Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
ISAIAH
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 42
Isai Kaz 42:1  «Міне, Менің қолдап жүрген Қызметшім,Жаным рақат табатын таңдаулым!Оған қондырдым Өзімнің Рухымды,Ол халықтарға жеткізбек әділ үкімді.
Isai Kaz 42:2  Қызметшім ақырмайды да айқайламайды,Оның даусы көшелерде шықпайды.
Isai Kaz 42:3  Ол майысқан таяқты сындырмайды,Бықсыған білтені де сөндірмейді,Шынында әділдікті орындайды.
Isai Kaz 42:4  Ол соны берік орнатқанша жер бетінеКүші тасып, алған бетінен қайтпайды.Алыс елдер үміт артар оның тәліміне».
Isai Kaz 42:5  Аспанды жайып жіберіп жаратқан,Жерді де өнімімен жайып тастаған,Адамдарға өмірдің лебін үрлеген,Жер басқанның бәріне тыныс бергенҚұдай Ие мынаны да айтқан:
Isai Kaz 42:6  «Сені әділдікпен Өзім шақырдым,Қолыңнан ұстап, қорғаймын, әрі қойдымКелісімнің кепілі болуға өз халқыма,Жол көрсеткіш Нұр да өзге ұлттарға.
Isai Kaz 42:7  Соқыр көзді ашып, тұтқынды түрмеден,Түнектегіні қапастан босату үшінСені Мен, Тәңір Ие, жіберемін.
Isai Kaz 42:8  Жаратқан Иемін, бұл — Менің есімім.Даңқымды басқаға бере салмаймын,Жалған тәңірлермен оны бөліспеймін!
Isai Kaz 42:9  Жүзеге асты бұрынғы айтқандарым,Енді жаңа жайттарды жариялаймын,Сендерге алдын ала хабарлаймын».
Isai Kaz 42:10  Иемізге жаңа әнді шырқаңдар,Жер шетінен Оған мақтау айтыңдар!Теңізде жүзіп жүрген теңізшілер,Жағалауларды мекендеген елдер,
Isai Kaz 42:11  Шөлдала мен сол жақтағы қалаларЖәне қидарлықтар тұрған ауылдар,Бәрі Тәңірімізді дәріптесін!Села халқы да қуана дауыстасын,Тау бастарынан шырқап ән-жырларын,
Isai Kaz 42:12  Жариялап Жаратқанның ұлылығынБар аралдарда Оны мадақтасын!
Isai Kaz 42:13  Иеміз күшті жауынгердей аттанады,Батырдай қайрат-жігер танытады,Даусын көтеріп ұранын салады,Жауларының бәрін жеңіп шығады!
Isai Kaz 42:14  «Мен ұзақ уақыт үнсіз болған едім,Өзімді сабырлықпен ұстап келдім,Ал қазір толғақ қысқан әйелге ұқсапЕнтіге айқайлап, ашуымды төгем!
Isai Kaz 42:15  Тау-төбені ойрандап, бос қалдырамын,Өсімдік атаулысын қуратамын,Өзендерді құрлыққа айналдырып,Көлдерді де кептіріп құрғатамын.
Isai Kaz 42:16  Шындықты көрмейтін халқымды МеніңӨзі білмейтін жолмен жетелеймін,Бейтаныс жолдармен бастап алып жүріп,Түнекті алдынан нұрға айналдырамын,Қисық жолдардың бәрін түзетемін.Халқым үшін осыларды жасаймын,Ешқашан оны жалғыз қалдырмаймын!»
Isai Kaz 42:17  Ал табынғандар жалған тәңірлергеҚоладан құйылған мүсіндеріне:«Құдайымыз сенсің» деп бас ұрады,Содан беттері күйіп масқара болады!
Isai Kaz 42:18  «Ей, рухани саңыраулар, құлақ асыңдар, көкірегі соқырлар, көздеріңді ашып, қараңдар!
Isai Kaz 42:19  Кім өз хабаршым Исраил халқы сияқты саңырау, кім осы қызметшімдей рухани соқыр?! Менімен Келісім жасаған осы халықтай шындықты көрмейтін біреу бар ма?! «Жаратқан Иенің қызметшісі» деп аталған Исраилдей сөзімді естімейтін кім бар?!
Isai Kaz 42:20  Расында сен көпті көрген едің, бірақ ештеңені ұқпайсың, құлақтарың естіген еді, бірақ тыңдамайсың!»
Isai Kaz 42:21  Жаратқан Ие өз әділдігіне сай Таурат заңы мен тәлімін дәріптелуге лайық әрі тамаша етіп шығаруды жөн көрген еді.
Isai Kaz 42:22  Алайда бұл халық тоналып, талан-таражға ұшырады. Бәрі тұтқындалып, құлдыққа түсті. Олжа болған оларды құтқаратын біреу де жоқ. Ешкім: «Талан-таражға түскен осы халықты қайтарып бер!» деп талап етпейді.
Isai Kaz 42:23  Араларыңдағы қайсың осыларды тыңдайсыңдар? Қайсың байыбына барасыңдар?
Isai Kaz 42:24  Кім Исраил халқын тонаушылардың қолдарына тапсырып, талан-таражға қалдырды? Мұны істеген Жаратқан Иенің Өзі емес пе?!Себебі біздер Жаратқан Иеге қарсы күнә жасай бердік. Ата-бабаларымыз да Оның жолымен жүргілері келмей, Таурат заңы мен тәліміне бағынбай қойды.
Isai Kaz 42:25  Сондықтан Тәңір Ие оларға қайнаған қаһарын төгіп, сұрапыл соғыс жіберді. Бірақ олар Құдайдың лаулаған қаһарына ұшыраса да, соның себебін ұқпады! Тіпті жалыны жалмағанмен, олар мұны көңілдеріне түймеді!