GENESIS
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
Chapter 27
Gene | Kaz | 27:1 | Ысқақ қартайып, көзі көрмей қалған еді. Бірде ол тұңғыш ұлы Есауды шақырып алып:— Ұлым! — деді.— Иә, тыңдап тұрмын. — деп жауап қатты ол. | |
Gene | Kaz | 27:4 | Соның етінен мен сүйсініп жейтіндей дәмді тағам пісіріп, алып кел. Оны жеп, өлмей тұрғанда саған батамды беретін болайын, — деді. | |
Gene | Kaz | 27:5 | Ысқақ ұлымен сөйлескен кезде, Рабиға да құлақ түріп тыңдап тұрды. Есау аң аулап әкелу үшін далаға шығып кеткеннен кейін, | |
Gene | Kaz | 27:7 | «Маған бір аң аулап әкеліп, дәмді етіп тамақ пісіріп бер. Мен оны жеп, өлмей тұрғанда саған Жаратқан Иенің алдында батамды берейін» дегенін естідім. | |
Gene | Kaz | 27:9 | қораға барып, маған екі қоңды лақты алып кел. Олардан дәмдеп, әкең сүйсініп жейтін тағам дайындаймын. | |
Gene | Kaz | 27:12 | Әкем мені сипаласа ше, онда оның алдында өтірікші болып, одан бата орнына қарғыс алармын, — деді. | |
Gene | Kaz | 27:13 | Сонда шешесі:— Саған деген қарғысты өз мойныма аламын. Сен айтқанымды істеп, маған екі лақты әкеп бер, — деп жауап қатты. | |
Gene | Kaz | 27:14 | Жақып лақтарды алып келіп, шешесіне берді. Ол солардан ұлдың әкесі сүйсініп жейтіндей дәмді тамақ әзірледі. | |
Gene | Kaz | 27:15 | Содан кейін Рабиға үлкен ұлы Есаудың өз үйінде жатқан ең сәнді киімдерін алып, оларды кенжесі Жақыпқа кигізді, | |
Gene | Kaz | 27:19 | — Мен тұңғышыңыз Есаумын. Маған айтқаныңызды орындадым. Басыңызды көтеріп, мен аулап әкелген аңның етін жеп, маған батаңызды беріңіз. — | |
Gene | Kaz | 27:20 | Ысқақ:— Ұлым, қалайша оны тез тауып алдың? — деп сұрағанда, Жақып:— Сіздің сиынатын Құдайыңыз — Жаратқан Ие оны маған кездестірді, — деп жауап қайтарды. | |
Gene | Kaz | 27:21 | Сонда Ысқақ:— Ұлым, маған жақындашы. Сен шынымен ұлым Есаусың ба, жоқ па, соны білу үшін сені сипалап көрейін, — деді. | |
Gene | Kaz | 27:22 | Жақып қасына келген соң әкесі оны сипалап тұрып:— Даусы Жақыптікі, ал қолдары Есаудікі, — деп шүбәсін білдірді. | |
Gene | Kaz | 27:23 | Жақыптың қолдарынан ағасының қолдарындағыдай түкті сезгеннен кейін Ысқақ Жақыпты танымай қалды. Оған батасын бермек болды, | |
Gene | Kaz | 27:24 | бірақ ол тағы бір рет:— Сен шынымен ұлым Есаумысың? — деп сұрады. Жақып:— Иә, солмын, — деп жауап берді. | |
Gene | Kaz | 27:25 | Сонда әкесі:— Ұлым, аңнан әзірленген тамағыңды бер. Мен жейін де, саған батамды берейін, — деді.Жақып әкесіне тамақты ұсынды, ол жеді; кейін шарап әкеліп, ол оны да ішті. | |
Gene | Kaz | 27:27 | Жақып әкесінің қасына барып, оны сүйгенде, Ысқақ оның киген киімдерінен Есаудың иісін сезді. Содан ол ұлына батасын беріп былай деді:«Ұлымның иісі Жаратқан ИеЖарылқаған даланың иісіндей. | |
Gene | Kaz | 27:28 | Айырмасын Құдай сені аспан шығынан,Әрі топырақтың құнарлылығынан,Ағыл-тегіл астық пен жүзім шырынынан! | |
