Жүсіптің саусағына кигізді. Оған ақ бәтестен киімдер кигізіп, мойнына алтын алқа салып, | |
Gene | Kaz | 41:43 | оны өзінің екінші пәуескесіне отырғызды. Жүсіп жақындаған кезде атқосшылары жұртқа: «Жол беріңдер! Иіліңдер!» — деп айқайлайтын болды. Осылайша перғауын Жүсіпті бүкіл Мысыр елін басқаратын бас уәзірі етіп тағайындап, | |
Gene | Kaz | 41:44 | оған: «Ел патшасы перғауын менмін. Ал сенің келісіміңсіз бүкіл Мысырда ешкім де іс-әрекет жасамайтын болады», — деп міндетін табыс етті. | |
Gene | Kaz | 41:45 | Жүсіпке Сафнат-Панеах деген ат қойып, оған әйелдікке Он қаласындағы діни қызметкер Потифердің қызы Асенетті алып берді.Жүсіп Мысырдың әміршісі болып патшаға қызметке тұрғанда отыз жаста еді. Ол перғауынның қасынан кетіп, бүкіл Мысыр елін аралауға кірісті. | |
Gene | Kaz | 41:46 | Жүсіпке Сафнат-Панеах деген ат қойып, оған әйелдікке Он қаласындағы діни қызметкер Потифердің қызы Асенетті алып берді.Жүсіп Мысырдың әміршісі болып патшаға қызметке тұрғанда отыз жаста еді. Ол перғауынның қасынан кетіп, бүкіл Мысыр елін аралауға кірісті. | |
Gene | Kaz | 41:48 | Жүсіп сол жылдары Мысырда өсіп-өніп шыққан барлық дәнді дақылдарды қалаларға жіберді. Әр қалада сол маңнан жиналған өнімді сақтап қойды. | |
Gene | Kaz | 41:49 | Осылай Жүсіп астықтан құм түйіршіктеріндей мол етіп азық қорын жасап алды. Мұның көптігі сонша, санаса сан жетпейтін еді. | |
Gene | Kaz | 41:50 | Сол кезде, елді ашаршылық әлі де жайламай тұрғанда, әйелі Асенет Жүсіпке екі ұл туып берді. | |
Gene | Kaz | 41:51 | Жүсіп тұңғышына Манаса («Ұмыту») деген ат қойды. Себебі ол: «Құдай менің барлық уайымымды, әке-шешемнің үйінен алыстап кеткенімді ұмыттырды», — деді. | |
Gene | Kaz | 41:52 | Екінші ұлын Ефрем («Өнімді») деп атап, «Құдай мені бұрын жапа шеккен елде өнімді қылды», — деді. | |
Gene | Kaz | 41:54 | Содан кейін, Жүсіп алдын ала айтқандай, жеті жылдық жұт та жетті. Барлық елдерге ашаршылық жайылды, бірақ бүкіл Мысыр жерінде азық қоры сақтаулы болатын. | |
Gene | Kaz | 41:55 | Мысырлықтар аштық көре бастағанда перғауынға нан беруін сұрап жалбарынды. Перғауын оларға: «Жүсіпке барыңдар! Ол не айтса, соны істеңдер!» — деп әмір етті. | |
Gene | Kaz | 41:56 | Бүкіл елде ашаршылық үдей түскенде Жүсіп қоймаларды ашып, мысырлықтарға астық сата бастады. | |