ISAIAH
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
Chapter 63
Isai | Kaz | 63:1 | — Едом еліндегі Босорадан келе жатқан, қан қызыл шапан жамылған мына Кісі кім екен? Сән-салтанатпен киініп, зор күшпен алға басқан Бұл кім Өзі? — Ол:— Мен әділдікті айтамын, құтқаруға құдіреттімін, — дейді. | |
Isai | Kaz | 63:2 | — Неліктен киімдеріңіз бен шапаныңыз қып-қызыл? Олар арнайы шұңқырда жүзімді таптап, қызыл шырынын сығып шығаратын кісінің киіміндей қан қызыл ғой? | |
Isai | Kaz | 63:3 | — Мен «жүзімдерді» жалғыз таптадым, халықтардан ешкім қасымда болып көмектеспеді. Ашуға мініп, зұлым жауларымды таптап, қаһарлана басып-жаншыдым. Солардың қаны шапаныма шашырап, барлық киімдерім де ластанды. | |
Isai | Kaz | 63:4 | Мен халқымды езгіден құтқаратын жыл келді, арамза жауларыма жазаларын тартқызатын мезгіл жетті деп ұйғардым. | |
Isai | Kaz | 63:5 | Айналама қарасам, Маған көмектесіп, сүйеніш болатын ешкімнің жоқтығына қатты таңғалдым. Сонда құтқаруды өз құдіретті қолыммен іске асырдым, өз қаһарым Өзіме сүйеніш болды. | |
Isai | Kaz | 63:6 | Мен ашуға мініп, зұлым халықтарды таптадым. Оларды қаһарыммен мас қылып теңселтіп, қандарын жерге төктім. | |
Isai | Kaz | 63:7 | Жаратқан Иенің берік мейірімін,Біз үшін жасаған бар игі істерінМен есіме түсіріп дәріптеймін.Иеміз Исраил халқына молынанКөрсетіп келеді мейірімділігін,Аямай төккен шексіз рақымыменТәңір істеп келеді зор игіліктерін. | |
Isai | Kaz | 63:8 | Жаратқан Ие былай деген болатын:«Шынында олар Менің меншікті халқым,Алдамайтын рухани балаларым».Содан Ол халқын құтқармақшы болды. | |
Isai | Kaz | 63:9 | Олар азап шеккен кездің бәріндеЖаратқан Ие бірге азап шекті,Өзінің қасындағы періштесіТаңдаған халқын қорғап-қоршап жүрді.Құдайымыз сүйіспеншілігіменЖәне мол қайырымдылығыменХалқын құтқарып алып, бүкіл өткенЗаманда Қамқоршысы болып келген. | |
Isai | Kaz | 63:10 | Ал өз халқы Құдайға қарсы көтерілді,Киелі Рухын қатты ренжіте берді.Сондықтан Тәңір оның жауына айналды,Халқына қарсы Өзі күреске шықты. | |
Isai | Kaz | 63:11 | Сонда Оның халқы ежелгі заманды —Мұса пайғамбар мен оның қасындағыХалқының тарихын естеріне алды:«Бағушысы Мұсамен бірге халықтыТеңізден өткізіп, басшыларынаӨзінің Киелі Рухын қондырғанСол Жаратқан Иеміз қазір қайда? | |
Isai | Kaz | 63:12 | Өзі Мұсаны ұлы құдіретіменҚолынан ұстағандай болып жетелеген,Алдынан теңіз суын қақ айырған,Халқын теңіз түбімен бастап алып шыққан,Өз даңқын мәңгілікке нық орнатқанҚұдай Иеміз қазір қайда екен?Олар кең далада көсіле шапқанСайгүліктей терең теңіз түбіненЕшбір сүрінбестен-ақ өте шықты. | |
Isai | Kaz | 63:13 | Өзі Мұсаны ұлы құдіретіменҚолынан ұстағандай болып жетелеген,Алдынан теңіз суын қақ айырған,Халқын теңіз түбімен бастап алып шыққан,Өз даңқын мәңгілікке нық орнатқанҚұдай Иеміз қазір қайда екен?Олар кең далада көсіле шапқанСайгүліктей терең теңіз түбіненЕшбір сүрінбестен-ақ өте шықты. | |
Isai | Kaz | 63:14 | Шұрайлы сайға түскен мал сияқтыХалқына Жаратқан Иенің РухыСыйлады тыныштық пен амандықты».О, Құдай, осылай халқыңды ӨзіңніңЕжелгі замандарда бастап жүрдің,Осы бір құдіретті істеріңменМәңгілік өшпейтін даңққа кенелдің. | |
Isai | Kaz | 63:15 | Уа, Жаратқан Иеміз, енді көктен,Қасиетті, салтанатты мекеніңнен,Қайтадан бізге назар аудара гөр!Өз қайрат-жігерің мен құдіретің,Зор жанашырлығың мен қайырымыңҚазіргі уақытта қайда екен?Неге рақымыңды аяйсың бізден? | |
Isai | Kaz | 63:16 | Себебі Сен рухани Әкемізсің,Түпкі аталарымыз ЫбырайымМен Исраил бізді танымайды екен,Ал Сен, Жаратқан Ие, бізге Әкесің,Ежелден-ақ мынау болды өз есімің:«Құтқарып алған Қамқоршымыз біздің». | |
Isai | Kaz | 63:17 | Уа, Жаратқан Ие, бізге неліктенЖолыңнан тайып кетуге жол бердің?Неге жүрегіміздің қасарысып,Өзіңді сыйламауына жол бердің?Қайтып келе гөр қызметшілеріңнің,Меншікті руларыңның, мүддесі үшін! | |
Isai | Kaz | 63:18 | Сенің халқың біраз уақытқа ғанаИе болды қасиетті орныңа.Енді жауымыз ғибадатханаңдыТас-талқан етіп, таптап тастады. | |