Gene | Kaz | 27:29 | Саған ұлттар қызмет жасай берсін,Һәм халықтар бас иетін болсын!Сен билейтін бол бауырларыңды,Саған бағынсын анаңның ұлдары!Сені қарғайтындарды қарғыс атсын,Ал батасын беретіндер жарылқансын!» | |
Gene | Kaz | 27:30 | Ысқақ батасын аяқтап, Жақып әкесінен шығып бара жатқан кезде, ағасы Есау аң аулаудан қайтып келді. | |
Gene | Kaz | 27:31 | Ол да дәмді тамақ пісіріп, әкесіне апарды да, оған былай деп тіл қатты:— Әке, басыңызды көтеріп, батаңызды беру үшін мен әзірлеген тамақтан ішіңіз. | |
Gene | Kaz | 27:32 | Сонда әкесі одан:— Сен кімсің? — деп сұрады. Ұлы оған:— Мен тұңғыш ұлыңыз Есаумын ғой, — деп жауап берді. | |
Gene | Kaz | 27:33 | Сонда Ысқақ қатты дірілдеп шошып кетіп:— Аң аулап, маған жаңа ғана тамақ әзірлеп, әкелген адам кім болды екен? Мен сол тамақты сен келер алдында ғана жеп, оны әкелген адамға батамды беріп қойдым. Енді батам сол күйінде қалады, — деді. | |
Gene | Kaz | 27:34 | Есау әкесінің сөзін естігенде әбден күйініп, қатты айқайлап жіберіп:— Әке! Маған да батаңызды берсеңіз етті! — деп жалбарынды. | |
Gene | Kaz | 27:35 | Ал әкесі:— Інің қулықпен келіп, саған тиесілі батаны иемденіп кетті, — деп бас тартты. | |
Gene | Kaz | 27:36 | Сонда Есау:— Оның аты Жақып қой, ол мені екі рет алдап үлгерді. Алдымен ол менен тұңғыштық жолымды алдап алды, енді маған тиісті батаны да иемденіп кетті! — деді де, әкесінен:— Сіз маған деген ешқандай бата қалдырған жоқсыз ба? — деп сұрады. | |
Gene | Kaz | 27:37 | Ысқақ:— Мен оны саған билеуші етіп, барлық бауырларының бәрін өзіне қызметші қылып бердім. Оны мол астық пен жүзім шырынымен қамтамасыз еттім. Ұлым, мен енді сен үшін не істей аламын? — деп жауап берді. | |
Gene | Kaz | 27:38 | — Әке, сізде бар болғаны бір-ақ бата ма еді? Маған да батаңызды бере көріңіз! — деп, Есау дауыстап жылады. | |
Gene | Kaz | 27:39 | Соңында Ысқақ оған бата беріп былай деді:«Құнарлы топырақ пен аспан шығынанСен алшақтау мекендейтін боласың. | |
Gene | Kaz | 27:40 | Семсеріңе сүйене өмір сүресің,Әрі бауырыңа мойынсұнып жүресің.Бірақ жұлқынып қарсы шыққан уақытыңЖеткенде мойныңдағы езгісінен оныңБосап, құтылып кететін боласың». | |
Gene | Kaz | 27:41 | Есау сол кезден бастап Жақыпты әкесінен алдап алған батасы үшін жек көрді. Ол өз-өзіне: «Көп ұзамай әкем дүние салып, жоқтау айтатын уақыт келер. Содан кейін Жақыптың көзін құртамын», — деді. | |
Gene | Kaz | 27:42 | Үлкен ұлының бұл сөздері Рабиғаның құлағына шалынды. Сонда ол кенжесін шақырып алып: «Ағаң Есау кек алып сені өлтірмекші. | |
Gene | Kaz | 27:43 | Сондықтан айтқанымды тыңда: тез жолға жиналып, Харандағы туған ағам Лабанға қашып кет. | |
Gene | Kaz | 27:45 | Кейінірек ол сенің өзіне істегеніңді ұмытып, ашуы қайтқаннан кейін біреуді жіберіп, сені шақыртып аламын. Мен бір күнде екі ұлымнан бірдей айырылып қалар жайым жоқ!» — деді. | |