Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
ISAIAH
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 62
Isai Kaz 62:1  Мен Сионды сүйіп, Иерусалимнің құтқарылуын зарыға күткендіктен тынши алмаймын. Оның әділдігі таңғы шұғыладай жарқырап, құтқарылуы алаудай лаулап жанбайынша, Құдайға жалбарынудан бас тартпаймын!
Isai Kaz 62:2  Сион, сол кезде барлық ұлттар әділдігіңді көріп, патшалары да салтанатты ұлылығыңа көздерін жеткізеді. Жаратқан Ие саған қойған жаңа атыңмен аталатын боласың.
Isai Kaz 62:3  Сен Құдай Иеңнің қолында патшаның керемет әдемі тәжі іспетті болып көрінесің.
Isai Kaz 62:4  Бұдан былай ешкім сені «күйеуі тастап кеткен» деп атамайды, жеріңді «ойсырап қалған» деп те айтпайды. Қайта, сені «Қуанышым» және жеріңді «Келіншек» деп атайтын болады. Себебі Жаратқан Ие саған қатты қуанады. Күйеуінің келіншегін қамқорлайтынындай, Жаратушы да сенің жеріңді қамқорлайтын болады.
Isai Kaz 62:5  Жас жігіттің қызға үйленетініндей, сенің тұрғындарың өзіңмен тұрақты байланыс орнатады. Күйеу жігіттің қалыңдығына қуанатынындай, Құдайың да саған шаттанатын болады.
Isai Kaz 62:6  — Мен қамалыңның үстіне күзетшілер қойдым, уа, Иерусалим. Олар күндіз-түні үнсіз қалмай, мінажат етуге тиіс.Ей, Жаратқан Иеге сиынатындар, ешқашан жалбарынуларыңды доғармаңдар!
Isai Kaz 62:7  Иә, Жасаған Ие Иерусалимді қайтадан салғызып, жер бетінде оның даңқын асырмайынша, Оған үздіксіз сиынып сұрай беріңдер!
Isai Kaz 62:8  Жаратқан Ие ант етіп, мынадай уәде берген еді, соны Өзінің құдіретті оң қолымен ешбір шүбәсіз іске асыратын болады:— Енді қайтып сені жауларыңа жеңілдірмеймін! Оларға астығыңды тамақ етіп тапсырмаймын, әрі ауыр еңбек сіңіріп шығарған жүзім шырыныңнан да бөтен елдіктерге тегін ішкізбеймін!
Isai Kaz 62:9  Қайта, өнімді жинағандар жеп, Маған, Жаратқан Иеге, шүкірлік етпек. Жүзімді жинағандар да оның шырынын Менің киелі үйімнің ауласында мейрамдап ішетін болады.
Isai Kaz 62:10  Қақпадан өтіп, далаға шығыңдар,Халқыма жүретін жолын дайындаңдар,Бөгет болған тастарды алып тастаңдар,Биік етіп даңғыл жолды салыңдар!Белгі ретінде басқа халықтарғаТуды тігіп қойыңдар жоғарыға!
Isai Kaz 62:11  Құлақ түріңдер, Жаратқан Ие жердің түкпір-түкпіріне былай деп жариялайды:— Сион қаласына айтыңдар: Міне, сені құтқаратын Қамқоршың келе жатыр! Жеңісінің олжасы мен сыйы Оның қасында: азат еткен халқы алдынан жүреді.
Isai Kaz 62:12  Олар «Жаратқан Иенің құтқарып, Өзіне бағыштаған халқы» деп аталады. Уа, Иерусалим, сен бұдан былай «күйеуі тастап кеткен» емес, «ерекше қалаулы қала» деп аталатын боласың.