ISAIAH
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
Chapter 17
Isai | Kaz | 17:1 | Бұл — Дамаск жайлы ауыр хабар:«Біліп қойыңдар, енді қайтып Дамаск қала болмайды, ол қиратылып, тау-төбе үйіндіге айналады. | |
Isai | Kaz | 17:2 | Арогер аймағының қалалары қаңырап бос қалады. Енді олар малдың жайылымына айналып, ешкім де олардан малды қуып аластатпайды. | |
Isai | Kaz | 17:3 | Солтүстік Исраил қамалды қалаларынан айырылып, Дамаск өзінің тәуелсіз патшалық болуынан ада қалады. Тірі қалған арамалықтар Исраил халқы сияқты ұлылығын жоғалтады». — Әлемнің Иесі, осыны нық айтады. | |
Isai | Kaz | 17:5 | Сонда Исраил елі орақшылар егінді жинап алғаннан кейінгі егістікке ұқсайды. Ол ештеңесін қалдырмай жиып-терген Рефаим аңғарындағы қаңыраған бос егіндік іспетті болады. | |
Isai | Kaz | 17:6 | Тек біразырақ адам ғана аман қалады. Бұл, жемісі жинап алынған зәйтүн ағашындай болмақ: ең биік ұшар басында тек екі-үш, ең төменгі өнімді бұтақтарында төрт-бес-ақ жемісі қалмақ». — Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие осыны нық айтады. | |
Isai | Kaz | 17:7 | Сол уақыт жеткенде адамдар өздерін жаратқан Жасаған Иеге бет бұрып, Исраилдің Киелі Құдайына сеніммен қарап мойынсұнады. | |
Isai | Kaz | 17:8 | Олар енді қайтып өздері жасаған құрбандық үстелдеріне бет бұрмайды, әрі өз қолдарынан шыққан Ашера бағаналары мен хош иісті заттар түтететін үстелдерге сеніммен қарамайтын болады. | |
Isai | Kaz | 17:9 | Сол заман келгенде олардың бекіністі қалалары да иесіз ну орманға ұқсап, қанахандықтардың Исраил халқынан қашқан кезде тастап кеткен қырат бастарындағы қалалары сияқты елсіз бос болады. | |
Isai | Kaz | 17:10 | Неге десең, сен өзіңді құтқарған Құдайыңды менсінбей, өзіңді қорғайтын «Жартасыңды» ұмыттың! Мейлі, таңдаулы деген өсімдіктерді егіп, шетелден әкелінген жүзім бұталарын отырғыза бер! | |
Isai | Kaz | 17:11 | Олар сен еккен күні тармақ жайса да, сен отырғызған күні гүлденсе де, бәрібір олардан өнім жинамайсың: соның орнында тек қайғы-қасірет пен жазылмас ауру ғана болады. | |
Isai | Kaz | 17:12 | Тыңдашы, көптеген халықтардың әскерлері долданған теңіздің гүріліндей шулайды! Ойбай, ұлттардың дабыры қандай! Олар ағысты судың гүріліндей шулайды, | |
Isai | Kaz | 17:13 | әрі жағаны соғып зулаған толқындардай алға жылжиды. Бірақ Құдай оларға бұйрық бергенде, қашып кетеді де, тау жаққа жел ұшырған кебектей, құйын көтерген тозаңдай кері шегінеді. | |