Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
ISAIAH
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 40
Isai Kaz 40:1  — Халқымды Менің жұбатыңдар,Көңілін оның орнықтырыңдар! —Дейді сендер сиынған Құдай Иең. —
Isai Kaz 40:2  Иерусалимге жылы сөз айтыңдар,Мына хабарды оған жариялаңдар:«Өтіп кетті басыңдағы ауыр кезең,Кінәңнің құны өтеліп, кешірілдің!Себебі Жаратқан Иенің қолы сағанБар күнәңнің жазасын берді молынан».
Isai Kaz 40:3  Жар салған дауыс шығады айдалада:«Жаратқан Иеге жолды дайындаңдар!Құдайымызға арнап иен даладаТүзу қылып даңғыл жолды салыңдар!
Isai Kaz 40:4  Жолдағы сай-салалар толтырылсын,Әрі тау-төбелер аласартылсын,Бұралаң жерлері де түзетілсін,Ой-қырлары да түгелдей тегістелсін!
Isai Kaz 40:5  Сонда Жаратқан Иенің ұлылығыБар адамзатқа көрінетін болады,(Оның өз халқын құтқарып алғанын)Барлығы да ап-анық көре алады.Себебі Жаратқан Иенің ӨзіОсы бұйрықтарды шығарған еді».
Isai Kaz 40:6  — Жар сал! — деп бір дауыс бұйырды.— Не туралы жариялайын? — деп сұрады хабаршы.— Күллі пенде атаулы көк шөп секілді! Бар салтанаты мен сенімділігі дала гүлдеріндей өткінші:
Isai Kaz 40:7  Жаратқан Ие ыстық лебін үрлесе, шөп қурап, гүлдер солып қалады. Шынында халық сондай шөпке ұқсайды!
Isai Kaz 40:8  Шөптер сарғайып қурап, гүлдер солады, ал Құдайымыздың сөзі мәңгі қалады.
Isai Kaz 40:9  — Ей, жақсы хабарды Сион халқына жеткізуші, биік тау басына шық! Иерусалимге ізгі хабарды әкелуші, бар даусыңмен айқай салып жарияла! Қорықпай Яһуданың қалаларына: «Міне, Құдайларың!» деп хабарла!
Isai Kaz 40:10  Біліп алыңдар, Жаратушы Тәңір Ие жуырда зор құдіретімен келіп, билікті өз қолына алады. Жеңісінің олжасы мен сыйы Оның қасында: азат еткен халқы алдында жүреді.
Isai Kaz 40:11  Тәңір Ие оларды ізгі шопандай бағады: «қозыларын» қолына алып, кеудесіне басып көтеріп, «саулықтарын» жайлап алға бастап жүреді.
Isai Kaz 40:12  Кім теңізді алақанымен сарқып өлшеген,Аспанды қарысымен қамтып белгілеген?Кім жердің топырағын себетке салған,Тау-төбелерді де таразыға тартқан?
Isai Kaz 40:13  Кім Жаратқанның ақыл-ойын ұққан,Кеңесшісі болып бағыт берді Оған?
Isai Kaz 40:14  Жаратқан Ие кіммен ақылдасқан,Кім түсінік беріп те еді Оған?Кім Жаратушыны білімге үйреткен,Оған даналық жолын да нұсқаған?
Isai Kaz 40:15  Қайта, бар халықтар судың шелектегіТамшысындай ғана болып көрінеді,Таразыға қонған шаң-тозаң іспеттіОлар да салмақсыз деп есептеледі.Құдай аралдарды түйіршік секілдіОп-оңай қолына алып көтереді.
Isai Kaz 40:16  Ливан тауындағы бар мал ТәңіргеАрнап құрбандыққа шалынып, өртелсе,Олар да жеткілікті болмас еді!Ливан ормандары құрбандық отынаЖетпей қалар да еді жағылуға.
Isai Kaz 40:17  Бар халықтар Жаратқанның алдындаОнша маңызсыз болып саналады,Олар Құдай Иемен салыстырғандаМүлдем жоқ, мағынасыз болып шығады.
Isai Kaz 40:18  Сонда Құдайды кімге теңейсіңдер,Қандай бейнеде елестетесіңдер?!
Isai Kaz 40:19  Ұста болса, тәңір мүсінін қалыпқа құйып жасайды. Кейін зергер соны алтынмен қаптап, күмістен шынжыр бауларын дайындайды.
Isai Kaz 40:20  Ал кедейлер мұндай қымбат тартуды ұсына алмайды. Сондықтан олар шірімейтін қатты ағашты таңдап алып, жақсы шеберді де іздеп табады. Шебер сол ағаштан жалған тәңірдің бейнесін мүсіндеп, оны бір жерге қозғалмастай етіп орнатады.
Isai Kaz 40:21  Мынаны естіп, білмейтін бе едіңдер, әуел бастан-ақ ешкім оны сендерге айтпады ма? Жер жаратылғаннан бері мынаны түсінбейтін бе едіңдер:
Isai Kaz 40:22  Жасаған Ие жер шарының үстіндегі «тағында» отыр! Жер бетіндегілер Оның алдында шегірткелердей кіп-кішкентай.Жаратқан Ие аспанды шымылдықтай жайып жібереді, оны шатырдай тігіп, Өзіне мекен етеді.
Isai Kaz 40:23  Құдай жердің әміршілерін түкке тұрғысыз етіп, осы дүниенің билеушілерін күшінен айырады.
Isai Kaz 40:24  Олар жуырда жерге себілген не отырғызылған, енді ғана тамыр жайған өсімдіктерге ұқсайды: Жаратқан Ие ыстық лебін үрлегенде солар бірден кеуіп, солып қалады. Содан қатты дауыл оларды қауыздай ұшырып әкетеді.
Isai Kaz 40:25  «Сендер Мені кімге ұқсатасыңдар,Кіммен Мені салыстырасыңдар?» —Деп сауал қояды Киелі Құдай.
Isai Kaz 40:26  Аспанға көз жіберіп қараңдаршы:Кім жаратты ондағы жұлдыздарды?!Бір-бірлеп алып шығып шоқжұлдыздарды,Ол әрқайсысын өз атымен шақырады.Жаратқанның құдіреті сонша зор болып,Біреуі шет қалмай, бәрі Оған бағынады.
Isai Kaz 40:27  Жақыптың әулеті, неге шағым айтасың,Исраил халқы, неге былай деп налисың:«Жүрген жолым Жаратқаннан жасырынған,Мүддем Құдайымның назарынан тыс қалған!»
Isai Kaz 40:28  Сен мынаны естіп, білмеуші ме едің:Мәңгілік Құдай — сенің Жаратқан Иең,Шексіз зор даналығы Өзінің,Ол жаратты жердің түкпір-түкпірін!Ешқашан Құдай шаршап-шалдықпайды,
Isai Kaz 40:29  Қалжырағанға Ол қуат сыйлайды,Қажып, шаршағанға күш табыстайды.
Isai Kaz 40:30  Жасөспірімдер әлсіреп шаршайды,Тіпті жігіттер де сүрініп құлайды,
Isai Kaz 40:31  Ал сенім артқандар Жаратқан ИегеЖаңа күш-қуатты иемденеді де,Қырандай қанаттарын жайып кеңістіккеСамғай жөнеледі, алайда талмайды,Жүре береді, бірақ еш болдырмайды.