ISAIAH
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
Chapter 52
Isai | Kaz | 52:1 | Оян, Сион халқы, оян! Күш-қуатқа бөлен! Қасиетті қала Иерусалим, салтанатты киін! Құдайсыз, күнәлі жауларың енді қайтып саған кірмейтін болады! | |
Isai | Kaz | 52:2 | Отырған жеріңнен тұрып, шаңыңды қағып тастап, төрдегі орныңа жайғас, уа, Иерусалим! Мойныңдағы шынжырларды алып таста, тұтқындалған Сион халқы! | |
Isai | Kaz | 52:3 | Себебі Жаратқан Ие былай дейді: «Сендер ақшаға сатылмай-ақ құлдыққа түстіңдер. Енді құн төленбей-ақ босатыласыңдар!» | |
Isai | Kaz | 52:4 | Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Ежелде Менің халқым Мысырға барып, жат жерлік кірмелер ретінде сонда тұрған еді. Соңғы уақытта Ассур патшалығы оларға зорлық-зомбылық көрсетіп келді. | |
Isai | Kaz | 52:5 | Ал енді, мына жағдай не? — дейді Жаратқан Ие. — Жау халқымды құнын төлемей-ақ айдап алып кетіп, билеп-төстейді. Сол ісіне шулап мақтанады. Менің атым күн ұзағына қорланады. | |
Isai | Kaz | 52:6 | Алайда болашақта Менің халқым атымды мойындайтын болады. «Қараңдар, Мен мұндамын!» деп шақырған Өзім екеніме сол күні олар көздерін жеткізбек». — Жаратқан Ие осыны нық айтады. | |
Isai | Kaz | 52:7 | (Татулық туралы) ізгі хабарды жеткізушінің таудан асып келгені қандай тамаша! Ол тыныштықты жариялап, бақыттың жақсы хабарын алып келіп, құтқарылуды паш етеді. Сионға: «Құдайың патшалық құрып жатыр!» — деп мәлімдейді. | |
Isai | Kaz | 52:8 | Бір үн естіледі: күзетшілерің дауыс көтеріп, барлығы да шаттана шырқайды. Олар өз көздерімен Жаратқан Иенің Сионға қайтып келгенін көреді! | |
Isai | Kaz | 52:9 | Иерусалимнің қираған орындары, бәрің бірігіп шаттана ән шырқаңдар! Тәңір Ие өз халқына жаны ашып, Иерусалимді құтқарады. | |
Isai | Kaz | 52:10 | Жаратқан Ие Өзінің киелі құдіретін барлық халықтардың көз алдында ашық көрсетеді. Құдайымыздың бізді құтқаруын жердің түкпір-түкпіріндегілердің барлығы көретін болады. | |
Isai | Kaz | 52:11 | Кәне, жүріңдер, шығыңдар Бабылдан! Күнә атаулыға жоламай, сол жерден шығыңдар! Жаратқан Иенің (киелі үйінің) бұйымдарын көтеріп алып жүретіндер, өздеріңді Оған бағыштап, тазару рәсімінен өтіңдер! | |
Isai | Kaz | 52:12 | Сендер жау елінен қашып жүгірмей, асықпай шығасыңдар. Себебі Жаратқан Ие алдарыңнан жүріп, сендерді жетелейді; Исраилдің сиынған Құдайы өздеріңді арттарыңнан да қорғап жүретін болады. | |
Isai | Kaz | 52:13 | (Тәңір Ие былай дейді:) «Біліп қойыңдар, Менің Қызметшім ақыл-парасатпен әрекет жасайды. Ол беделі артып, дәрежесі жоғары көтеріліп, ұлан-ғайыр дәріптелетін болады. | |
Isai | Kaz | 52:14 | Оған қарап көпшілік аң-таң болды. Себебі Қызметшімнің ұсқынының бұзылғаны сонша, тіпті адам сияқты көрінбеді. Оның түр-тұрпаты адам баласына ұқсамай қалды. | |