Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
ISAIAH
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 35
Isai Kaz 35:1  Сол кезде тіпті иен дала мен құла түз қуанып, меңіреу дала да шаттанып, сарғалдақтар гүлдейді.
Isai Kaz 35:2  Айдала жайқала гүлдеп, қуана ән шырқайды. Құла түз енді Ливан тауларындай салтанатты, Қармил тауы мен Шарон жазығындай құлпырып, көрікті болады. Әрбір жан Құдайымыз Жаратқан Иенің салтанатты ұлылығын көретін болады.
Isai Kaz 35:3  Сонымен салдырап, дәрменсіз қалған аяқ-қолдарыңның буындарын бекітіп, еңселеріңді көтеріңдер!
Isai Kaz 35:4  Жүрексінген адамдарыңа былай деңдер: «Қорықпай, берік болыңдар! Біліп қойыңдар, сендер сиынатын Құдай жауларыңды өздері жасаған қылмыстары үшін жазалауға келеді. Иә, Құдай сендерді құтқаруға келе жатыр!»
Isai Kaz 35:5  Сонда соқырдың көзі ашылып, көре алады, саңыраудың құлағы ашылып, ести алады.
Isai Kaz 35:6  Ақсақ адам енді бұғыдай секіріп, сөйлей алмаған мылқау қуана айқайлайды. Шөл далада бұлақ көздері қайнап, құла түзде өзендер ағады.
Isai Kaz 35:7  Шөлейт жер көлге айналып, қураған дала бұлақтарға толады. Шибөрілер тынығып келген аңызақ жерлерде енді көк шөп пен қамыс-құрақ жайқалады.
Isai Kaz 35:8  Сол жерде даңғыл жол болып, ол «Қасиеттілік жолы» деп аталмақ. Бұл жолмен арам ниетті адамдар емес, тек Құдайдың халқы жүреді. Менмен ақымақтар оған еш түспейді.
Isai Kaz 35:9  Оның бойында не арыстандар, не басқа да жыртқыш аңдар аңдып жүрмейтін болады. Өзге қауіптер де сонда болмайды. Тек жау қолынан азат етілгендер ғана сол жолмен жүрмек.
Isai Kaz 35:10  Жаратқан Иенің азат еткен халқыСионға ән шырқап қайтып келеді,Олар ұдайы мәз-мейрам болады,Қуаныш пен шаттыққа кенеледі,Қайғы-қасірет, күрсіну атаулыБастарынан бірден алыстап кетеді!