ISAIAH
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
Chapter 24
Isai | Kaz | 24:1 | Біліп қойыңдар, Жаратқан Ие жерді ойрандап, құнарсыз қылмақ! Ол жер бетінің күл-талқанын шығарып, тұрғындарын шашыратып жібермек. | |
Isai | Kaz | 24:2 | Бәрінің басына түскен жағдай бірдей болады: не қарапайым халық, не діни қызметкер болсын, не құл-күң, не қожайыны болсын, не сатып алушы, не сатушы болсын, не жалға алушы, не жалға беруші болсын, не қарыз алушы, не қарыз беруші болсын: барлық адамдардың тағдыры бірдей болады. | |
Isai | Kaz | 24:4 | Жер құрғап кеуіп, бүкіл дүние әлсіреп, солып қалады. Жердің жоғары мәртебелі адамдары да әлсіремек. | |
Isai | Kaz | 24:5 | Адамдар Құдайдың заңы мен ережелерін бұзып, Оның мәңгілікке жасаған Келісіміне опасыздық жасауларымен жерді арамдады. | |
Isai | Kaz | 24:6 | Сондықтан да қарғыс жерді жалмайды. Оның тұрғындары өз кінәларының жазасын тартып, отпен жойылады. Аздаған адамдар ғана тірі қалады. | |
Isai | Kaz | 24:7 | Жүзім бұталары кеуіп кетіп, шырыны азаяды. Бір кезде сауық-сайранға салынып көңіл көтергендер енді қайғырып күрсінетін болады. | |
Isai | Kaz | 24:8 | Даңғыра мен жетігеннің көңілді үндері мен ермекке салынғандардың у-шуы басылып қалған. | |
Isai | Kaz | 24:11 | Көшедегі адамдар шараптың жоқтығынан шулайды. Шаттық түңілумен алмасқан, қуаныш жер бетінен ғайып болған. | |
Isai | Kaz | 24:13 | Бүкіл жер бетіндегі халықтар, міне, осындай жағдайға ұшырайды. Бұл жайт жұрттың зәйтүн ағашын соғып шайқалтып, жемістерін жинағанына, әрі жүзім бұтасындағы жүзім шоқтарының үзіліп алынып, біразы ғана қалған кезге ұқсайды. | |
Isai | Kaz | 24:14 | Ал осы жазадан аман қалғандар көңілді ән салмақ, олар батыс жақтан Жаратқан Иенің ұлылығын паш ететін болады. | |
Isai | Kaz | 24:15 | Сондықтан, уа, шығыстағылар, сендер де Оны мадақтаңдар! Теңіз жағалауларын мекендеуші халықтар да, Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің есімін дәріптеңдер! | |
Isai | Kaz | 24:16 | Әлемнің түкпір-түкпірлерінен біз: «Хақ Тағала даңқталсын!» деген әндерді естиміз.Алайда мен былай деймін: «Әттеген-ай, сорлы басым, мен қасіретке қаламын! Сатқын сатқындығын, опасыз опасыздығын қаталдықпен жалғастыра береді». | |
Isai | Kaz | 24:18 | Қорқыныштан қашатындар орға түседі, ал ордан өрмелеп шыққандар тұзаққа түседі.Себебі «аспан қақпалары» айқара ашылып, жердің негізі сілкінеді! | |
Isai | Kaz | 24:20 | Жер мас адамдай теңселіп, дауылдағы лашықтай шайқалады. Жер өзінің бүлікшіл істерінің салмағынан төмен тартылады. Ол құлап, енді қайтып көтерілмейді. | |
Isai | Kaz | 24:21 | Сол кезде Жаратқан Ие аспанның заңғар биігіндегі күштілердің үлкен тобына және жер бетіндегі патшаларға назарын аударып, жазаларын тартқызбақ. | |
Isai | Kaz | 24:22 | Олар зындандағы тұтқындардай жиналып, бірге қамалады. Ұзақ қамалғаннан кейін олар Құдайдың назарына қайтадан ілігеді. | |