ISAIAH
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
Chapter 38
Isai | Kaz | 38:1 | Сол күндері Езекия қатты науқастанып, өлім аузында жатты. Амос ұлы Ишая пайғамбар оған келіп, былай деді: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Үй ішіңе соңғы өсиеттеріңді беріп, істеріңді аяқта! Себебі бұл аурудан жазылмай, қайтыс боласың». | |
Isai | Kaz | 38:3 | «Уа, Жаратқан Ие! Сенің көз алдыңда ізгі жолыңмен жүріп, шын жүректен әділ істер істеп келгенімді ескере көрші!» — деді. Мұнан кейін Езекия қатты жылады. | |
Isai | Kaz | 38:5 | «Езекияға барып, былай де:Түп атаң Дәуіттің сиынған Құдайы Жаратқан Ие саған мынаны айтады: Сенің мінажатыңды естіп, көз жасыңды көрдім. Біліп ал, сенің өміріңе тағы он бес жыл қосамын. | |
Isai | Kaz | 38:7 | Жаратқан Иенің Өзінің уәде еткенін іске асыратындығының саған арнаған белгісі мынау болмақ: | |
Isai | Kaz | 38:8 | Жаратқан Ие Ахаз патша салғызған баспалдақтың үстімен көлеңкені он қадам кері жылжытады». — Сонда көлеңке шынымен он қадам кері жылжыды! | |
Isai | Kaz | 38:9 | Яһуда патшасы Езекия науқасынан сауығып кеткеннен кейін (Жаратқан Иені мадақтаған мына жырын) жазып қалдырды. | |
Isai | Kaz | 38:10 | Былай дедім: Өмірімнің ортасындамын,Бірақ енді о дүниеге аттанамын,Сөйтіп соңғы жылдарымнан ада қаламын! | |
Isai | Kaz | 38:11 | Осылай тіршілік әлемінде ешқашанЖаратқанның көз алдына бара алмаймын,Һәм адамдарды бұ дүниеде тұратынЕнді қайтып еш көрмеймін деп ойладым. | |
Isai | Kaz | 38:12 | Өмірім қойшының қосындай жиылады,Біржола өзімнен тартылып алынады.Сонда ғұмырым менің шиыршықталады,Әрі тоқылған матадай қиылады,Ымырт жабыла ол тез аяқталады. | |
Isai | Kaz | 38:13 | Таң атқанға дейін мен төзіп шыдадым,Арыстан сүйегімді сындырғандай ауырдым,Ымыртта жанымды аласың деп ойладым. | |
Isai | Kaz | 38:14 | Қарлығаш не шымшықтай шырылдадым,Гүрлеген көгершіндей аһыладым.Ұдайы аспанға қарап талды көзім,Азаптан мені құтқаршы, уа, Тәңірім! | |
Isai | Kaz | 38:15 | Енді не айтайын? Ол маған сөйледі:Иемнің Өзі маған мұны жіберді.Абайлап өткізем бар келер кезімді,Шеккен қасіретім мені ескертеді. | |
Isai | Kaz | 38:16 | Уа, Ием, тәртібіңмен өмір кешемін,Жаңартылды осылайша рухым менің.Сен мені сауықтырып, өмір сүргіздің. | |
Isai | Kaz | 38:17 | Зор қайғы шеккенім игі болды маған!Сен алып қалдың мені өлім аузынан,Күнәмді лақтырдың асыра арқаңнан. | |
Isai | Kaz | 38:18 | Өлілер Сені мадақтамайтын шығар,Өлім де Саған мақтау айтпайтын болар,Дүние салғандар үміт артпайтын шығар, | |
Isai | Kaz | 38:19 | Саған шүкірлік айтады тек тірілері.Мен адалдығыңды мақтаймын бұл күндері,Балаларына ол жайлы айтады әкелері. | |
Isai | Kaz | 38:20 | Жаратқан Ие мені сақтап қалды аман,Оның киелі үйінде біз шат-шадыманӘн-жыр айтамыз ішекті аспаппен әрқашан! | |
Isai | Kaz | 38:21 | Бұрынырақ Ишая пайғамбар патшаның қызметкерлеріне: «Інжір жемістерінен шелпек жасап алып келіңдер! — деп тапсырған болатын. — Соны шиқанның үстіне қойсаңдар, патша айығып кетеді». — | |