ISAIAH
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
Chapter 9
Isai | Kaz | 9:1 | Забулон мен Нафталимнің отанынИеміз бұрыннан масқараға ұшыратқан.Ал болашақта осы бір аймақты —Теңізге баратын жол бойындағыӘрі Иорданның батыс жағындағыБөтен ұлттар тұрған Ғалилея аймағыЗор абыройға бөлейтін болады! | |
Isai | Kaz | 9:2 | Халық қараңғыда ғұмыр кешіп келеді,Ал енді бір ғаламат Нұрды көреді,Түнек басқан жерде тұратын елгеТаңның шапағы сәулесін төгуде! | |
Isai | Kaz | 9:3 | Уа, Ием, Сен санын көбейтіп халқыңның,Оған үлкен қуаныш та сыйлайсың.Адамдар өнім жинау маусымында,Не жау олжасын бөлісіп алғандаҚатты қуанатындары сияқты,Халқың шаттанады Сенің алдыңда. | |
Isai | Kaz | 9:4 | Себебі Сен өз ата-бабаларынЕжелде Мадиянның зорлығынанШексіз құдіретіңмен құтқарғансың!Енді тағы да меншікті халқыңныңЕңсесін басқан езгіні құртасың,Арқасын ұрып-соққан жау сойылын,Қатал қанаушының асатаяғынБіржола сындырып, жойып тастайсың! | |
Isai | Kaz | 9:5 | Әскердің жер таптаған етіктеріӘрі қанға малынған киімдеріЕнді өртелуге белгіленеді,Бәрі де отқа жем болып кетеді. | |
Isai | Kaz | 9:6 | Себебі Сәби дүниеге келді,Біз үшін осы Ұл сыйға берілді!Билік Оның қолында қала береді:Ол «керемет ақылды Кеңесші,Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке,Тыныштықты сыйлайтын әмірші»Деп те аталатын болады. | |
Isai | Kaz | 9:7 | Оның құрған билігі арта түсіп,Орнатқан тыныштығы шексіз болады,Өзі Дәуіттің тағына отырып,Мәңгі патшалығын сол кезден бастайды,Әділдікпен нығайтып, жалғастырып,Ақиқатты да ұстанатын болады.Барлық қайрат-жігерімен бұлардыӘлемнің Иесі іске асырады! | |
Isai | Kaz | 9:8 | Жасаған Ие Жақыптың үрім-бұтағына үкім шығарды, әрі бұл шешімін олардың арасында жүзеге асырады. Солтүстік Исраилдің бүкіл халқы, Самария қаласының әрбір тұрғыны мұны ұғынатын болады. Олар өркөкіректеніп, менменсіп: | |
Isai | Kaz | 9:9 | Жасаған Ие Жақыптың үрім-бұтағына үкім шығарды, әрі бұл шешімін олардың арасында жүзеге асырады. Солтүстік Исраилдің бүкіл халқы, Самария қаласының әрбір тұрғыны мұны ұғынатын болады. Олар өркөкіректеніп, менменсіп: | |
Isai | Kaz | 9:10 | «Саман үйлеріміз құлады, бірақ біз қашалған тастан қалап мықтылап қайтадан үй саламыз! Тұт ағаштарымыз кесіліп тасталды, бірақ орнына әлдеқайда құнды балқарағайлар отырғызамыз!» — деп, қиқарлық көрсетіп келді. | |
Isai | Kaz | 9:12 | шығыстан Араманы, батыстан філістірлерді аттандырды. Олар Исраилді жалмап қоюға құнығып, ауыздарын арандай ашты.Соның өзінде Жаратқан Иенің қаһары әлі де басылған жоқ, Оның құдіретті қолы жазалау үшін көтеріліп тұр! | |
Isai | Kaz | 9:13 | Алайда осы халық өзін жазалаған Әлемнің Иесіне қайтадан бет бұрып, Оның еркін білуге ұмтылған жоқ. | |
Isai | Kaz | 9:14 | Сол себепті бір-ақ күн ішінде Жаратқан Ие Исраилдің басы мен құйрығын, оның үлкенді-кішілі барлығын да шауып тастайды: | |
Isai | Kaz | 9:17 | Сондықтан Жасаған Ие осы халықтың жас жігіттерін аямайды, жетім-жесірлеріне де жаны ашымайды. Себебі бәрі де арсыз зұлымдар, ауыздарынан шыққан сөздері өтірік!Алайда Жаратушының қаһары әлі де басылған жоқ, Оның құдіретті қолы жазалау үшін көтеріліп тұр! | |
Isai | Kaz | 9:18 | Расында адамдардың әділетсіздігі от іспетті лаулап жанып, тікенді бұталарды әрі жантақ, ошағанды жалмап, ну орманды да өртеп жібереді. Түтін бағаналары зәулім биікке дейін көтеріледі. | |
Isai | Kaz | 9:19 | Әлемнің Иесінің лаулаған қаһарынан жер өртеніп, халық отқа жем болады. Сонда адамдар жақындарын да аямай, әркім өз қара басын ғана қорғайды. | |
Isai | Kaz | 9:20 | Олар оңды-солды тапқандарын жалмап жеп жатса да, көрген аштығының беті қайтпайды. Адам тіпті өз қандастарын да жалмап, | |