GENESIS
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
Chapter 38
Gene | Kaz | 38:1 | Сол кездері Яһуда бауырларынан бөлініп кетіп, адулламдық Хирах есімді кісінің қасына қоныстанды. | |
Gene | Kaz | 38:5 | Мұнан кейін де әйелі ұлды болып, оны Шелах деп атады. Ол туғанда Яһуда Хезіб қаласында болатын. | |
Gene | Kaz | 38:7 | Бірақ Ердің мінез-құлқы Жаратқан Иеге жек көрінішті болғандықтан, Жаратқан Ие оның өмірін қысқа қылды. | |
Gene | Kaz | 38:8 | Сонда Яһуда Онанға: «Жеңгеңе әмеңгер болып үйлен. Осылай ағаң марқұмның үрім-бұтағын жалғастыр», — деді. | |
Gene | Kaz | 38:9 | Ал Онан Тамардан туатын балалары өз ұрпағы болып саналмайтынын білгендіктен, онымен жақындасқанда ағасынан ұрпақ қалдырмау үшін шәуетін төгіп тастап отырды. | |
Gene | Kaz | 38:11 | Сонда Яһуда Тамарға: «Кенже ұлым Шелах үлкейгенше әкеңнің үйінде жесір болып отыра тұр», — деді. Шынында ол Шелах та ағалары сияқты өлмесе екен деп ойлап, келінін алдамақ болды. Сонымен Тамар әкесінің үйіне қайтып барып, сонда тұрып қалды. | |
Gene | Kaz | 38:12 | Көп уақыт өткен соң Яһуданың өз әйелі — Шуаның қызы қайтыс болды. Аза тұту мерзімі аяқталысымен Яһуда адулламдық досы Хирахпен Тимнада қойларын қырықтырып жатқан адамдарына өрлеп бару үшін жолға шықты. | |
Gene | Kaz | 38:13 | Ал Тамарға біреулер: «Қайын атаң қойларын қырықтыруға Тимнаға қарай өрлеп бара жатыр», — деп хабарлады. | |
Gene | Kaz | 38:14 | Шелах ержетсе де, Яһуданың өзін Шелахқа қоспайтынына Тамардың көзі әбден жеткен болатын. Сондықтан ол жесірлік киімдерін әдеттегідей киімдермен ауыстырып, ешкім танымасын деп бетін пердемен жауып алды. Осылай ол Тимнаға баратын жол бойындағы Енаимға барып, қала қақпасының жанына жайғасты. | |
Gene | Kaz | 38:15 | Яһуда Тамарды көргенде оны жезөкше әйел екен деп ойлады, өйткені ол бетін пердемен жауып алған еді. | |
Gene | Kaz | 38:16 | Оның өз келіні екенін білмей, көшеден бұрылып келіп, оған:— Жүр, мен саған кіріп шығайын, — деді. Әйел:— Маған кіріп шықсаңыз, не бересіз? — деп сұрады. | |
Gene | Kaz | 38:17 | — Саған отарымнан бір лақ беріп жіберемін.— Маған лағыңызды жібергенше кепілдікке бір нәрсеңізді бере тұрыңыз. | |
Gene | Kaz | 38:18 | Яһуда:— Қандай кепілдік беруім керек? — деп сұрағанда әйел:— Мөріңізді, бауыңызды, қолыңыздағы таяғыңызды, — деп талап етті.Яһуда оған сұрағандарын берді. Онымен болып шыққаннан кейін Тамар жүкті болды. | |
Gene | Kaz | 38:19 | Сол жерден шығысымен ол бетпердесін алып тастап, жесірлік киімдерін қайтадан киіп алды. | |
Gene | Kaz | 38:20 | Яһуда қалдырған кепілдік заттарын қайтарып алу үшін лақты адулламдық досы арқылы беріп жіберген еді, бірақ ол әйелді таба алмады. | |
Gene | Kaz | 38:21 | Сонда досы сол жердің тұрғындарынан:— Енаимға баратын жолда отырған жезөкше қайда? — деп сұрады. Олар:— Мұнда жезөкше болған емес, — деді. | |
Gene | Kaz | 38:22 | Досы Яһудаға қайтып келіп:— Оны таппадым. Жергілікті адамдар сол жерде ешқандай жезөкшенің болмағанын айтты, — деді. | |
Gene | Kaz | 38:23 | Яһуда:— Онда сол заттар әйелде қала берсін, әйтпесе күлкіге қалып жүрерміз. Мен оған лақты жіберуін жібердім, бірақ сен оны таба алмадың ғой, — деп шешті. | |
Gene | Kaz | 38:24 | Үш айдан кейін Яһудаға мынадай хабар келіп жетті:— Келініңіз Тамар жеңіл жүріске салынып, жүкті болып қалған көрінеді! — Сонда Яһуда:— Оны алып шығып, өртеу керек, — деп бұйырды. | |
Gene | Kaz | 38:25 | Тамарды қаланың сыртына алып шыққан кезде ол қайын атасына кісі жіберіп:— Мен мына заттардың иесінен жүкті болып қалдым! Анықтап қараңыз: мөр, бау және таяқтың иесі кім екенін білесіз бе? — деп сәлем айтты. | |
Gene | Kaz | 38:26 | Яһуда заттарды танып тұрып:— Ол менен әділеттірек, себебі мен оны ұлым Шелахқа қосқан жоқпын, — деді. Ал мұнан кейін ол Тамармен қайтадан жақындасқан жоқ. | |
Gene | Kaz | 38:28 | Ол босанып жатқан кезде алдымен біреуінің қолы шықты. Босандырушы әйел бір қызыл жіпті алып, қолға байлап: «Бұл бірінші болып шықты», — деді. | |
Gene | Kaz | 38:29 | Бірақ ол қолын қайта тартып алып, оның сыңары бірінші болып туды. Босандырушы әйел таңғалып: «Сен қалайша бұзып-жарып бірінші боп шықтың?» — деді. Сондықтан оған Парес («Бұзып-жарушы») деген ат қойды. | |