ISAIAH
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
Chapter 16
Isai | Kaz | 16:1 | Уа, Моаб халқы, елдің әміршісіне арнап алым-салық ретінде қошқарлар жіберіңдер! Оларды Села қаласынан иен дала арқылы Сион тауына апарыңдар! | |
Isai | Kaz | 16:2 | Моабтық қыз-келіншектер Арнон өзенінің жағалауында тентіреп, ұясынан лақтырып тасталған құстардай абыржып, әрлі-берлі жүре береді. | |
Isai | Kaz | 16:3 | Олар Яһуда халқына жалынып былай дейді: «Бізге не істейтінімізді айтыңдаршы! Қашып жүрген біздерді тал түсте саясын түсірген ағаштай қорғап, жасыра көріңдер! Қуған жауға бізді ұстап бермеңдерші! | |
Isai | Kaz | 16:4 | Моабтық босқындарды елдеріңде қалдырыңдаршы. Бізді жойғылары келгендерден жасырып қорғаңдаршы!»Зорлық-зомбылық жасап, елді ойран қылғандар тоқтатылып, жойылған кезде | |
Isai | Kaz | 16:5 | Құдай Дәуіттің әулетінен шыққан біреуді таққа отырғызады. Ол халыққа адалдықпен және берік мейіріммен билік жүргізіп, шындыққа сай үкім шығарып, әділетті тез орнататын болады. | |
Isai | Kaz | 16:6 | «Біз Моабтың ерен тәкаппарлығы мен өркөкіректігі, оның менмендігі мен кердеңдігі туралы естігенбіз, алайда олар босқа мақтанады». | |
Isai | Kaz | 16:7 | Сондықтан Моаб халқы зар жылайды, олардың бәрі де еңіреп жылайды. Кир-Хәрешеттен әкелінетін мейіздердің енді болмайтыны туралы қатты қайғырып еңкілдейсіңдер. Халық торығып, үміттерін үзеді. | |
Isai | Kaz | 16:8 | Хешебон маңындағы егіндіктер мен Сибмадағы жүзімдіктер кеуіп қалды. Халықтардың билеушілері ондағы таңдаулы жүзім бұталарын быт-шыт қылды. Бұрын олардың бау-бақшалары солтүстікте Жазерге дейін жетіп, шығыста шөлге қарай, батыста Өлі теңіздің арғы жағалауына қарай жайылып, жайқалып тұратын еді. | |
Isai | Kaz | 16:9 | Сондықтан Сибманың жүзім бұталары үшін Жазер халқы іспетті мен де қатты қайғырамын. Уа, Хешебон мен Елғала, сендерді де жоқтап, көз жасымды көл қыламын. Өйткені енді қайтып мұнда халықтың құрма, інжір жемістері мен егіннің өнімдерін қуана жинайтын маусымдары болмайды. | |
Isai | Kaz | 16:10 | Құнарлы бау-бақшаларда шат-шадымандық ғайып болады. Жүзімдіктерде көңілді әндер шырқалмайды. Сыққыш шұңқырларда ешкім де қуана айқай сала жүзімді таптап шырынын ағызбайды. | |
Isai | Kaz | 16:11 | Сол себепті жан дүнием Моаб елі үшін әрі жүрегім ондағы Кир-Хәрес қаласы үшін қайғылы әуен тартқан жетігендей зарлайды. | |
Isai | Kaz | 16:12 | Моаб халқы дұға ету үшін өздерінің биіктеу жерлеріндегі табыну орындарына барып, жалған тәңірлердің ғибадатханаларында қатты тырысып құлшылық етеді, бірақ оларынан ештеңе шықпайды. | |