ISAIAH
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
Chapter 18
Isai | Kaz | 18:1 | Қап, әттеген-ай, Нілге құятын салалардың ар жағында орналасқан, қанаттылар сусылдап ұшатын Құш елі қасіретке қалады! | |
Isai | Kaz | 18:2 | Сол ел қамыстан жасалған қайықпен Ніл өзенімен елшілерін жібереді.Уа, жүрдек хабаршылар! Өзендермен бөлінген өз елдеріңе қайтыңдар! Әр жерде қорқыныш туғызатын мықты да зорлықшыл өз халқыңа мына хабарды жеткізіңдер: | |
Isai | Kaz | 18:3 | Ей, жер бетінде тұратын барлық адамдар, ден қойыңдар! Тау бастарында ту көтерілгенде соны көріп, керней тартылғанда соны еститін боласыңдар! | |
Isai | Kaz | 18:4 | Себебі Жаратқан Ие маған мынаны айтты: «Мен Өзім тұратын көктен тыныштықпен төменге көз саламын. Осы тыныштық күн күйіп тұрған кездегі жым-жырт ыстыққа әрі өнім жинайтын кездегі аптапта жоғары қарай ақырын көтерілген буға ұқсайды». | |
Isai | Kaz | 18:5 | Жүзімші өнімді жинамас бұрын, бүршік гүлдеп болып, жүзім піскен кезде, пышағымен артық өскіндерді кесіп түсіреді. Сол сияқты, Жаратқан Ие Құштың жасағын «шауып тастайды». | |
Isai | Kaz | 18:6 | Оның өлген жасақшыларының денелері таудағы жыртқыш құстар мен даладағы аңдарға қалады. Олармен жазда құстар, қыста аңдар қоректенеді. | |