Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
ISAIAH
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 12
Isai Kaz 12:1  Сол кезде мынадай ән-жыр айтатын боласың:«Уа, Жаратқан Ием, Сені мадақтаймын!Маған ашуланған едің, ал сосынҚаһарыңды басып, мені жұбаттың.
Isai Kaz 12:2  Сөз жоқ, тек Құдай менің Құтқарушым!Оған сеніп, қорықпаймын да енді,Жаратқан Ие — күш-қуатымның көзі,Айтатын жырым Тәңір Ием жайлы,Ол адал Құтқарушым болып келеді!»
Isai Kaz 12:3  Құтқарылудың қайнар көздеріненСу ала бересіңдер қуанышпен.
Isai Kaz 12:4  Сол кезде былай дейтін боласыңдар:«Жаратқан Иеге шүкірлік етіп,Есімін атап Оған сиыныңдар,Әділ істерін ұлттарға білдіріп,Есімінің ұлылығын хабарлаңдар!
Isai Kaz 12:5  Жаратқан Иеге арнап ән шырқаңдар,Ол ұлы кереметтерді істеді,Осыны білсін жер жүзінің бәрі!
Isai Kaz 12:6  Уа, Сионның халқы, масаттаныңдар,Дауыстап қалықтата ән салыңдар:Исраил сиынған Киелі ҚұдайЕнді өздеріңнің араларыңдаБөленеді салтанатты ұлылыққа!»